Әдебиетшілер арасында «Алтын тобылғы» байқауы басталды

Бөлісу:

20.07.2015 3524



«Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесі туралы


Ереже

 

 

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры құрған «Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесін беру (бұдан әрі - Жүлде) тәртібін белгілейді.


2. Жүлденің мақсаты қазіргі заманғы қазақ әдебиетін дамыту және насихаттауға көмек көрсету болып табылады.


 

3. Жүлденің міндеттері:

 

1) жаңа буынның өмірлік көзқарасының қазіргі заманғы жас қазақстандық әдебиетшілердің еңбегіне әсерінен туындаған шығармаларын анықтау және қолдау;


2) заманауи әдеби үрдістердің қалыптасыуна көмек көрсету;


3) жұртшылықтың назарын қазіргі заманғы әдебиеттегі жаңа есімдерге аудару;


4. Жүлденің ұйымдастырушысы және құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры болып табылады (бұдан әрі - Жүлденің құрылтайшысы немесе Тұңғыш Президент Қоры);


Жүлдені тағайындау үшін конкурс өткізу жөніндегі әріптестер Қазақстан Жазушылар Одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

 

5.Жүлде конкурстық негізде келесі номинациялар бойынша беріледі:


 

     1) «Жылдың үздік прозасы»;

     2) «Жылдың үздік поэзиясы»;

     3) «Жылдың үздік драматургиясы;

     4) «Жылдың үздік балалар әдебиеті»;

   5) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясына арналған үздік шығарма»;


 

6. Жеңімпаздарға «Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесінің Лауреаты атағы және 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық беріледі. «Мәңгілік ел» номинациясы бойынша жеңімпазға 1,5 миллион теңге мөлшерінде арнайы жүлде тағайындалады.

 



2.     Жүлдені өткізу тәртібі




Жүлде алу үшін конкурстың басталуы туралы хабарландыру Тұңғыш Президент Қорының www.presidentfoundation.kz. сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.



1.           Конкурстық жұмыстарды ұсыну мерзімі 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қарашаға дейін.


2.           Конкурстың қорытындысы 2015 жылғы желтоқсанның бірінші онкүндігінде жүзеге асырылады.

 

 


3. Жұмыстарды конкурсқа ұсыну тәртібі



 

1. Конкурсқа 18 жастан бастап 35 жасқа дейінгі жас әдебиетшілердің қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалары қабылданады.


2. Автор екі номинация бойынша қатыса алады.




Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар:


 

1) бір автордан конкурстық іріктеуге саны екеуден аспайтын, бұрын еш жерде жарияланбаған шығармалар жіберіледі; 

 

2) конкурсқа этикалық нормалар мен авторлық құқықты бұзатын нормативті емес лексикасы бар жұмыстар қабылданбайды;


3) қолжазбаның көлемі А-4 форматында,Times New Roman 14 шрифтімен 1,5 аралықта ресімделуі тиіс:



проза үшін – 35 парақтан кем болмауы тиіс;

поэзия үшін – 5 парақтан кем болмауы тиіс;

драмалық шығармалар  30 парақтан аспауы тиіс;

балалар шығармалары үшін  25 парақтан аспауы тиіс;

«Мәңгілік ел» тақырыбына жоғарыда аталған кез келген жанрдағы шығармалар қабылданады (проза  35 парақтан кем емес; поэма  5 парақтан кем емес; драма – 30 парақтан аспауы тиіс; балалар шығармалары  25 парақтан аспауы тиіс).  

           

4) конкурстық өтінім бір конвертке «Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесі» деген белгісімен салынуы тиіс. Конверттің ішіне, бөлек-бөлек салынады:

 

1). Авторы көрсетілмеген (құпиялылық шарттарын сақтау үшін) шығарманың қағазға басылған бір данасы;


2). Ішкі (қосымша) конверттің ішіне бір парақ қағазға автордың аты-жөні, туған күні, мекен-жайы, байланыс телефондары,     e-mail жазылылуы тиіс.

 

Өтінім пошта арқылы келесі мекенжайға: 010018, Астана қаласы, Еңбекшілер к-сі, 10, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, сондай-ақ электрондық  at2015@fpp.kz. мекенжайға жіберіледі.

 


Конкурсқа қатысу үшін өтінімді жібере отырып, шығарманың авторы:


 

1)    өзінің авторлығын растайды;


2) Конкурсты ұйымдастырушыларға шығарманы бұқаралық ақпарат құралдардарында Ұйымдастырушының қалауы бойынша жинақ ретінде және Интернет желісінде жариялауға келісім және құқық береді;


3) авторлық гонорар төлеуді талап етпейді.


Жіберілген қолжазбалар рецензияланбайды және қайтарылмайды.


Жұмыстарды ұйымдастырушыға жеткізуге байланысты барлық шығындарды, сонда-ақ салтанатты марапаттау рәсіміне қатысу шығындарын қатысушылар өздері көтереді.

 


 

3.     Жеңімпаздарды анықтау тәртібі


 

1. Қолжазбаларды және жеңімпаздарды (лауреаттарды) бағалауды Жүлденің Құрылтайшысы Қазақстанның белгілі жазушылары мен ақындарынан, сондай-ақ кемінде 7 мүшеден тұратын Жүлде Құрылтайшысының және әріптестерінің, баспа қызметінің өкілдерінен құратын конкурстың қазылар алқасы жүзеге асырады.


2. Қазылар алқасының құрамы мен төрағасын Жүлденің Құрылтайшысы бекітеді.


3. Қазылар алқасы конкурстың талаптарына сай келмейтін (соның ішінде анонимді) жұмыстарды қарамауға құқылы.


4. Конкурсқа жіберілген жұмыстар қазылар алқасының барлық мүшелеріне анонимдік принципті сақтай отырып (авторын көрсетпей) жіберіледі.


5. Қорытынды шешім мүшелер санының кемінде 2/3 дауысына ие болған жағдайда ашық дауыс беру арқылы қабылданады.


6. Объективтілікті сақтау мақсатында барлық жұмыстар анонимдік принциптерді сақтай отырып бағаланады. Жұмыстарды бағалаған кезде қазылар алқасы келесі критерийлерді басшылыққа алады: тақырыптың өзектілігі және сонылығы, баяндау мәнерлігі/ бейнелеу өнері.


7. Қорытынды шешім қабылданғанға дейін анонимдік принциптері сақталады.


8. Қазылар алқасының шешімі соңғы болып табылады және қайта қарауға жатпайды.


9. Жүлде тағайындауға лайықты шығарма болмаған жағдайда Қазылар алқасы ұйымдастырушыларға номинациядан толық немесе жартылай бас тартуға құқылы. 



adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар