Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Сейтен Сауытбековтың төрт томдық шығармалар жинағы...

03.05.2016 4297

Сейтен Сауытбековтың төрт томдық шығармалар жинағы жарық көрді

Сейтен Сауытбековтың төрт томдық шығармалар жинағы жарық көрді - adebiportal.kz


Көкшетау топырағында Оныншы Халықаралық «Сейтен тағылымы» атты ғылыми конференция болып өтті.


856A3396.JPG

Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесімен ұлт игілігіне арнаған ғұлама ұстаз, өз заманының білгір педагогы, ұстаздың ұстазы атанған Сейтен Лиманұлы Сауытбековтың 109 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға Қазақстан Жазушылар Одағының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Төлеген Қажыбай, «Көкшетау» қалалық газетінің редакторы Серік Жетпісқалиев, ақын Бауыржан Қарағызұлы, Көкше академиясының профессорлық оқытушылық құрамы және студенттері, Сейтен Сауытбековтың туыс-туғандары және көкше өңірінің зиялы қауым өкілдері қатысты.


Конференция барысында Солтүстік Қазақстан мектептерінде табан аудармай қырық жылдан астам уақыт еңбек еткен білікті ұстаз Сейтен Лиманұлының әдеби-педагогикалық мұраларына ғылыми тұрғыда зерттеулер жасалып, тың көзқарастар білдірілді. Ұлағатты ұстаздың кісілік келбеті, тағылымға толы туындылары жөнінде бірқатар тың пікірлер мен ұсыныстар айтылды.


Конференцияның шымылдығын Сейтен Сауытбековтың қызы Қасымова Гүлнар Сейтенқызы ашып, конференция қонақтары мен қатысушыларына сәттілік тіледі. Аталмыш конференцияның модератор қызметін атқарған Молғаждаров Қасиет Кәкенұлы әр оқылған мақаланы қорытындылап, түйін жасап отырды. Жиын барысында академия оқытушыларынан бөлек ұстаздың ұлы Сейіл Сейтенұлы да сөз сөйледі.


Конференция барысында Сейтен Сауытбековтың төрт томдық толық шығармалар жинағының таныстырылымы болып өтті. Поэзия және прозалық шығармалары жинақталған бірінші, екінші томы бойынша Көкше академиясы «Қазақ филологиясы және шет тілдері» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Мейіржан Әбдіқадырұлы Топашев баяндама жасады, Педагогикалық және этнографиялық материялдардан жинақталған «Тағылым тегі» атты үшінші томы бойынша академияның «Қазақ филологиясы мен шет тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Қалел Самарқан баяндама жасады.


Сонымен қатар Сейтен Лиманұлының ұлттық кітапханада жұмыс атқарған кездегі жасаған еңбегі туралы ф.ғ.к Қажыбай Аян Төлегенұлы баяндама жасады.


Сейтен Лиманұлы ұзақ жылдар қызмет еткен, бүгінде ұстаз есімі берілген Солтүстік Қазақстан облысындағы Балуан мектебінің ұжымы келіп қатысып, Сейтен Лиманұлы туралы естеліктер айтты.


Конференция соңында Сейтен Сауытбековтың баспадан жаңа шыққан төрт томдық шығармалар жинағы конференция қонақтарына табысталды. Сейтен Лиманұлы шығармашылығының әлі де зерттеуге зәру тұстарының көп екендігі алдағы болашақта бұл жұмыс жалғасын табатындығы туралы айтылды.


Сейтен Сауытбековтың төрт томдық шығармалар жинағы: 1-том2-том3-том4-том.


adebiportal.kz


856A3358.JPG


856A3349.JPG


856A3350.JPG


856A3353.JPG


856A3363.JPG


856A3385.JPG


856A3390.JPG


856A3424.JPG


856A3425.JPG



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар