Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Қайрат Аскар - adebiportal.kz

Айтулы ақын, дара дарын иесі, өлең өлкесінде өзіндік бағытпен қалам сермеп келе жатқан Асқаров Қайрат Белгібайұлы 1977 жылы 13 қаңтарда қарағанды облысы, қарқаралы ауданы, Бесоба ауылында үниеге келген.

Қарағанды қаласындағы Н.Нұрмақов атындағы №2 мектеп-интернатында білім алып, 1994-1998 жж. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтаған. Аталмыш оқу орнын тәмәмдаған соң, өзі біілім алған Н.Нұрмақов атындағы №2 мектеп-интернатында абыроймен ұстаздық қызмет еткен.

2003 жылдан бері Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіндегі қазақ әдебиетті кафедрасында оқытушы қызметтін атқарып келеді. Қарағанды қаласының «Болашақ» колледжінің оқытушысы.

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Республикалық жыр мүшайраларының бірнеше дүркін жүлдегері.

2011 жылдың маусымында Мәдениет және ақпарат министрлігі тапсырысы бойынша «Дауыс» атты жыр жинағы «Жалын» баспасында жарыққа шықты.

Шығармалары:

  • Асқар, Қ. Дауыс [Мәтін] : өлеңдер / Қ. Асқар. - Алматы : Жалын баспасы, 2011. - 120 б. - (Жас толқын).
05.07.2017
Бөлісу:
Пікір қалдыру:

Көп оқылғандар