Атырауда Фариза Оңғарсыноваға ескерткіш орнатылды

Бөлісу:

04.03.2016 6898


Бүгін Атырауда мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың ескерткіші ашылды.



Қазақ поэзиясының падишасы атанған ақын ескерткіші қоладан құйылған. Биіктігі – 8,5 метр, салмағы 2 тонна. Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне зиялы қауым, жергілікті мекеме басшылары, ақынның туыстары мен замандастары қатысты. Шара барысында Фаризаның өлеңдері оқылып, замандас-достары естелік әңгімелерін айтты.



Қазақ поэзиясында өршіл жырларымен мәңгі өшпестей із қалдырған ақын Фариза Оңғарсынованың туған-туыстары ескерткіштің облыс орталығынан бой көтергеніне ризашылығын білдірді.



«Ескерткіш өте сапалы жасалған. Анамның, халық ақынының нәзіктігімен қоса, қайсарлығы да осы туындының бойына қатар өріліпті. Ақынын қадір тұтып, басына көтерген облыс басшылығына алғысым шексіз», - деді ұлы Айбар Оңғарсынов.



Жазғытұры ескерткіштің айналасына гүлзарлар отырғызылып, ағаш егілмек. Сөйтіп, жастардың рухани демалатын орнына айналмақшы. 






bnews.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар