«Менің алғашқы кітабым» республикалық эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды
Бөлісу:
«Әдебиет порталы» интернет-жобасы ұйымдастырған мектеп оқушылары арасындағы республикалық «Менің алғашқы кітабым» эссе байқауын ұйымдастырғанын бұған дейін хабардар еткен болатынбыз. Байқауды ұйымдастырған мақсатымыз – мектеп оқушылары арасында шығармашылық қабілеті бар жастардың мүмкіндігін шыңдау. Білімді, қабілетті жастардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру, шығармашыл жастарды оқырмандарға интернет арқылы таныту болатын.
Байқау жеңімпаздарын бағалау кезінде қазылар алқасы үміткерлердің «Менің алғашқы кітабым» тақырыбында ұсынған шығармалардың тіл тазалығына, тақырыптың мазмұндылығында, көркемдік танымына, шығармашылық сауаттылығына баса назар аударды. Байқауға Астана қаласының мектептерінен, Қарағанды, Жезқазған, Жамбыл, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарынан қазақ тілінде барлығы 55 шығарма келіп түсті. Ең үздік эсселерді назарларыңызға ұсынған болатынбыз.
Бүгін байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсіміне Астана қаласындағы қазақ мектептері мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің жеңімпаз оқушылары мен жетекші ұстаздары қатысты.
«Менің алғашқы кітабым» республикалық эссе байқауында үздік деп танылған жеңімпаздар:
1. Әлия Іңкәрбек – Алматы облысы, Ө.Жаңабаев атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы
2. Дина Бөкебай – Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақыауылы № 25 мектебінің 9-ынып оқушысы
3. Адина Иманбаева – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы
6. Сымбат Құттыбай – Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы
7. Айбибі Қуандықова – Астана қаласы №61 орта мектебінің 6-сынып оқушысы
8. Жібек Беркутова – Қарағанды облысы Жезқазған қаласы №1 орта мектебінің 8-сынып оқушысы
9. Гүлнұр Тұрсынханова – Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінің 9-сынып оқушысы
10. Дария Исмаилова – Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы
Бөлісу: