Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Қазақстанда тұңғыш рет Қытай-қазақ сөздігі жарық көреді

22.02.2018 1463

Қазақстанда тұңғыш рет Қытай-қазақ сөздігі жарық көреді

2018 жылдың 26 ақпан күні сағат 11.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Бас ғимаратының №259 мәжіліс залында Алматы қаласындағы "Эксклюзив-КА" баспасынан жақында ғана жарық көрген, ерлі-зайыпты ғалымдар - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қытай филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ақын, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлы мен аталған кафедраның доценті Айнұр Әбиденқызы құрастырған «Қытайша-қазақша үлкен сөздік» атты іргелі еңбектің тұсаукесер рәсімі өтеді.

Қазақстан мен ҚХР елдері арасындағы тез қарқын алып келе жатқан сан-салалы қарым-қатынас, өз кезегінде еліміздің еңбек нарығында қытай тілін білетін мамандарға деген сұранысты күшейте түскені де белгілі. Алайда күні бүгінге дейін елімізде қытайша-қазақша көлемді, әмбебап аударма сөздіктің болмауы қытай тілін үйренушілер үшін ғана емес, қазақ-қытай немесе қытай-қазақ тілдерінен аударма жасаушыларға да елеулі қолбайлау болып келді.

Еліміздің ғылым-білім саласындағы, берісі қазақ-қытай тілдері бойынша аударма саласындағы ақтаңдақтың орнын толтыру мақсатында, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Дүкен Мәсімханұлы мен доцент Айнұр Әбиденқызы он жылдан астам уақыттарын сарп етіп, Қазақстан тарихында тұңғыш рет «Қытайша-қазақша үлкен сөздік» деп аталатын көлемді сөздік құрастырып шықты. Сөздіктің таралымы әдеттегідей 2000 дана, көлемі 120 баспа табақ (-1050 бет). Қазіргі қытай тілінің қолданысындағы 70 мыңға таяу сөз бен сөз тіркесі қамтылған.

«Сөздік» ЖОО мен мектептерде қытай тілі бойынша білім берушілер мен білім алушыларға, қазақ-қытай тілдері бойынша тәржіма жұмысымен айналысатын аудармашыларға, Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы саласында қызмет атқаратын дипломатиялық корпустар мен олардың қызметкерлеріне, қытай тілі, қытайтану ғылымы, жалпы тіл білімі саласында ізденіп жүрген ғылыми қызметкерлерге, сондай-ақ қытай тілін өз бетімен үйренгісі келетін жалпы көпшілікке арналған.

«Сөздіктің» тұсау кесер рәсіміне арналған жиналысқа универсиет ректоры, ҚР ҰҒА академигі Е.Б.Сыдықов төрағалық етеді. Шараға құрметті қонақтар ретінде ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қ.К.Тоқаев, ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры М.Б.Қасымбеков, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамәдиұлы, ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Қ.Әбдірахманов, ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжаң Ханхуэй, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі А.Ж.Әбішев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қ.С.Сұлтанов, С.А.Абдрахманов, сондай-ақ «ЕҚ» газеті АҚ төрағасы Д.Қ.Қыдырәлі, ҚазТРК төрағасы Е.Т.Қарин, «Қазақстан Теміржолы» ҰК Президенті Қ.Қ.Алпысбаев, академиктер С.Қасқабасов, Б.Көмеков, Ғ.Есім, профессорлар М.Жолдасбеков, Ә.Ахметов, Ш.Ыбраев, Н.Омашев т.с.с. Астана қаласында қаласында тұратын зиялы қауым өкілдері қатысып, сөз сөйлейді деп күтілуде.

Байланыс:

Тел: +7 707 367 56 08, +7 708 190 53 36
Email: dingokz@mail.ru


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: Китайско-казахский, свет, жарық, Қазақстанда, рет, тұңғыш, сөздігі, Қытай-қазақ, көреді, Впервые, Казахстане, вышел, в, словарь
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар