Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Мультимедиа
Аудио
Төреғали Тәшенов

Төреғали Тәшенов

Төреғали Тәшенов 1962 жылы 23 ақпанда қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының орталығы Шолаққорғанға қарасты Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Шолаққорғандағы қазіргі Тәкен Әлімқұлов атындағы орта мектепті бітірген. Еңбек жолын 1979 жылы Созақ ауданының Калинин атындағы совхозында жұмысшы болып бастаған. 1980–1982 жылдары Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын атқарған.

 

1983 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің филология факультетіне оқуға түсіп, 1989 жылы сырттай бітірген. 1987–1988 жылдары Созақ ауданындағы Ж.Жабаев атындағы сегіз жылдық мектепте, 1988–1991 жылдары Жартытөбе ауылындағы қазіргі Құлыншақ Кемелұлы атындағы мектепте мұғалім болған. 1991–2000 жылдары Жамбыл облысының Жаңатас қаласында мектеп мұғалімі, «Қаратау кеншісі» газетінде тілші болып қызмет атқарған. 



2001 жылдан бастап Алматы қаласында тұрады. «Қазақ елі», «Қазақстан-Заман» газеттерінде бөлім редакторы болып еңбек еткен. 2004 жылдан қазірге дейін «Айқын» республикалық қоғамдық саяси газетінде журналист болып істейді. 



2000 жылы «Сорос-Қазақстан» қоры ұйымдастырған «Қазақстан әдебиеті – 2000» байқауының жеңімпазы. 2003 жылы «Жұлдыз» журналы мен Халықаралық Нәзір қоры Алаш ардагері Нәзір Төреқұловтың 110 жылдығына орай ұйымдастырған республикалық мүшәйраның жүлдегері. 



Ақынның жекелеген өлеңдері түрік, румын, қарашай тілдеріне аударылған. Бірқатар өлеңдеріне ән жазылған. 

12.12.2017
Бөлісу:
Пікір қалдыру: