Қайда?
Күн арайлап атады,
Ұясына қимай батады.
Батқан соң кешегідей тағы да
Сап-сары ай сығалап қайта тұрады.
Жоймайды уақыт барлығын;
Қалдырар тек қара дақ.
Қайсар жандар баз кешіп,
Қалдырмай кетті еш жұрнақ.
Батыл жандар қайда екен?
Көшелерге шығып өз еркімен
Халықтарды азат етіп,
Қапелімде тегеуріңді еңсерген
Лаң соғысқа батальон боп
аттанғандар қайда екен?
Сан толқуларда шейіт болған
Жанқияр жандар қайда екен?
Қапаланба. Келер заманның
қаламыз біз жадында. Тұрармыз әлі-ақ бірінші боп
Қайраттылар сабында.
Әлемиет қирауға шақ қалғанда
Әлжуаздың да туар сағаты.
Қолдағы амал таусылғанда
Пендені түзетер өзінің ғана ажалы.
Бұл жерді басып өтіп,
Шетқарыда иттей ғұмыр кешкен,
Соғыстағыдай өмір сүріп,
Ит өлімнің апанына түскен
Теріскейдегі Мураньядай,
Оңтүстіктегі қос Иберрадай
батыр жандар қайда екен?
Езгіге душар болған ба?
Ержүрек,табанды, ақ жандар?
Уақыттары әлде таусылып,
Азаптың шеңгелінде мәңгі қалған ба?
Хуан Мураньяның жадынан
Өшіпті жегілген ат пен арба да.
Морейроның қай мекенде бақи болғаны
Мен үшін қалды жұмбақ боп сонда да.
Қамықпа. Уақыттың қаламыз жадында...