«Менің алғашқы кітабым» эссе байқауы

Бөлісу:

21.11.2014 10083
rcD2l1bfpqA.jpg«Әдебиет порталы» Интернет-жобасы 2014 жылдың 25 қарашасы мен 2015 жылдың 20 наурыз аралығында мектеп оқушылары арасында республикалық «Менің алғашқы кітабым» эссе байқауын ұйымдастырады.

Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында шығармашылық қабілеті бар жастардың мүмкіндігін шыңдау. Білімді, қабілетті жастардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру.Шығармашыл жастарды оқырмандарға интернет арқылы таныту.

Байқау шарттары: 

Байқауға 8-11 сынып аралығындағы мектеп оқушылары қатыстырылады;
Байқауға ұсынылатын шығармалар екі тілде (қазақ, орыс тілдерінде) қабылданады;
Байқауға ұсынылатын шығармалармен қатар қатысушы туралы мәлімет және 10х15 көлеміндегі фото сурет ұсынылуы керек;
Қатысушының (Times New Roman – 14, аралығы 1 интервал,  А4 форматында, компьютерде терілген, көлемі 1,5-2 беттен аспайтын) шығармашылық жұмысы қабылданады;
Байқауға ұсынылған шығармалар «Әдебиет порталында» жарияланады.
 
Байқау жеңімпаздарын  бағалау кезінде:

«Менің алғашқы кітабым» тақырыбында ұсынылған шығарманың тіл тазалығына;
Тақырыптың мазмұндылығында;
Көркемдік танымына;
Шығармашылық сауаттылығына баса назар аударылады.

Жеңімпаздарды марапаттау:

І орын 
ІІ орын 
ІІІ орын  
Ынталандыру сыйлықтары

Байқау жеңімпаздары арнаулы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. 
Байқауға ұсынылатын шығармалар 2015 жылдың 20 наурызына дейін мына мекен-жайда қабылданады:

Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 «Министрліктер үйі», 3 кіреберіс,  302 кабинет. 
Байланыс телефондары: +7 (7172) 79 82 06; ішкі (122),  8 707 845 30 26; 8 778 999 85 89; www.adebiportal.kz, nailushka_91@mail.ru  

«Менің алғашқы кітабым» әдеби эссе байқауына қатысушылар толтыратын анкета

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар