Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Спецпроекты
Переводы
Якуб Өмероғлу: "Он доллар"

22.09.2016 3026

Якуб Өмероғлу: "Он доллар"

Язык оригинала: Он доллар

Автор оригинала: Yakup ÖMEROĞLU

Автор перевода: Маржан Ершу

Дата: 22.09.2016





On Dolar. 10.jpeg


   Таң сібірлеп ата бастағанда, ол мінген ұшақ жерге қонды. Ұшақтан түскен соң, жетер жеріне такси ұстайды. Одан бұрын кеден құжаттарына мөр соқтырып, паспорт бақылауынан өтеді. Бұл істерді бітірген кезде көзбен көргендеріңнің нәтижесінде сол барған еліңнің әлеуметтік жағдайы, білімі мен мәдениеті туралы ой қалыптастыруға болады. Өркениетті елдердің бұндай жұмыстарда ережелік талапқа сай қызмет көрсетілгендіктен құқық бұзушылық бола бермейді. Мәдениеті қалыптаса қоймаған мемлекеттерде ұшақ қонар-қонбастан адамдар тәртіп этикасын сақтамай бірін-бірі итеріп, тез далаға шығуға ұмтылады. Кейбірі ұялы телефонмен айқайлап сөйлесіп жұрттың мазасын да алады.


Қадыр жанындағы жанталасқан жұртқа бір қарап қойып, паспорт бақылауынан өту үшін кезекке тұрды. Қадырдың құжаттарына көз жүгірткен қызметкер асықпай қарап, тексеріп шықты да, мөр басып өзіне қайтарып берді. Ол сыртқы есікке беттеді. Есік аузында тізілген таксишілер. Басқа мемлекеттің ұшағына міну үшін Қадырға таксиге мініп, келесі кеден бақылау бекетінен өтуі керек. Арада ұзын қара жол бар. Шекара десе болады. Бұл жерге бейсауыт такси бара алмасы анық. Тізілген таксилердің ішінде ол баратын мемлекеттің такси нөмірі таңбаланған жүргізушінің жанына жақындады.


- Қайда барасыз, аға?- деді такси жүргізуші.


- Ханшайырына-, деді Қадыр.


- Жүз доллар! Түнгі тариф осындай-, деді таксист қулана жымиып.


- Таң атып келеді ғой. Қырық, – деді Қадыр.


- Онда елу доллар болсын!


Қадыр басын изеді. Таксист жігіт сөйлемпаз екен. Аузын жаппай сөйлеп келеді.


- Еуропадан қалай келдіңіз? Көрші мемлекетке барасыз ба? Онда сіз кеден бекетінен өткен соң әуежайыңызға жақындатып тастайтын таксист керек екен ғой сізге. Арғы бетте менің сенімді жолдастарым бар.


- Жақсы – деп келісе кетті Қадыр.


Жолда ала таяқ ұстаған жол полицейі кездесті. Оны көргенде таксист өз тілінде күбірлеп « парақорлар» деп үн қатты. Ханшайырға жеткесін, шөпір чемодан, сөмкелерін алып, таныс жүргізушісінің машинасына сала бастады. Қадыр таксиспен есеп айырылысты. Екінші таксист оны құжат бақылауынан күтетін болды. Бұл келгенде ешкім жоқ екен. Жас қызметкерге бас изей амандасып, құжатын ұсынды. Ол Қадырдың төлқұжатын қолына ұстап, шұқшия қарай бастады. Фотосын көрді де, Қадырдың бетіне іздеуде жүрген сезікті бір адамды көргендей көздерін бажырайтып, қабағын түйіп, ернін жымқырып сұп-суық қалыпқа енді. Одан әрі басқа беттерді аударыстырып, визасына шұқшиды. Үнсіздік орнады.


- Сіз жұмысқа келесіз бе?


- Иә-, деді Қадыр.


- Қандай жұмыс?


- Бір құрылыс мекемесінің бастығы.


- Бастық па?!


- Іім. Бастықтың көмекшісі.


- Солай деңіз. Онда маған 1OO доллар беріңіз.


- 1OO доллар . Не үшін береді екем?


Қызметкер Қадырдың сөзін естімегендей,- Қанша жылға келдіңіз?- деді.


-Төрт жылға.


- Біздің тілімізді меңгеріп алыпсыз.


- Иә. Алты ай курста оқығам.


Қадырдың тіл білгені үшін елу пайыз жеңілдік жасағандай, ол да қалыспай


- Онда елу доллар беріңіз-, деді.


- Не үшін береді екем? Құжаттарым дұрыс. Маған түсіндірші-, деген Қадырдың даусы құлаққа тым әмірлілеу естілді.


- Жұмыс жасауға рұхсат қағазыңыз бар ма?


- Бар. Мында тұр ғой -, деп Қадыр сұраған қағазын қолымен нұсқады.


Қызметкер басын көтерместен: - жиырма бес доллар -, деді де, қолына мөрін алып, тарсылдатып, төлқұжатқа белгі соға бастады. Қадыр не жыларын, не күлерін білмей қысылып кетті.


Қызметкер орнынан тұрып, бері келіңіз-, деп қолын көтеріп, жанына шақырды.


- Шәй ішейік, әңгімелесейік. Әлі де уақытымыз бар емес пе? – деді.


Қадыр оған жақындады. Ортаға қызылкүрең шәй келді. Шәйін бір ұрттап қойып қызметкер: - Тілді жақсы меңгеріп алыпсыз. Өзіңіз құрылыста білдей бастық екенсіз. Қадірлі Қадыр мырза! Он долларды сен бермесең, басқалар бермесе не болады? Осы орныма келгенде берген парамды кімнен жинап алам? Өзіңіз тәп-тәуір адамсыз! Осыны неге түсінбейсіз?- деп екі қолын құстың қанатындай қылып екі жаққа жайды. Қадыр не дерін білмей, қалтасына қолын сұғып, он долларды ұсынды. Сосын орнынан тұрып, ескі таныстарша қоштасып, шығар есікке беттеді.


Сыртта оны келіскен таксист тағатсыздана күтіп тұр екен.


- Кеттік,- деді Қадыр таксиге отырғасын. Қара жолмен такси жүйткіп келеді. Алда тұрған жол полицейін көріп, Қадырдың дегбірі қашты.


« Ойбай-ау, мыналар да он доллар сұраса, оны мен берем бе екен, әлде таксист береді ме екен» деп қалың ойға кетті....