Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Әдеби жәдігерлер 2 том
Рейтинг: 0.000
ISBN:
9965–806–55–1
Беттер саны:
592 бет
Жанр:
Әдеби жәдігерлер 2 том
Ұсыну

«Түрік тілдерінің жинағы (Түрік сөздігі)» — түрік дүниесінің әлемдік ғылым қазынасына қосқан ұлы мұрасы. Үш томдық бұл зерттеу еңбегі күллі түрік тілдерінің тұңғыш әрі аса терең мағыналы ғылыми сипаттамасы. Сахараның ұлы ғалымы, біртуар ойшылы, тіл зергері Махмұт Қашқари «Түрік тілдерінің жинағын» барлық түрік текті ұлыс, тайпаларды аралап жинап, зерттеп, талдап барып жазған. Күллі түрік елдерінің әдебиеті мен тілін салыстырмалы түрде зерделеп түзіп шыққан алғашқы энциклопедиялық кітап. Түрік тілінің тұңғыш та, әсте қайталанбайтын бірегей оқулығы.

XI ғасырдың бұл энциклопедиялық терең мазмұнды зерттеуі қазіргі түрік тектес ұлттардың ежелгі мәдениетінде қайта жаңғыру үрдісі жаңа бағыт алған тұста аса қажетті де пайдалы еңбек. Ана тіліміздің, туған әдебиетіміз бен мәдениетіміздің түп негіздері, төл заңдылықтары осы білікті зерттеу беттерінде жан-жақты көрініс тапқан. Қазақ ұлысының жаңа ғылымы да, таным дүниесі де, елдік қағидалары да осындай аталы дәстүрімізден қуат алып, нәр жинауы тиіс.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар