Эпиграмма. Көпен Әмірбекке

Бөлісу:

Эпиграмма. Көпен Әмірбекке
17.04.2015 4074
Көпен.jpg

Шаң көріп сатираның шашасынан,
«Дамудың даңғылына» рас ашынам...
«Көпен келе жатыр!» деп ызыңдады
Усыз «АРА» жарнама тасасынан.

Билікте болмаған соң берік тетік,
Әзілін анекдотқа еліктетіп,
Ағам жүр бір қаладан бір қалаға
Тойшыл шалдар тәрізді келіп-кетіп.


Өлеңін жазған: Еркеғали Бейсенов

Әзіл суретті салған: Еркін Нұразхан

Бөлісу:

Көп оқылғандар