«Әдебиет порталы» туралы пікірлер

Бөлісу:

28.12.2013 3582

«Әдебиет порталы» туралы пікірлер

«Әдебиет порталының» ресми тұсаукесер рәсімі өтіп, интернет желісіне жол тартқан күннен бастап, республиканың түкпір-түкпірінен көптеген оқырман хабарласып, портал жайлы жоғары бағасын беріп, ақ тілектерін айтып, ізгі лебіздерін білдіріп жатыр. Біз оқырмандарымыз бен авторларымыздың әрбір пікіріне құрметпен қараймыз, әрбір сұрағына толық жауап беріп, тығыз байланыс жасауға мүдделіміз. Порталымыз жайлы еліміздің зиялы қауым өкілдері де әдебиет әлеміндегі үлкен жаңалық деп бағалап, тамыры тереңге тартқан ұлттық әдебиетіміздің жаршысы болады деп сенім артуда. Өздеріңізге белгілі, «Әдебиет порталы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен «Қазконтент» Акционерлік қоғамы тарапынан әзірленіп, ресми тұсаукесер рәсімі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі базасында өткен болатын. Біз сол айтулы шараға қатысқан ҚР Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, қоғам қайраткері, ақын, драматург Оразалин Нұрлан Мырқасымұлының, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Қалижанов Уәлихан Қалижанұлының, ақын, «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығының лауреаты Ақберен Елгезектің, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Елемесова Салтанат Абылайқызының пікірілерін ұсынып отырмыз.



 

Бөлісу:

Көп оқылғандар