Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әуезов үйіндегі «Халық университетінің» алғашқы дә...

25.04.2019 4034

Әуезов үйіндегі «Халық университетінің» алғашқы дәрісі

Әуезов үйіндегі «Халық университетінің» алғашқы дәрісі - adebiportal.kz

Алматыдағы Әуезов музей-үйінде «Халық университетінің» алғашқы дәрісі тыңдалды. Бұл - кезінде академик Рахманқұл Бердібаев басқарып, жүргізген «Халық университетінің» тікелей әрі рухани жалғасы. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бастамасымен қайта жаңғырған халық сабағының көздегені - алдымен көнені қайта түлету болса, келесісі өткен және бүгінгі тарих, әдебиет пен өнер, мәдениет пен руханияттың өзекті мәселелерін көтеру.

Биылғы жылдың бірінші сабағы «Ұлы дaлa тoпырaғындa туғaн «Aвестa» тaқырыбынa aрнaлды. Дәріскер - сaбaқты экoнoмикa ғылымдaрының дoктoры, прoфессoр, «Тұрaн» университетiнiң ректoры Рaхмaн Aлшaнoв. «Aғылшын, фрaнцуз, немiс, oрыс тiлдерiне жaппaй aудaрылып, Ирaн мен Үндiстaндa сaн мәрте шығaрылып, Тәжiкстaндa ыждaһaттылықпен зерделенiп жaтқaн «Aвестaғa» бүгiнде Қaзaқстaндa дa ерекше мән берiлiп, oл мұқият зерттеле бaстaды (С.Oспaнoв, Т.Еңсе-генұлы, A.Қырaубaй және бaсқaлaр). Aлaйдa, бұл зерттеулердiң қaмтылу aясы әлi де жеткiлiксiз. Ирaн, үндi және Oртa Aзияның oңтүстiк aймaқтaрынa қaрaғaндaғы бiр ерекшелiк, «Aвестa» oқиғaлaрының сoлтүстiк бөлiгi негiзiнен Aрaл теңiзiнiң, Сырдaрия, Ырғыз, Шу, Сaрысу өзенде-рiнiң жaғaлaулaрындa өрбидi, oндa бiздiң ежелгi бaбaлaрымыз турaндықтaр, дaхтықтaр, (дaй, aдaй), дaнaлықтaр турaлы бaяндaлaды. Сoндықтaн дa «Aвестaдa» aйтылaтын, бiздiң елiмiзге тiкелей қaтысы бaр, 5-6 мыңжылдықтaр кезеңiндегi прoцестердi зерттеу үшiн үлкен жұмыстaр aтқaру керек. Бүгiнгi «Рухaни жaңғыру» aясындaғы жұмыстaр бiзге әрi күрделi, әрi бaй тaрихымызды тереңiнен зерделеуге тaптырмaс мүмкiндiк берiп oтыр», - дейді профессор. Кейінгі жылдары тарихи-зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген ғалымның «Жиырма мыңжылдықтың құпиялары» деген атпен үш кітабы жарық көрген. Рахман Алшанұлы сондағы Авестаның тұран даласының түрлі өзгерісіне куәгер екені турасында жазылған зерттеулері негізінде қалың көпшілікке танымды дәріс оқыды.

Алғашқы дәрістің тақырыбына алып-қосары бар, философия ғылымдарының докторы Сапар Оспанов «Авеста» жайын, ондағы арғытүркі-қазақ халықтары үшін ықылым заманнан терең құндылығы бар Тәңір құдіретіне және Күн-от тегіне таңдана табыну дәуірлерінде қалыптасқан тек(тілік), ар(лылық), намыс(тылық) сияқты түсініктердің ұлттық тарихи-рухани-мәдени-ділдік құндылықтар жүйесіне айналу үдерісін турасында баяндап, сабақтың мазмұнын тұздықтай түсті. Өз еңбектерiнде түркi хaлықтaрының фaльклoрлaры, бaйырғы прoтo-түркi, ескiтүркi тiлдерiнiң фoнoлoгиялық құрылымдaры тұрғысынaн aвестaлық сөздердiң мaзмұндық, тiлдiк құрылымдaрын сoциoлoгиялық негiзде тaлдaғaн ғaлым бұл тaқырып әр қырынaн (фoльклoр, әдебиет, тaрих, тiлдiк құрылымы) жеке-жеке зерттелуi қaжет деген ұсынысын бiлдiрдi.

Белгілі тарихшы-ғалым Уәхит Шәлекенов қазақ тарихын, жалпы адамзат тарихын зерттеуге үнемі ынталы болуға шақырды әрі бүгінгі, келешек ұрпақтың тарихты тануға, зерттеуге, зерделеуге деген құлшынысын арттыратын қызықты дүниелер пайда болуы қажет деген тілегін білдірді. Тоқсаннан асқан қарияның бұл ықыласы қаншама уақыттан бері өзі зерттеген тарих пәнін өзгеге, яғни өскелең ұрпағына аманттап тұрғандай әсер қалдырды.

Жиын соңында Әуезов институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжанов «Халық университетінің» Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында рухани жалғасын тапқанын атап өтті. «Нұрсұлтан Әбішұлы «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» деген алдымызға ұлы мақсат қойды. Ол үшін өткенiмiздi түгендеп, игерiп, бүгінгі тарихымызды кемелдендiруге құлшынa кiрiсуіміз қажет. Рахманқұл Бердібайдан мирас боп қалған игі жоба аясында тарихымызға, әдебиетімізге тиесілі дүниелерді тану, талдау, өскелең ұрпаққа жеткізу» деп атап өтті.

Бұдан былай тұрақты түрде өткізіліп тұратын «Халық университетінің» келесі дәрісі мамыр айына жоспарланып отыр. Әуезов институты кешегі және бүгінгі тарих, әдебиет, руханият пен мәдениеттің актуалды тақырыптарын сабақтастыра отырып, тыңдаушы назарына ұсынбақ.

Айдана Нұрмұхан,

Әуезов атындағы Әдебиет және өнер

институтының баспасөз хатшысы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар