Ермек батыр
'Ермек батыр - жыр. Еңлік пен Кебектен қалған бала Ермектің ер жеткен соң ата-анасының кегін қалай алғаны жайлы халық қиялынан туған оқиғаға құрылған. Бірнеше нұсқасы бар. Жырдың барлық нұсқаларының мазмұны ұқсас, кіріспе бөлімі, көбінесе батырлық жырлардағыдай, Ермектің балалармен ойнап жүріп, тентектік жасаумен, ата-анасының зұлымдықпен өлтірілгендігі жайлы естіп, кек алуға аттанғандығымен басталады да, жас батырдың әке-шешесін өлтірген жақты қырғынға ұшыратып, дастан соңында батыр мақсатына жетеді. Ермек бұл жерде ата-ана кегін алу үшін ғана күрес жүргізеді. Дастанда негізгі сюжетгік желі - ру таласынан туған зұлымдық әшкереленуге құрылған. Жыр нұсқалары Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қоры мен Әдебиет және өнер институты қол-жазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.
Көп оқылғандар
21.09.2026
2855
20.09.2026
1786
25.09.2026
1127
22.09.2026
1021
21.09.2026
969
24.09.2026
889
23.09.2026
859
23.09.2026
768
25.09.2026
734
21.09.2026
465
24.09.2026
454
02.09.2026
7731
03.09.2026
4947
05.09.2026
3546
18.09.2026
3001
21.09.2026
2855
17.09.2026
2704
30.08.2026
2703
28.08.2026
2260
08.09.2026
2225
31.08.2026
2141
16.09.2026
1944
12.09.2026
1803
20.09.2026
1786
31.08.2026
1743
