«Қасиетім – Қарашаңырақ» республикалық жыр мүшәйрасы өтеді

Бөлісу:

11.03.2015 2977
                                            Мангыстау-Мушайра.jpg

Маңғыстаулықтар «Адай Ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде 2015 жылдың 14 наурызы күні Амал мерекесін Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында республикалық деңгейінде атап өтеді. 
Осы орайда «Мұңал ата» қоғамдық қоры «Елтану KZ» қоғамдық қорымен бірге «Қасиетім – Қарашаңырақ» атты жазба ақындардың республикалық мүшәйрасын ұйымдастырады.

Мүшәйраның мақсаты:
  • Қазақ хандығының 550 жылдығын ұлт болып ұлықтаудың мәні мен бүгінгі таңдағы тарихи маңызын тану;
  • Жәнібек пен Керей бастаған хандарымыз армандаған, кешегі Алаш қайраткерлерлі мақсат еткен,  бүгінгі тәуелсіз  қазақ елінің болашағын айқындайтын «Мәңгілік Ел» идеясын жас ұрпаққа жалаң насихат түрінде емес, көркем шығармалар арқылы насихаттау;
  • Қазақ мемлекеттілігін қалыптастыруда Маңғыстау өңірінде өткен жаугершілік кезеңдердегі батыр бабаларымыздың жанкешті ерліктерін суреттеу;
  • Отансүйгіш өнегесін жастарға үлгі ету;
Мүшәйраның талаптары:
  • Қатысу үшін алдын ала сұраныс жіберген қаламгерлерге бәйгеде басымдық берілетін қосымша тақырыптар хабарланады.
  • Мүшәйраға кемінде 3 өлең немесе толғаулар мен дастандар, поэмалар қабылданады. Қатысушылардың жас шамасына шектеу қойылмайды.
  • Қазылар алқасының құрамы әдебиет саласында белгілі және танымал қайраткерлерден, әдебиеттанушы ғалымдардан тұрады.  Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды.
  • Шығармалар электронды нұсқада (Microsoft Word файлды форматы түрінде (шрифт 12 кегліде), жоларасы 1,5 интервал, Times New Roman қарпі) қабылданады.
(Алыс аймақтағы ақындар үшін Астана қаласы арқылы тегін әуе жолымен келіп-кетуіне мүмкіндік бар).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер заттай және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Шығармаларды қабылдау уақыты:
Мүшәйраға қатысушылардың шығармалары компьютерде терілген электронды нұсқада 2015 жылдың наурыз айының 10-на дейінeltanukz@mail.ru электронды пошта бойынша қабылданады.

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар