Жазушы Герольд Бельгер дүниеден өтті

Бөлісу:

07.02.2015 3138

Бельгер.jpg

Бүгін 2014 жылдың 7 ақпанында қазақтың қабырғалы жазушы-қаламгері, аудармашы Герольд Бельгер 81 жасында дүниеден өтті. Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, 60-тан астам кітаптардың және 2 мыңнан астам әртүрлі мақалалардың авторы 81 жастағы Герольд Карлұлы Бельгер Алматы қаласындағы ҚР Президенті істері басқармасына қарасты Орталық клиникалық ауруханасында көз жұмды.

Герольд Бельгер «Парасат», «Германияға еңбегі сіңген Крест» ордендерінің иегері. Жазушы Ресей Федерациясында неміс отбасында туған. Жеті жасында қазақ жеріне қоныс аударған жанұяда ержеткен жазушы қаймағы бұзылмаған қазақ ауылында ержетіп тәрбиеленеді, қазақ тілін еркін меңгеріп, қазақ халқының әдеби мұрасынан мейілінше сусындады. Кейінгі жылдары жазушы қазақ қоғамында орын алып жатқан әртүрлі саяси-әлеуметтік мәселелерге қатысты пікірін ашық білдіріп отырды.

«Әдебиет порталы» қазақ еліне, әдебиет сүйер қауымға және марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтады. 

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар