«Жұматай – жыр қағаны» республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды

Бөлісу:

24.09.2015 4036



2015 жылдың 22 қыркүйек күні Талдықорған қаласының Мәдениет үйінде қазақтың біртуар ақыны Жұматай Жақыпбаевтың 70 жылдығына арналған «Жұматай – жыр қағаны» атты республикалық жазба ақындардың мүшәйрасы өтті. Небәрі 45 жасында өмірден өткен ақынның өзін көрген бас буын да, өскелең жас буын да талантына тамсанумен келеді. Байқау айтулы ақынның 70 жылдығына арналған. Байқау мақсаты – Жетісудың жыр жампозы Жұматай Жақыпбаевтың поэзиясын насихаттап, ақын рухын асқақтату. Және де мемлекеттік тіл мәртебесін көтеріп, әдебиеттің көкжиегін кеңейту.


IMG_4663.JPG



Байқау комиссиясына бас-аяғы 50-ден аса өлең түскен. Іріктеле келе шараға 20 жас ақын шақырту алыпты. Арғы беттен келген Ерлан Ясыннан өзгесі Қазақстанның әр өңірінен. Арысы Астана мен Маңғыстаудан, берісі Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстаннан келген шайырлар  "Жұматай - жыр қағаны" тақырыбында арнауларын оқыды. Ақындық қырларын ашар еркін тақырыпта және бір-бір өлең ұсынды. 


IMG_4646.JPG


Ақындардың өнеріне қазылық жасағандар кезінде Жұматай құрған "Поэзия қағанаты" құрамында болған – ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әбубәкір Қайран, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Гүлнәр Салықбай мен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма мүшесі Бауыржан Жақып сынды белгілі ақындар жас ақындардың өлеңдерін саралап, қорытындысын шығарды. Өнер бәйгесінде жырға жаны құмар өлең-сөздің зергерлері тойға тарту ғып, жырдан шашу шашты. Өрелі өлеңнен өрнек өрді. Жұматайдың жауһар жырларын нақышына келтіріп мәнерлей оқыды. Өз жүректерінен туған арнауларымен поэзия әлемін дүбірге бөледі. 


IMG_4671.JPG



Мүшәйра жыр әлемінде талантты жастардың өсіп келе жатқанын айқын көрсетті. Арасында аттары әйгілі ақындар құрметіне қойылған Абай, Мұқағали, Ұлықбек есімділері де бар.

 


IMG_4720.JPG



Ынталандыру сыйлығының иегерлері:

 


Абай Ораз (Қарағанды облысы)

Есет Табынбаев (Қызылорда облысы)

Ұлықбек Тәңірбергенов (Қызылорда облысы)

Бақбер Алтайұлы (Оңтүстік Қазақстан облысы)

Мұқағали Кенжетайұлы (Оңтүстік Қазақстан облысы)

Айбек Оралханов (Павлодар облысы)

Медет Божан (Шығыс Қазақстан облысы)

 


Арнайы жүлде иегерлері:


 

Шұғайып Ақынұлы (Алматы облысы)

Әлия Іңкәрбек (Алматы облысы)

Перизат Жаңғылышбаев (Қарағанды облысы)

Ерлан Ясын (ҚХР)

Бауыржан Игілік (Шығыс Қазақстан облысы)

 


Жүлделі ІІІ орын иегерлері:


Хамит Есаман (Жамбыл облысы)

Мерген Тоқсанбай (Ақмола облысы)

Алтынбек Алибаев (Маңғыстау облысы)


 

Жүлделі ІІ орын иегерлері:

 


Өзгеріс Қуанар (Павлодар облысы)

Мақсат Күземханов (Қарағанды облысы)

 


Жүлделі І орын иегері  – Нұртас Тұрғанбек (Алматы қаласы)

 


Бас жүлде  – Салтанат Жүсіпова  (Астана қаласы)

 


Жеңімпаз ақындарға Алматы облысы әкімдігінің арнайы дипломдары мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Ақын рухын асқақтатқан жыр мүшәйрасы осымен ғана шектелмек емес. Келер жылы жыр қағанына арналған дүбірлі додадан жаңа есімдерді күтеміз.     



IMG_4682.JPG

 

  

IMG_4688.JPG


IMG_4723.JPG


IMG_4726.JPG


IMG_4733.JPG


IMG_4746.JPG


IMG_4641.JPG


TUcbTsd9yog.jpg



adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар