Мәлік Отарбаев: «Жоқтан ештеңе бар болмайды, бар нәрсе ешқашан жоғалмайды»

Бөлісу:

18.11.2014 3398

Мәлік Отарбаев.JPG


Мәлік Отарбаев

жазушы,

«TÜRKSOY» Түркі мәдениетін және 

өнерін дамыту халықаралық ұйымының 

Қазақстан өкілі 



«Жоқтан ештеңе бар болмайды, бар нәрсе ешқашан жоғалмайды» дейтін көненің көзіндей, кемелдіктің сөзіндей кең таралған даналық бар. Тіршіліктегі тұрмыс өзінен-өзі жүрмейді. Тағдыр жұмырбасты пенденің қолында екені тағы мәлім. Елбасының жыл сайынғы жолдауында көрсетіп отырған бағдарлар – еліміздің дамуына, қоғамның кемелденуіне ықпал ететін нақты қадамдар екені сөзсіз. Соңғы жылдары әлемнің «табиғаты», тұрпаты, сипаты өзгеріске ұшырады. Дамыған технологияның артықшылықтарымен қатар зиянын да көріп отырмыз. Жаһанданған саяси сахнадағы өзгерістер жаңадан тәуелсіздік алған елдерге әсер етпей қоймайды. Әр нәрсеге салыстырмалы қарап баға беретініміз бар. Бірақ кемшіліктеріміз бен жетістіктерімізді салыстырғанда, жетістіктеріміз, жеңісті қадамдарымыз молырақ екені даусыз. Бүгінгі таңда дамыған елдердің өзі экономикалық дағдарыспен күресу жолдарын іздеумен әлек болса, Елбасы соңғы жолдауында дағдарыстың алдын алу жолдарын ұсынды. Руханиятымыздың дамуына нұқсан келтірмейтін, керісінше демеп-қолдап отыратын нақты шешімдер қабылдаған. Ынтымағы жарасып отырған қазақ қоғамының бірлікті сақтауға, әртүрлі араңдататын қадамдардан аулақ болуға үндеді. Бұл қазақ жастарын қуантады. Өйткені кемел ұрпақтың деградацияға, деформацияға ұшырамай таза қалпында сақталып, болашаққа қызмет етуі үшін аға буынның дәл осындай өміршең мәселелерге қатысты оңтайлы шешім қабылдағаны көрегенділіктің белгісі.


adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар