Ілияс Есенберлинге арналған жаңа еңбек жарық көрді

Бөлісу:

13.01.2015 3946
                                 jp.jpg


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының Ғылыми кеңесінің ұсынысымен І.Есенберлиннің өмірі мен қызметіне арналған жаңа еңбек жарық көрді. Ұлы ғалымның 100 жылдығына арналған кітап жазушының туған жылынан бастап,өмірінің соңына дейінгі аралықты қамтып отыр.

Ғылыми танымдық тұрғыдан жазылған бұл шығармада Алматы мемлекеттік және Атбасар қаласындағы әдеби мұражайларда, ұлттық мұрағатта сақталған қолжазбалар мен басқа да деректер негізінде І.Есенберлиннің өмірлік көзқарастарының қалыптасуы, оған әсер еткен жағдайлар мен тарихи шығармалардың жазылу себептері қарастырылған.

Автордың басты мақсаты қазақтың әйгілі жазушысы Ілияс Есенберлиннің өмірлік жолы арқылы патриотизм үлгісін көрсету болды.

Кітаптың авторы — Амангелді Қашқымбаев тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары ал жалпы редакциясын тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Ғ.Аяған басқарды.  І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығын қамтыған бұл еңбек «Ұлы Дала тұлғалары» сериясымен шығып отыр.

Кітап: Ілияс Есенберлиннің өмірбаянын, «Жастық шақ жылдары, өскен орта», «Творчестволық жолда», «Ілияс Есенберлин шығармаларындағы тарих және тарихи сабақтастық», «Болашаққа беттеген қайық», «Із қалған өшпес соңында» сынды көлемді бес тарауды қамтиды..

А. Қашқымбаевтың еңбегі тарихи-танымдық тұрғыда жазылған еңбек. Мемлекеттік мұрағаттар мен музейлерден, соның ішінде Алматы, Жезқазған, Қызылорда, Атбасар қаласындағы І.Есенберлин атындағы музейлерден табылған құжаттарды жазушымен замандас болған белгілі қаламгерлер естеліктерімен салыстыра отыра, Есенберлиннің терең философиясын оның романдары мен поэмаларында кездесетін ұшқыр ойларымен жандандыру идеясының көрініс табуы да еңбекке пікір жазған ғалымдардың қолдауын тауып отыр.



adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар