№4. Қалам мен қаруды қатар ұстаған 10 қаламгер

Бөлісу:

03.05.2016 5119

f027eb5dd377d278dd21dafa0f9aefac.jpg



Ұлы Отан соғысындағы қанды қырғынға қатысып, ерлікпен көзге түскен қазақтың ақын-жазушылар аз емес. Қанды қырғынға қатысып, ерлікпен көзге түскен қазақтың ақын-жазушылар аз емес. Қаламын қаруға айырбастап, майданның алдыңғы шебіне ұмтылған жазушы қауымының соғыс жылдарындағы өмірімен таныстырып отыру, сол бір қилы кезеңге байланысты олардың қаламынан туған шығармаларды жариялап отыру мақсатында «Әдебиет порталы» жаңа жоба ұсынып отыр. Жобаның алғашқы топтамасына дүние жүзін шарпыған жойқын соғыстың даңқты жауынгері, қаһарман қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлы бастаған майдангерлердің шығармаларын, фотосуреттерін, естелік жазбаларын, бейнекөріністерін жариялау арқылы оқырмандармен қайта қауыштырамыз. Әр шығарылымда он майдангер қаламгерді қамтып жариялап отыратын боламыз.



№4. Қалам мен қаруды қатар ұстаған 10 қаламгер



1.       Есенберлин Ілияс


123.jpg 



Ақмола облысындағы Атбасар қаласында дүниеге келген.

 

Жазушының балалық шағы аштық жалмаған зұлмат заманға тап келіп, 5 жасында тұл жетім қалды. Бала Ільяс балалар үйіне тапсырылды. Шығармашылыққа бір табан жақын өскен ол қабырға газетіне өлең жазып тұрды.

 

Мектепті тәмамдаған соң, Қызылорда қаласына барып, интернат мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Кейін Қарсақпайдағы аудандық атқару комитетінде жұмыс істеді. Жұмыс істей жүріп, Алматыдағы Қазақ тау-кен институтына түсті.  Талантты да талапты бала тез көзге түсіп, 1937 жылы Қазақстан КСР-ның бірінші Конституциясын қабылдаған Қазақстан Советтерінің алғашқы Төтенше съездіне делегат болып сайланды.

 

1940 жылы институтты аман-есен аяқтап, Жезқазғанға жұмысқа жіберілген. Сол жылы күзде Қызыл әскер қатарына шақырылтып, Рига әскери-саяси училищесінде оқып, соғысқа аттанды. 1942 жылы қатта жарақаттанып, госпитальге түсіп, бір жылдан соң мүгедек болып елге оралды.

 

1947 жылға дейін Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінің аппаратында инструктор болып жұмыс істеді.Соғыс аяқталарда, 1937 жылы атылып кеткен әділет халық комиссары Хамза Жүсіпбековтың қызына үйленіп, қайныенесін АЛЖИР-ден алдырғаны үшін НКВД-ның назарына ілігіп, 1949 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын Қарақұм каналы құрылысында жарылыс жұмыстары жөнінен тау инженері болып бес жыл жұмыс істеп өтеді.Айдаудан келген соң Қазақ КСР-ның Геология министрілігінде, кейін шахтада басқарма басшысы болып қызмет атқарады.

 

Ұсталғанша ол өлең азса («Айша» (1945 жыл) және «Сұлтан» (1949 жыл) поэмалары, «Алғыс өлеңдер жинағы» (1949 жыл), жазасын өтеп келген соң прозаға көшті («Адам туралы повесть» (1954 жыл), «Өзен жағасында» (1960 жыл).1958 жылдан «Қазақфильм» киностудиясында редактор, 1962 жылдан «Қазгослитиздат» мекемесінде редактор, 1967 жылдан «Жазушы» баспасында директор, содан Қазақстан жазушылар одағының хатшысы (1971-1975 жылдары) болып қызмет атқарды.1975 жылдан бастап толық шығармашылық жұмысқа көшіп, 16 жылда 15 роман дүниеге әкеледі.

 

1962 жылы драматургияда күшін сынап, «Таудағы тартыс» пьесасы Республикалық жас көрермен театрының сахнасында қойылды. Қазақ тіліне Константин Дмитриевич Ушинскийдің шығармаларын аударды.1969 жылы «Қаһар», 1971 жылы «Алмас қылыш», 1973 жылы «Жанталас» романдарын жазды. Романдар 15-ші ғасырдан 19-шы ғасырдың ортасына дейінгі қазақ тарихы суреттелген «Көшпенділер» трилогиясына біріктірілді. Сөз болатын тақырыптар: қазақ халқының қалыптасуы, Қазақ хандығының Жоңғар хандығымен арпалысы, Қытай, Хиуа, Бұхара, Ресей империясы секілді көршілерімен аумалы-төкпелі қарым-қатынастары. Қазақ әдебиетінде бұрын-соңды тарихи тақырыпта қалам тартылмаған.

 

Алғаш рет 1976 жылы «Көшпенділер» атымен жарық көрген трилогия орыс тілінің өзінде 12 рет басылып, 1,5 миллион тиражбен тарады. Жалпы «Көшпенділер» трилологиясы әлемнің 30 тілінде жарық көріп, 50 рет қайта басылды. 2005 жылғы есеп бойынша, дүние жүзіне таралған жалпы тиражы 3 миллион дана. Бұл трилогияның негізінде 2005 жылы  «Көшпенділер» атты тарихи көркем фильмі түсірілді.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы Ілияс Есенберлиннің қаламынан туған «Айқас», «Ғашықтар», «Қатерлі өткел», «Алтын құс», «Маңғыстау майданы», «Алтын аттар оянады», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Алыстағы арпалыс», «Аққу құстар қуанышы», «Махаббат мейрамы» романдары – тың тақырыпта жазылып, қазақ әдебиетінде оған дейін мүлде көтерілмеген мәселелерді қозғаған, әдебиетке серпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылар.

 

Өмірінің соңында жазушы «Алтын Орда» трилогиясын жазды (1982-83 жылдары). Жазушы 1983 жылы Алматыда дүние салды.

 


2.       Жанғалин Мұхтар


456.jpg


Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында туған. 1932 жылы Қазақ пединститутының тарих факультетін бітірген.

 

1955 жылы тарих ғылымы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

 

Соғыстан кейінгі жылдары Қазақтың мемлекеттік Біріккен баспасының директоры, Қазақ Достық қоғамының төрағасы, Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының меңгерушісі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің мұрағат басқармасы бастығы болды.

 

Әдеби қызметін 30 жылдары қоғамдықсаяси әдебиет аудармашысы ретінде бастады. Соғысқа дейінгі жылдары А.Н.Островскийдің «Мысыққа бәрі майшабақ емес», Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат», М.Горькийдің «Егор Булыч және басқалар» пьесаларын, К.Станиславскийдің «Менің өнердегі өмірім» мемуарын, соғыстан кейін Л.Леоновтың «Шапқын» пьесасын, В.Васильевскаяның «Шұғыла» повесін, Н.Никитиннің «Солтүстік аврора» романын, Үнді жазушысы П.Чанданың «Тха хури құдығы» атты әңгімелер жинағын, М.Горькийдің «Коновалов» әңгімесін аударды.

 

Аудармалары:

 

Марк Твен. Том Сойердің басынан кешкендері. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1949;

 

Т.Семушкин. Аласталған алитет. Роман. А., ҚМКӘБ, 1950;

 

А.Макаренко. Ұстаздық дастан (бірігіп аударған), А., ҚМКӘБ, 1951;

 

Лев Толстой. Соғыс және бейбітшілік. А., 1963;

 

Ф.Достоевский. Қылмыс пен жаза. А., «Жазушы», 1972;

 

Т.Семушкин. Аласталған алитет. Роман. ІІІ кітап. (Ғ.Ахмедовпен бірігіп аударған.) Екінші басылым. А., «Жазушы», 1985.

 



3.       Жұмағалиев Абдолла


789.jpg


Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында туған.

 

Әуелі өз ауылында орта дәрежелі білім алып, 1934 жылы Орал педагогикалық институтының әдебиет факультетіне түскен. 1936 жылы оқуын Алматыдағы ҚазПИде жалғастырған.

 

Ұлы Отан соғысы басталғанда Абдолла майданға аттанды. Жалын жүрек ақын жаумен арпалысып, ерлікпен мерт болды. Абдолла ерлігі жайлы Қ.Аманжолов «Абдолла» поэмасын жазды.

 

Ақындығымен көзге түскен кезеңі 1937–1938 жж. болды: әдеби журналдарда, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде бірқатар өлеңдері басылды.

 

1939 жылы Қызылордада мұғалімдік қызмет атқарды, осы кезеңде «Токио», «Шығыс қызы», «Асанқайғы» атты дастандарын жазды. Байроннан және Лермонтовтан бірнеше өлеңдер, поэмалар аударды.

 

Шығармалары:

 

Таңдамалы өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1945;

 

Өшпес жалын. Өлеңдер, дастандар, аудармалар. А., «Жазушы», 1985.

·   


 

4.       Жұмағұлов Мақан


789.jpg


1924 жылы 20 қазанда Алматы облысының Шелек ауданындағы Киікбай ауылында туған.

 

Жастай ата-анадан жетім қалып, Алматы балалар үйінде тәрбиеленген. 1940 жылы көркемсурет училищесіне түсіп, 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанған.

 

1944 жылы ауыр жараланып майданнан оралған соң аяқтай алмай кеткен училищесін 1946 жылы бітірген.

 

1948-1952 жж. Алматыдағы №18 орта мектепте ұстаздық еткен. 1952–1954 жж. «Учитель Казахстана» («Қазақстан мұғалімі») газетінде әдеби қызметкер болған. 1959 жылы Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институтын бітірген. 1959-1969 жж. «Жазушы» баспасында, кейін екі жылдай «Қазақстан» баспасында редактор болған. 1975-1983 жж. Авторлық құқық қорғау жөніндегі Бүкілодақтық агенттігі Қазақ республикалық бөлімшесінде инспектор, аға әдеби кеңесші қызметтерін атқарған. 1983 жылдан бері 2топтағы еңбек мүгедегі.

 

Алғашқы өлеңдері 1950 жылы «Қазақстан» (қазіргі «Простор» журналы) альманахы мен «Ленинская смена» газетінде жарияланған. Шығармаларын орыс тілінде жазады.

 

Медальдармен, екі рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, Орта Азия әскери округының Құрмет Грамотасымен марапатталған.

·   


Шығармалары:

 

Черный жаворонок. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1960;

 

Слово. Балаларға арналған өлеңдер. А., «Жазушы», 1962;

 

Орлы гибнут в вышине. Романдилогия. 1кітап. А., «Жазушы», 1965; 1—2кітаптар. М., «Художественная литература», 1968;

 

К Днепру! Повесть. А., «Жазушы», 1972; Сказкиваленки. Повесть. А., «Жалын», 1977.

 


5.       Жұмаханов Жекен


528.jpg


Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған.

 

Семейдегі педагогикалық техникумды бітірген. 1935 жылы Алматыда жаңадан ашылған Қазақ коммунистік журналистер институтына түсіп, айрықша дипломмен бітірген.

 

 «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакциясында ұзақ жылдар меншікті тілші, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған.

 

1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Кеңес Одағының Батырлары Ә.Молдағұлованы, М.Мәметованы, Ленин орденді атақты мерген Ы.Сүлейменовті, «Даңқ» орденінің үш дәрежесінің иегері Бексұлтан Рахметовты көзімен көріп, тілдескен. Солар жайында очерктер жазған.

 

Армия қатарынан 1946 жылы босап, қайтадан әдеби өмірге араласқан. Шығармаларына майдангерлер ерлігін арқау етті.

 

Гогольдің «Рим» деген әңгімесін, В.Орловтың «Батыл ой» деген кітабын, М.Садовянудың «Митра Кокорь» повесін, Морис Торездің «Халық ұлы» деген кітабын қазақшалады. Әңгімеповестері орыс тілінде кітап боп шықты.



Шығармалары:


Солдат жолы. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1958;

 

Әлия Молдағұлқызы. А., ҚМКӘБ, 1959;

 

Әлия (Майдан дәптерінен). А., ҚМКӘБ, 1958;

 

Жазылмаған кітап. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1959;

 

Келін. Повесть А., ҚМКӘБ, 1960;

 

Қаракөз қарындасым. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1962;

 

Үш бәйтерек. Повестер. А., «Жазушы», 1965;

 

Екі жол. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1966;

 

Соқпақ соңы. Роман. А., «Жазушы», 1967;

 

Адам тау қопарады. Очерк. А., «Қазақстан», 1967;

 

Мен жұмысшымын. Повесть. А., «Жазушы», 1972;

 

Қаракөз қарындасым. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1979;

 

Шұбартау таңы. Повестер, әңгімелер. А., «Жазушы», 1975;

 

Махаббат пен мансап. Повесть. А., «Жалын», 1974;

 

Қиядағы қайың. Повестер. А., «Жазушы». 1974;


Үш бәйтерек. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1989.

 


6.       Зверев Максим


147.jpg


1986 жылы 29 қарашада Барнаул қаласында дүниеге келген.

 

Барнаул реалдық училищесін, Том университетін бітірген. Сібір өсімдік қорғау институтында зоолог, Новосібір мен Алматы қаларының зоопарктері ғылыми бөлімінің меңгерушісі, Томск мен Қазақ мемлекеттік университетінің доценті болып қызметтер атқарған.

 

Зоологияға байланысты алпыс шақты мақала мен жиырмадан астам ғылымикөпшілік кітаптың авторы.

 

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

 

«Ақ марал» атты тұңғыш повесі 1929 жылы Ленинградта жеке кітап болып жарық көрді. «Ормандағы кездесулер» (1938), «Алатаудың қорықтары» (1946), «Ертіс тоғайлары мен далаларында (1950), «Көкпектің аңшысы» (1963), «Таулы шыңның қожалары» (1972), «Жаңа қоныста» (1972), кітаптары шыққан.

 

Көптеген шығармалары өзге тілдерге аударылған. Екі рет «Құрмет Белгісі», Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы ордендерімен марапатталған.

 

Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1980). Қазақстанның халық жазушысы (1987).

 

Шығармалары: Шығармаларының 3 томдық жинағы. А., «Жазушы», 1983-1985.



363.jpg

 

7.       Кияница Андрей


525.jpg


23 қазанда Украинаның Киев облысы, Обухов ауданы, Деревинс селосында туған.

 

Еңбек жолын он жеті жасында тракторшы болудан бастаған. Мәскеудегі журналистер курсын, Петропавл оқытушылар институтын және КОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген.

 

Аудандық газеттің редакторы, «Карагандинский комсомолец» газетінің редакторы, Петропавл облыстық «Ленинская знамя» газеті редакторының орынбасары, «Известияның» тілшісі, «Казахстанская правда» газеті редакторының орынбасары, редакторы, Алматы Жоғары партия мектебі журналистика кафедрасының меңгерушісі болып істеген.

 

Тарих ғылымының кандидаты.

 

Ұлы Отан соғысына қатысқан. 

 

Қызыл Ту орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

 

 

Шығармалары:

 

Степь и люди. Очерки. А., ҚМКӘБ, 1957;

 

Половодье. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1960;

 

Ковыли седые. Повести, рассказы, очерки. А., «Қазақстан», 1981.



8.       Корсунов Николай



258.jpg


1927 жылы 27 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы, Приурал ауданының Красноармейск қыстағында туған.

 

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

 

1950-1965 жж. облыстық радио тілшісі болған. 1965 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін Қазақстан Жазушылар одағының Орал облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы болып істеді.

 

Көптеген очерк, фельетон, репортаждар жазған. 1961 жылы алғашқы повесі «Родник рождает реку» деген атпен жеке кітап боп шыққан. Бұдан соң бірнеше по-весть, әңгіме, романдары жарық көрді. М.Шолоховтың өмірі мен шығармашылығы жайлы очерктері көптеген тілдерге аударылған.

 


Шығармалары:

 

Родник рождает реку. Повесть. А., «Казгосхудлитиздат», 1961;

 

Подснежники. Роман. М., «Молодая гвардия» 1962;

 

Повесть, рассказы. А., «Жазушы», 1967;

 

Несносный характер. Повесть. А., «Жазушы», 1969;

 

Штурман с «Застрельщика», А., «Жазушы»,1970;

 

Мирный год. Повести. А., «Жазушы», 1974;

 

Без свидетелей. Роман. А., «Жазушы», 1984.



9.       Көпішев Құланбай




459.jpg 


Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындагы "Құланкеткен" деген жерде туған. Семей қаласындағы жоғары дәрежелі ауыл шаруашылығы мектебін, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы партия мектебін, ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген.

 

1931 жылдан бастап ұстаздық және комсомолдық қызметтер атқарған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін "Үгітші блокноты" журналының жауапты хатшысы. Қазақ радио комитетінің бас редакторы, көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі қызметін атқарды. 30-дан астам өлеңдер кітабы жарық көрді. А.Мацкеевичтің, ]]Н.Бараташвил]]дің, Т.Шевченконың, А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, М. Жәлилдің, т.б. шетел акын-жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне тәржімалады.

 

"Сыр толкыны", "Өркен", "Мәуе", "Жылдар жырлайды", "Ержүрек", "Кезеңдер", "Жүлдыздар сөйлейді", "Өсиет" секілді кеңінен танымал өлендер жинақтарының авторы.

 

I дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, "Кенигсбергті алғаны ушін" орден-медальдарымен, Қазақ КСР Жоғаргы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен екі рет марапатталған.


 

10.  Кривощенков Леонид



589.jpg


 Ресейдің Алтай өлкесінің Шипунов ауданындағы Коробейниково селосында туған.

 

М.Горький атындағы әдебиет институтын бітірген. «Огонек» журналының республика бойынша тілшісі, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болған. Бірнеше өлеңдер жинағы, әңгімелер жинағы, романдары шыққан.

 

Х.Ерғалиевтің, Қ.Жармағамбетовтің, М.Дүзеновтың шығармаларын орыс тіліне аударған.

 

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

 

Қызыл Жұлдыз (үш рет), «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

 

 

Шығармалары:

 

Өлең жинақтары:

 

«С открытом сердцем». 1953;

 

У старых тополей. 1955;

 

Поздняя встреча. 1958;

 

Возвращение птиц. 1960;

 

Разлуки и встречи. 1963;

 

Синий апрель. 1969; Взаимность. 1973;


Әңгіме жинақтары:


«Не ходи никуда без сердца своего». 1964;


Часы разведчика. 1965;

 

Огненное кольцо. Роман. А., «Жазушы», 1968;

 

Война уходит на запад. Роман. А., «Жазушы», 1971;

 

Сотворение мира. Стихи. А., «Жазушы», 1980;

 

Признание в любви. Избранное. А., «Жазушы», 1984.



№5. Қалам мен қаруды қатар ұстаған 10 қаламгер

Бөлісу:

Көп оқылғандар