Кеше Назарбаев университетінде Юнус Емре түрік мәдени орталығының ұйымдастыруымен танымал тарихшы, түрколог, профессор Ильбер Ортайлының «Түркі әлемі және түркологияның мәселелері» атты тақырыбындағы конференциясы өтті.
Конференцияның жүргізушісі - Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы директорының міндетін атқарушы Алмагүл Исина. Конференцияның кіріспе сөзін Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык қатысушыларға сәттілік тілеп, ризашылдығын білдірді. Сондай-ақ, Назарбарбаев университеті Қазақ тілі және түркітану кафедрасының меңгерушісі Юлай Шамилоғлы қызықты да әсерлі естеліктерімен бөлісті.
Конференцияның мақсаты – түрік тілінің маңызы, айтылуы мен жазылуы, жалпы түркі тілдерінің қолдану аясы мен түркологияөзекті мәселелерін анықтау, Түркі әлеміне қатысты ортақ құндылықтарды насихаттау.
Ильбер Ортайлы - Ресей Ғылым Академиясы шығыстану институтының құрметті профессоры, Халықаралық Османлы зерттеулер комитетінің, Еуропадағы Иран зерттеулері қоғамының, Австрия-Түркия ғылыми форумының, Босния-Герцоговиния, Македония мен Черногория ғылым және өнер академиясы мүшесі.
Тарихшы, түрколог профессор Ильбер ОРТАЙЛЫ 1970 жылы Анкара университетінің Тіл және тарих-география факультетінің “Тарих” бөлімін бітірген. Танымал ұстаздары - Шериф Мардин, Халил Иналджык, Мүмтаз Сойсал, Илхан Текелі, Мүбеджел Кырай.
Ол конференция барысында Түркия тарихын терең зерттеумен қатар қалың көпшіліктің назарын Түркияның тарихына аударды. Жастардың әліпбиге, тарихқа деген қызығушылықтарын оятып, конференция соңында сан түрлі сұрақтарға жауап берді.
Шараға шетелдік және еліміздің зиялы қауым өкілдері, түрколог ғалымдар мен студенттер қатысты.
Өмір жолы
Ильбер ОРТАЙЛЫ - Австрияның Брегенц қаласында қырым татары жаңұясында дүниеге келген. Екі жасында әке-шешесі Түркияға көшкен. Бастауыш мектепті Ыстамбұлдағы Австрия лицейінде оқып, 1965 жылы Анкарадағы Ататүрік лицейін бітірген. Сондай-ақ, Вена университетінде слав және Шығыс Европа тілдерін меңгерді. Ол ағылшын, неміс, орыс, француз, парсы және латын тілдерін меңгерген.
Магистратурасын Чикаго университетінде әлем дейгейінде танымал тарихшы Халил Иналджыктың жетекшілігімен тәмәдаған. 1974 жылы Анкара университеті саяси білімдер саласында «Танзиматтан кейінгі жергілікті басқару орындары» атты докторлық диссертациясын қорғап шықты. 1979 жылы «Османды императорлығы кезіндегі немістердің ықпалы» атты ғылыми еңбегі арқылы доценттік атаққа ие болды.
1982 жылы университеттердегі қызметінен өз еркімен кеткен. Осы кезеңде ол Вена, Кембридж, Берлин, Йерусалим, Оксфорд Париж, Принстон, Мәскеу, Рим, Мюнхен, Страсбург, Йания, София, Киль және Тунисте дәрістер, семинарлар мен конференциялар өткізді.
1989 жылы Түркияда профессор болды. 1989-2002 жылдары аралығында Анкара университеті саяси ғылымдар факультетінің басқару тарихы кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етті. 2002 жылы Галатасарай университеті, 2004 жылы Билкент университетінде қызмет атқарған. Қазіргі уақытта Галатасарай университетінің заң факультеті мен Билкент университетінің заң факультетінде сабақ беріп келеді. XVI-XIX ғасырларда Османлы және Ресей тарихы туралы мақалалары жарияланған. 2005 -2012 жылдары аралығында Топкапы Сарайының директоры қызметін атқарды.
2017 жылдың 29 қазанында Республика күні қарсаңында тарихи саладағы президенттік қабылдауда “Президенттік мәдениет және өнер” Гран-при сыйлығына ие болған.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.