ІІІ Республикалық «Мағжан көктемі» өнер фестивалі өтеді

Бөлісу:

18.05.2015 3178
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT.jpg

«Қазақтың асыл перзенті, алты Алаштың ардақтысы, халқы үшін, елінің болашағы үшін жарқырап жанған, күнге ғана табынған, өзіне ғана бағынған, жүрегі мен жаны – от, иманы мен ары – от Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі сәулесі мәңгі өшпес жұлдыз, қайталанбас құбылыс!» деп жазды Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында. «Бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын Мағжанның сөзі» (М. Әуезов) – қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-ақ әлемдік деңгейге көтерді. Ол халқына бүкіл өлеңімен, өмірімен жанын сала қызмет етті. Мағжанның өз ұлтына деген махаббаты барша адамзатқа деген сүйіспеншілігімен жіксіз ұласып жатты. Мағжан Орта Азия ақындарының арасынан суырылып шығып, тұранды, түрік құндылықтарын жырлады. Тұран халықтарының сонау күннан басталатын тарихын шолып, осынау Еуразиялық кеңістіктегі мәдени, рухани байланыстар бөгесіндеріне ересен қайрат көрсетті. Мағжан әлемін таныған, тереңіне бойлаған әр адамның жан дүниесі ерекше нұрланып, өрісі ашылары сөзсіз.

ІІІ Республикалық «МАҒЖАН КӨКТЕМІ» өнер фестивалі (бұдан әрі – Фестиваль) ұлы ақынның шығармашылық мұрасын жүйелі түрде насихаттап, есімін ел есінде мәңгі сақтау мақсатында, оның «кіші отаны» – туған өлкесі Солтүстік Қа­зақстан облысы, Петропавл қаласында 2015 жылдың 25 маусымында өткізіледі.

 


ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР



1. Осы Ережелер толығымен Фестивальдің өткізу тәртібін реттейді.


2. Фестивальдің құрылтайшысы – Қа­зақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері де­партаменті, өткізушісі – Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.


3. Фестиваль төмендегідей үш номинация бойынша өткізіледі:


1) Мағжанға арналған жазба ақын­дар мүшәйрасы. Мазмұн-тақырыбы ұлы ақынның шығармашылық-адами келбетін, айнымас ұстамын, елдік-ерлік қасиетін, ұлт тағдырындағы алатын орнын, туып-өскен жерінің шежірелі тарихын, сұлу табиғатын, осы өңірде өмір сүріп жатқан ха­лық­тың ақ пейілі достық құшағын, Қа­зақстан экономикасын көтерудегі жасампаз істерін көрсететін туындылар болғаны абзал. Бұрын еш жерде жарияланбаған, орындалмаған, 14-шрифпен жазылған, көлемі 5 беттік бір немесе бірнеше өлеңдерден тұратын топтамасы бүркеме (лақап) атпен жіберіледі.


2) Мағжан өлеңдерін мәнерлеп оқу – көркемсөз оқушылар сайысы. Ақынның асыл мұрасы – өлеңдерін, поэмаларынан үзінділерді жатқа оқу. Ұзақтығы: 7-9 минут.


3) Мағжан өлеңдеріне жазылған әндер конкурсы. Бұрын еш жерде жарияланбаған, орындалмаған жаңа музыкалық туындының ұзақтығы 2, 5 – 4 минут болуы керек. Ән CD, DVD дискілерге (MP3 форматында), немесе мини-дискіге жазылған түрінде, бұған қоса екі дана клавирі мен екі дана мәтіні қоса жіберіледі.Бір автор бірнеше шығармасымен конкурсқа қатысуға құқығы бар. Туынды конкурсқа бүркеме (лақап) атпен жіберіледі.

 


ФЕСТИВАЛЬДІҢ МАҚСАТЫ



4.Фестивальдің мақсаты мынандай болып табылады:


1) Мағжан Жұмабаевтың шығар­машылық мұрасын насихаттау арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, мәдени-эстетикалық сезімін дамыту, оны рухани ұстамына айналдыру;


2) отандық әдебиет пен өнер, музыка сала­ларында озық туындылардың дүниеге келуіне, оның авторлары – талантты тұлғалардың шы­ғармашылығын халық игілігіне айналуына жол ашу.

 


ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:



5. Мүшәйраға қатысушылардың, мә­нерлеп оқушылардың, әншілердің кәсіби ше­берлігіне, орындаушылық мәдениетіне, дауыс кеңдігіне, сұлулық иірімдеріне сахналық киім ерек­шеліктеріне Әділқазылар алқасы тарапынан үлкен мән беріледі.


6. Қатысушылардың жасына шек қо­йыл­майды.


7. Мүшәйра жыр-өлеңдері, мә­нер­леп оқушылардың құжаттары мен Мағжан өлеңдеріне жазылған жаңа әндер 2015 жылдың 20-мамырына дейін Фес­тивальдің Ұйымдастыру комитетіне, яғни мына мекенжайға жіберіледі:


642027, Петропавл қаласы, Қазақстан Консти­ту­ция­сы көшесі, 58-үй, 507-кабинет. Солтүстік Қа­зақстан облысының Тілдерді дамыту жөніндегі бас­қармасы. Байланыс телефондары: (87152) 46-03-32, 36-10-44.Электронды мекенжайы: tilbas@sko.gov.kz.


8. Фестиваль жеңімпаздары қоры­тын­ды Гала-концертке тегін, ақысыз өнер көрсетуге міндетті.


9. Қатысушылар төмендегідей құжаттарын қоса жібереді:


– жеке куәлігінің көшірмесі;

– шығармашылық өмірбаяны;

– білімі жайындағы қуәліктің көшір­ме­сі (студенттер мен оқушылар үшін оқу орнынан анықтама);

– түрлі-түсті 13х18 көлемдегі екі фотосурет.


10. Фестивальдің өткізілу ережелері рес­публикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 


ФЕСТИВАЛЬДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ



12. Фестивальді ұйымдастырып өт­кізу үшін облыс әкімі орынбасарының бе­кітуімен Ұйымдастыру комитеті (Ұйымком) құрылады.


13. Ұйымком Фестивальдің барлық ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстарын атқарып, оның жоғары деңгейде өткізілуін қамтамасыз етеді.


14. Ұйымком Әділқазылар алқасының жүйелі де нәтижелі жұмыс істеуіне жағдай жасайды.


 


ФЕСТИВАЛЬДІҢ ӘДІЛҚАЗЫЛАР ҚҰРАМЫ



15. Фестивальдің Әділқазылар құ­ра­мын Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің келісімімен облыс әкімінің орынбасары бекітеді.


16. Әділқазылар алқасына республиканың белгілі мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері шақырылады.


17. Әділқазылар алқасы 7 адамнан құрылады: төраға және алқа мүшелері. Алқа мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып саналады.


18. Әділқазылар мүшелерінің конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.


19. Сараптау комиссиясы ашық дауыс беру арқылы шешімге келіп, қарапайым түрде көп дауыс алған шығармалар (50% + 1 дауыс) жеңімпаз аталады. Бұл шешім комиссияның жалпы құрамының кемінде 3/2-сі қатысқан жағдайда заңды деп табылады.


20. Әділқазылар алқасының шешімі хаттамалармен рәсімделіп, ол қайта талқылануға, қаралуға жатпайды.


21. Әділқазылар алқасы белгіленген сыйлықтарды барлығын бірдей тағайын­дамауға немесе бір сыйлықты бірнешеге бөлуге құқылы.

 


МАРАПАТТАУ ЖҮЛДЕЛЕРІ



22. Фестиваль жеңімпаздарына төмендегі жүлделер тағайындадады:


– бір Бірінші жүлде және лауреат атағы (әр номинация бойынша);


– бір Екінші жүлде және лауреат атағы (әр номинация бойынша);


– бір Үшінші жүлде және лауреат атағы (әр номинация бойынша);


– екі Көтермелеу жүлдесі және дипломант атағы (әр номинация бойынша).

 



ФЕСТИВАЛЬДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ



23. Фестиваль облыстық бюджеттен қаржыландырылады.


24. Фестивальді өткізуге қарас­ты­рыл­ған қаржы шығыс сметасына сәйкес қатаң тәртіппен жұмсалады.


25. Қаржы шығындары төмен­дегідей мақсатқа жұмсалады:


– марапаттау дипломдарын, төс­белгілерін дайындау;


– жарнама, баспа өнімдерін, буклет шығару;


– әділқазылар алқасы мүшелерінің, фестиваль жеңімпаздарының қа­ламақы­сы,


– әділқазылар алқасы мүшелерінің және фес­тиваль жеңімпаздарының іссапар, көлік, жатын орын, тамақ шы­ғындары.



adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар