Астаналық зиялы қауым Ораза айт мерекесінде оқырмандармен кездесті

Бөлісу:

17.07.2015 3146

 

Бүгін Астанадағы ҚР Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен Ораза айты мерекесіне орай зиялы қауым мен оқырмандар арасында кездесу өтті. 



 

IMG_5033.JPG 
 


 


 

Кездесуге келген ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Оразкүл Асанғазы, ақын-жазушылар Әбіш Кекілбаев, Мырзатай Жолдасбеков, Әкім Тарази сынды зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар кітапхана жанынан ашылған кітап музейімен танысты.


 


 

IMG_5228.JPG 
 


 


 

Айт мерекесіне арнайы зиялы қауымға арналып мерекелік дастархан жайылды. Белгілі жазушы Әкім Тарази бата беріп, елдің өркендеуі мен тұрақтылығын, халықтың бай-қуатты ғұмыр кешуін тіледі. Осындай игі шараларды жиі өткізіп келе жатқан ұлттық кітапхана ұжымына, кітапхана директоры  Үмітхан Мұңалбаеваға келген қонақтар алғыстарын жаудырды. 


 


 

IMG_5349.JPG 
 


 


 

Кездесуге жиналған оқырмандар зиялы қауым өкілдерімен еркін әңгімелесіп, өнегелі әңгіме тыңдап қайтты. Зиялы қауым мен оқырман арасындағы алтын көпірге айналған академиялық кітапхананың ұжымына бізде толағай табыстар тілейміз. 


 


 

IMG_5595.JPG 
 


 


 

adebiportal.kz


 

Бөлісу:

Көп оқылғандар