Керек емес

26.09.2026 50

Керек емес мансабын да басқаның,

Маған бақыт жерді тірі басқаным.

Асыр салып, алаңсыз еркелеймін,

Кең көсілген даласында Арқаның.

 

Керек емес дүниең де байлығын,

Тіршіліктен тауып алам лайығын.

Алдама босқа мені, талпындырып,

Жалғыз есем тағдырымның қайығын.

 

Керек емес дәрежен де атағың,

Өз бағымды өзім ғана табамын.

Асқақ болып туған елдің төрінде,

Еркін ұлы болып мәңгі қаламын.

 

Керек емес маған жаттың көмегі,

Жүрек шіркін қайрат-күшке сенеді.

Дара жолмен биіктерге самғасам,

Өзге бақтың маған қандай керегі?

 

Керек емес жалған мақтау, жалыныш,

Бөтен сөздең болмас сірә маған күш.

Өрге қарай нық ұмтылған кезімде,

Тулап жатқан бойда асау сағыныш.

 

Керек емес алтын, гауһар жақұтың,

Өткінші ғой алдамшы бұл бақытың.

Жан дүниемді жылытатын бір сезім,

Жақыныммен өткен әрбір уақытым.

 

Сұрамашы «не қызықтырды»? - деп еш,

Алдан күтер әлі талай көп белес.

Аман болса әкем, анам, бауырым,

Өзгесінің бәрі маған түк те емес.

Пікір қалдыру: