Жеткер Жүсіп: Қазақтың бірлігін көкке самғатқан
Бөлісу:
(Ғабит пен Айбекке арнадым)
О, менің жамырасып туған қос қозым,
Мәрт, қазақ болсаң, осындай болсын достығың!
«Қазақтың жауы қазақ » дейтін сөзді тәрк етіп,
Өр мінезді ұлттың көтердің көкке шоқтығын!
Кері тартпа күңкіл құлазытып кейде көңілді,
Жатады былғап, ақ ниетіммен дархан төрімді,
Өз өзіңді жаттай сыйлаған кезде сол күні
Жандарыңнан жат беттерін басып түңілді.
Тағдырдың тарттық, қиямет көрім сынағын,
Көзіміздің жасын жеңменен сүртіп жыладық.
Жер бетінен бізді жоғалтпаған сонда, бауырым,
Бойымыздағы осы қанымыз емес пе ұлы ағын?!
Жамырасып жүріп табысқан текті қос құлын,
Сендерді көріп, халқыңның көңілі де хош бүгін!
Паш еттің мына тойымсыз, қатал жаһанға,
Бәрінен қымбат қазақтың қазаққа деген достығын!
Қызылорда
Бөлісу: