Жапон ертегілері
Бөлісу:
Тәтті дәрі
1394 жылы Киото да бір ұл бала дүниеге келді. Ол ұл баланың аты – Иккюсан. Иккюсан алты жасында храмға баратын. Храм ол Обоусандар өмір сүретін орын. Обоусандар Буддизм уйрететін адамды айтады. Иккюсан атақты Обоусандардан буддизмді оқып, уйреніп, түсініп алып, өзі Обоусан атанды. Иккюсан кішкентайынан өте ақылды бала болған. Ересек адамдар жауап бере алмайтын қиын сұрақтарға бірден жауап бере алатын. Көп, қызықты әңгімелер айтатын. Иккюсан қандай жұмыс істеседе, уағыз айтып жүретін.
Иккюсан бала кезінде Анкокужида оқыған. Храмда Обоусан мен Ошеусан деген ұғым бар. Ошеусан деген Обоусандардың мұғалімі. Бір күні иккюсан Обоусанның бөлмесінің алдында, бөлменің ішінен ақырын шығып тұрған бір дауысты естиді. Сөйтсе, Ошеусан бірнарсе жеп отыр екен. Иккюсан: «не жеп отырсыз?» деп сұрағанда, Иккюсанды көріп, шошып кетті.
– Бұ-бұ-бұл дә-дәрі ғой. Мен ата болған соң аяғым ауырады…
– Е, аяқтың дәрісі ма, мағанда сол дәріні беріңізші, менінде аяғым ауырады.
– Е, олай болмайды бұл аталардың дәрісі, жас балалалар жесе өліп кетеді, – деді. Сосын дәріні орнынан яғни столдың астына қойды.
– Өкінішті, мен өлгім келмейді, – депайтып, Иккюсан Ошеусанның бөлмесінен кетіп қалғанда, Ошеусан күлді.
Ушінші күні Ошеусан көрші қалаға кетті. Ал Храмда жас Обоусандар қалып, оны тазалап жатты. Бір кезде Ошеусанның бөлмесінен «Гочян» деген қатты дауыс естілді. Артынан «ваа» деген дауыс. Бәріміз шошып, Ошеусанның бөлмесіне бардық. Сол жерде тазалап жүрген Жеукенсаның беті қызыл болып кеттіпті. Жеукенсанан бәрі не болғанын сұрағанда: «өкінішті, мынаны қараңдар, мен Ошеусанның ыдысын сындырып алдым», – деп айтып жылап қалды. «Бұл өкінішті, қиын болды, қиын болды, бұл Ошеусанның қымбат ыдысы еді», – деп өзі де ұялып тұрғанға басып айтқандай болды. Иккюсан ғана күлді.
Сендер, уайымдамаңдар, бәрі дұрыс бәріміз бірге, мынаны жейміз сөйтіп, иккюсан столдың астындағы дәріні алды. Бәрі мынау не екенін сұрады. «Бұл Ошеусанның аяғының дәрісі, біздің аяғымыз ауырмайтын болады», – деп, Икююсан дәріні ауызына садды. «Тәтті ма? менде жеймін, менде жеймін деп, жас обоусандар дәіріні жеп жатты. Ал Жеукенсан «бұл дәрі емес, тәтті нан», – деді. Қалғандары да «иа бұл тәтті нан», – деді. Обоуандар дәмді нәрсе тұрмақ, тәтті нәрсені аса жемейтін. Бірақ бұны «дәмді, дәмді, тәтті, тәтті» деп обоусандар орынында тұрған барлық тәттіні жеп қойды.
Содан Жеукен сан Ошеусанның келгенін айтты. «Ошеусан болса, жағдайымыз қиын» деп, Сол кезде «бәріміз жылайық», – деді Иккюсан. Бәрі жылап жатты «вааа-ееен»
Ошеусан қорқып кетіп, не болғандарын сұрады. Сол кезде Иккюсан: Ошеусан кешірініз! Ошеусанның бөлмесін тазалап жатқанда, сізге қымбат ыдысынызды сындырып алдық. Қатты өкіндік. Содан кейін өлейік деп ойлап, мына дәріні іштік. Бірақ өлмедік көп жедік, бірақ өлмедік, бәрін жедік, бәрі бір өлмедік, кешірініз, кешірініз. Өшеусан ештеме айта алмай қалды.
Дүниеқоңыз
Ертеде бір кедей бала болыпты. Жалғыз анасы ғана бар екен. Бірде баланың анасы қатты науқастанып қалады. Дәрі сатып алуға ақшасы болмай амалы таусылған бала Гондзоу деген ағайынына қарыз сұрауға барады. Ол бір ашкөз һәм сараң біреу екен. Гондзоу сұрағанын бермек түгілі «Сен сияқтыға берер ақшам жоқ. Шешең тірі қала ма, ол да күмәнді. Өлетін кісі өледі ғой. Мен ештеңе істей алмаймын» деп, қайтарып жібереді. Еңсесі түскен аш бала қайтар жолда әлі кетіп, бір ағаштың түбіне жатып, ұйқыға кетеді. Бір кезде біреу иығынан түрткендей болады. Оянып кетіп қараса көз алдында титтей жұлдыз дір-дір етіп тұр. Құлағының түбінен біреу сыбырлғандай. Қараса дәл қасында ақ сақалды қария отыр екен.
– Балам, анаң ауруынан айығып кету үшін саған бір зат сыйлайын деп отырмын. Мына жалғыз тал гэтаны (жапондардың ағаштан жасалатын аяқ киімі) ала ғой. Бұл жай гэта емес, байлық әкелетін ерекше зат. Гэтаны кисең болды, құлайсың. Құлаған жеріңнен алтын шығады. Бірақ байқа, гэтаны көп пайдаланушы болма. Адам байлыққа құныққан сайын бойы аласарып, кішірейе беретінін ұмытпа.
Осының бәрін түсінде көріп тұрғандай күй кешкен бала есін жиғанша қария ғайып болыпты. Бала гэтаны кигенде тік тұра алмай құлайды. Орнынан тұрып құлаған жеріне қарап еді, жалт-жұлт еткен ақша жатыр. Есі шыға қуанған бала дәрі сатушыға жүгіреді. Дәрігерді үйіне шақырады. Жол-жөнекей дорба-дорба азық-түлік сатып алады. Анасын емдетіп, ғажайып гэтаның арқасында жоқшылықты да ұмытады.
Ағайыны Гондзоу «шешесі өлсе, үйін сатып жіберіп, ақша қылайын» деп ойлап, баланың үйіне барыпты. Сөйтсе, бала шешесі екеуі мәз-мейрам тіршілік кешіп жатыр екен. «Бұлар жақсы тұрмысқа қалай жете қалды?» деп таң қалады Гандзоу. Бала гэтаның сырын бүкпей айтып береді. Гондзоу гэтаны тексеремін деп алып кетеді.
Гондзоу үйінің есік-терезесін бекітіп, бөлмесінің ортасына үлкен қапты аузын ашып қояды да гэтаны киеді. Құлап тұрған жерінен ақша шыға береді. «Гэта, ақша бер, ақша, ақша» деп аузы дамыл таппайды. Қап толса да Гондзоуға аз көрінеді. Ол құлап тұрған сайын ақша бұрынғысынан да көп шығады. Ақшаның көлемі ұлғая-ұлғая үйдің төбесіне жетеді. Сол кезде үйі зәулім сарайға айналып кетіпті дейді.
Гондзоудың «ақша өндірісі» тоқтамайды. Ақшасы көбейген сайын дүниеқоңыздың денесі кішірейе береді.
Кеш батқанда гэтасын алуға бала келеді. «Гондзоу көке, Гондзоу көке!» деп, қанша айғайласа да, далаға ешкім шықпайды. Үйдің есік-терезесі тастай берік. Ішінен сықырлаған ақшаның дыбысы ғана естіледі. Бала есікті бұзып ашқанда ішінен бұрқыраған ақша сау етіп сыртқа төгіледі. Осыншалық көп болар ма? Гандзоу үйінің бөлмелері де көбейіп кетіпті. Бала ең үлкен бөлмеге кіргенде жарқырай үйілген алтын ақшаларды көреді. Таудай ақшаның төбесінде кішкентай қоңыз аунап жатыр. Содан бері ауыл сыртындағы қоқыстарда гондзоу деген қоңыз пайда болыпты дейді.
Жапон тілінен аударған: Шарафат Жылқыбаева
Бөлісу: