Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кейіпкерлер
Ж
Жүсіп – Зылиха
Жүсіп – Зылиха
Рейтинг:

Жүсіп - Зылиха - ғашықтық дастан. Негізінен Інжіл мен Құрандағы Жүсіп пайғамбар туралы оқиғаға құрылған. Сюжеті Шығыстың көп ақындарының шығармаларына өзек болған. Оның ауызша нұсқаларымен бірге жазба нұсқалары да бар. Дастанның көне қолжазбалары Британия мұражайында және Будлин кітапханасында сақталған. Қазақ халқы арасына “Жүсіп – Зылиха” жыры ерте кезден-ақ кең тараған. Мыс., Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі Дүрбек ақын да оғыз-қыпшақ тілінде “Жүсіп – Зылиха” (1409) дастанын жазған. Дастанның 1516 ж. көшірілген ең көне нұсқасы Түркияның Топқани кітапханасында, ал 1563 ж. көшірілген 2-нұсқасы Париж ұлттық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы тұр. Дүрбек дастанға Алтын Орда мен Мауераннаһрда 14 - 15 ғ-ларда болған кейбір тарихи оқиғаларды өзек еткен. Дастанның негізгі идеясы - ел билеушілер арасындағы тәж бен тақ үшін, байлық пен мансап үшін жиі-жиі болатын қанды соғыстардың, ағайын адамдар арасындағы бақталастық пен алауыздықтың, шектен тыс қатыгездіктің зардаптарын көрсету. “Жүсіп – Зылиха” дастанының сюжетін өзге ақындар да нәзира үлгісімен қайта жырлаған. Мыс., қазақ ақыны Ж.Шайхысыламұлы да осы сюжетті арқау еткен “Жүсіп – Зылиха” қиссасын жазып, оны Қазан баспаларынан бірнеше рет (1898. 1901, 1913) бастырып шығарған.

Көп оқылғандар