Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Қараша қаздың қаңқылы
Қараша қаздың қаңқылы
Рейтинг: 5
ISBN:
9965- 672-64-4
Беттер саны:
151
Жанр:
Қараша қаздың қаңқылы
Қазақстан Журналистер, Қазақстан Жазушылар  Одағының мүшесі Яшүкірқызы Өріс көп жылдардан мемлекеттік қызметті атқара жүріп, шығармашылықты қоса жалғастырды. Оның бұрын жарық көрген «Боямасыз өмір», «Шенеунікше тактика» әңгімелер жинақтары, «Сексеуілдің шоғы» өлеңдер жинағы  оқырмандардан  лайықты бағасын алды. Мерейтойына арналған  бұл жинақтағы әр қырлы өлеңдер азаматтық рух пен  адамдық қасиеттерге құрылған. Өмір мен қоғам шындығы, сондай-ақ нәзік жандардың іңкәр сезімдері, пәк көңілдері айшықты суреттелген. «Жыландар кегі», «Таза дос» жыр-дастандарында ар мен намыс, «Пассуктің махаббаты» хикаятында шынайы махаббат үндеседі. Бұдан басқа республикалық басылымдарда  бұрын жарық көрген жырлары, сатиралық туындылары іріктелініп беріліп отыр.  Жинақ жалпы оқырманын, жыр сүйер қауымды бей-жәй қалдыра алмайды. 
Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар