Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Алқа» гранты жалғасуда...

10.05.2024 2130

«Алқа» гранты жалғасуда 14+

«Алқа» гранты жалғасуда - adebiportal.kz

Құрметті, «Алқа» грантының қатысушылары!

Грант туралы ақпарат жарияланғаннан бастап бізге 20 шығарма келіп түсті. 

Белгілі әдебиеттанушы, ғалым, қаламгерлерден құралған сарапшылар тобы келіп түскен повестердің бірін қалдырмай оқып шықты. Бір ескеретіні, сарапшылар шығармалардың авторын білген жоқ. Себебі  ұйымдастырушылар автордың емес, шығарманың  әділетті бағалануына айырықша мән берді. Осыған орай сарапшы мамандар шығарманың жазылу шеберлігіне, көркемдігіне,  байқау жариялаудағы баспаның шартымен сәйкес келуіне  және идеясына  баға берді. 

Келіп түскен 20 шығарманың ішінен көркемдігі мен жазу шеберлігі жағынан ерекшеленген 4 шығарма сарапшылар тобының талқысына қайта түсті.  Талқы кезінде сарапшылар «Алқа» грантына үміткер шығармалардың төртеуін де «грант талаптарына сай жетілдіруді талап етеді» (келіп түскен шығармалардағы әйел әлі де әлжуаз, қиындықтарға қарсы тұра алмайтын көнбіс болып шықты, яғни шартта көрсетілген жасампаз, батыл тұлға деңгейінде көріне алмады) деген қорытындыға келді. 

Осы қорытындыға сәйкес ұйымдастырушылар грантқа шығарма қабылдау уақытын ұзартты. 

Шығармалар 2024 жылдың 31 тамызына  қабылданады. Грант жеңімпазына берілетін 1 млн теңге өз иесін күтеді. 

Осы уақытқа дейін шығарма жіберген үміткерлер повесін төмендегі талаптарға сай жетілдіріп, қайта жібере алады, немесе жаңа шығармасын байқауға жолдай алады. Сондай-ақ, бұған дейін қатысып үлгермеген басқа авторлардан да жаңа шығармалар қабылданады. 

Көпшіліктің өтініші бойынша ұйымдастырушылар «Алқа» грантының талаптарын қайта жариялап отыр:

• Шығарма көлемі: 50-70 бет, (бір бет 1800 таңба, бос орынсыз) 

• Жанры: повесть

• Қозғайтын тақырыбы: 

білімді, жасампаз, қазақ әйелінің бейнесін ашу арқылы қазіргі кезеңдегі актуалды мәселерді қозғайды. Білімімен, әрекетімен, талпынысымен, күш-қуатымен барша әйелге үлгі боларлық заманауи кейіпкердің тағдырын динамикалық тұрғыда, барша шиеленісімен, психологиялық ішкі иірімдерімен  толықтай, терең ашуы талап етіледі.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар