Таласбек Әсемқұлов дүниеден өтті

Бөлісу:

26.09.2014 3592

Қазақ әдебиеті ауыр қазаға душар болды. Бүгін жазушы, кинодраматург, күйші Таласбек Әсемқұлов дүниеден өтті. 

small_zhivye_i_mertvye.jpg

Жазушы 1955 жылы 1 тамызда Семей облысы Аякөз ауданы «Ақтоғай» теміржол стансасында дүниеге келген.

1976-80 ж.ж. – Алматы қаласы, Абай атындағы педагогикаинституты филология факультетінің қазақша бөлімінде оқыған.

1980-83 ж.ж. – Ықылас Дүкенұлы атындағы Ұлт аспаптар музейінің ғылыми қызметкері.

1984-87 ж.ж. – Республикалық «Жазушы» баспасында әдеби редактор.

1987-98 ж.ж. – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы фольклор кабинетінің меңгерушісі.

1998-2006 ж.ж. – Республикалық «Жұлдыз» әдебі журналы сын бөлімінің меңгерушісі.

Проза, сценарий жазу өнерімен пединститутта оқып жүрген студент кезінен айналысқан. 

загруженное.jpgРеспубликалық баспасөзде «Атайы», «Кәрі ат», «Арылу» сияқты әңгімелері, «Шымдан» повесі және музыканттардың өміріне арналған «Талтүс» романы жарық көрген. «Көкбалақтың өлімі», «Біржан Сал», «Жезтырнақ», «Алматы – Астана», «Тұмар падиша» сынды киносценарийлердің авторы. Сондай-ақ республикалық баспасөзде қазақ және орыс тілінде түрлі әдебиет, мәдениеттану тақырыптарына арналған бірқатар мақалалары жарық көрген.

1973 жылы «Бәйжігіт күйлері» деген жеке гранд-дискі Бүкілодақтық «Мелодия» фирмасынан шықты. «Мәңгілік сары» антологияға 20-дан астам, «Қазақтың мың күйі» (2009) антологияға 40-тан астам күйі енген. 2010 жылы Парижден «Таттімбеттің мұрасы» СД-дискі шыққан. «Әдебиет порталы» интернет-жобасы қара орман қазақ еліне, жазушының жақын достарына, туған-туыстарына, отбасына қайғырып көңіл айтады. Марқұмның жаны жәннатта болсын!

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар