Жабал Ерғалиев: "Елбасының жеңісі - елдің жеңісі"

Бөлісу:

29.04.2015 2861
353831_464688806_1351557204.jpg

Жабал Ерғалиев: – Күні кеше қазақ елінде болып өткен Президент сайлауы сайлау біздің еліміздің бірлігін, халқымыздың ынтымағын, саяси жағымыздан ой-өреміздің өскендігін тағы да бір көрсеткендей болды. Ең бірінші Қазақстан халқының президент сайлауына белсенді қатысуы ол көрсеткіштердің ең маңыздысы болып табылады. Сайлауға жауапкершілікпен қарау деген сөз әр адамның өзінің болашағына, елінің тағдырына, мемлекеттің, халықтың тағдырына, өз болашағына жауапкершілікпен қарау деп түсінгеніне біз шын жүректен қуанамыз. Тағы бір басты қуаныш – сайлауда Елбасының 98 пайыз қазақ елінің даусын иеленуі деген сөз бұл үлкен тарихи жеңіс деп есептеуіміз керек. Елбасының тағдыры қазақ халқының тағдыры болып қалыптасты. Қазақ халқының тағдыры Елбасының тағдыры болып қалыптасты. Бұл қос тағдыр тәуелсіздігіміздің, мәңгілік ел болуымыздың тағдыры. Сол тағдыр халықты тағы да Елбасымен табыстырды. Елбасы тәуелсіздік жылдары нені болсын халқымен бірге көрд, халқымен бірге жеңді. Назарбаевы бар қоғам тұрақты дамитын қоғам екеніне көзіміз жеткеннен кейін барып, бүкіл қазақстандықтар бір ауыздан тағы да Нұрсұлтан Әбішұлына дауыс берді. Бұл ең алдымен халықтың Елбасына деген сенімі, сүйіспеншілігі мен болашағына деген сенімі. Елбасының бұл тарихи жеңісі бүкіл қазақ елінің жеңісі. Біз қазір тарихтың аса бір жауапты кезеңінде тұрмыз. Елдің тыныштығы мен бірлігін сақтауда үлкен жауапкершілікте тұрмыз. Елбасының жеңісі, елдің жеңісі құтты болсын!

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар