Айбота Өскенбайқызы: Тұмарлы көксеректер

Бөлісу:

22.03.2016 2307


(қос батыр ұлымыз Ғабит пен Айбекке)


кос батыр.png

Тұмарлы екі көксерек,

Маңында тұман бұлаңдап.

Көзіне сіңіп өткен от,

Бура сан болды жыл аунап.


Бура сан ажыр тұлғасын,

Бурадай жылдар әлпештеп.

Мешіннің мейман жыл басын,

Жанарларымен сызды наркес көк.


Қоңыр тауға кетіп біреуі,

Біреуі тарландап көк тауға.

Баба арландардың тілегі,

Жүректеріне шұлғып тоқтауда.


Буырыл бір күндер ығысып,

Жылдардың моншағы саудырап.

Көксеректер жалыны да жылысып,

Арлан өңі туды жаудырап.


Бар екен ыстық тұмары,

Көксеректерімнің терең көзінде.

Қарқаралы таудың шынары,

От ұйтқыған ошақ сезімде.


Қадымғы алтын ошағын,

Ықылымғы ортақ апанын,

Күлтегіннің жасын жасағын,

Көксеректерімнен сұрап жатамын.


Сол ыстық өркеш бұрқағы,

Тұмарларына құйылып.

Алаш алқабын жылтады,

Екеуі де тәңіріне сиынып.


Бір аламанда кезігіп,

Тұмарын танып екеуі.

Қанжілік шайқастан безініп,

Басталды тектің жетегі.


Сүйсініп екі оғылан,

Жақындап тұрды масайып.

Жарылып бөрілер ағынан,

Біз де бір мың жас жасадық.


Аман бол әппақ бөрілер,

Аман бол бура көңілдер.

Ібіліс өзі жерінер,

Қабыландай ұшса сенімдер.


Алпамыстардың ұрпағы,

Ер-Тарғын елдің бұласы,

Қобыландының бұйра сұңқары,

Ақан серінің құласы,

Марғабылдың қара қасқасы-ау,

Тоныкөк атам бұтағы,

Біздерден ешкім аспас-ау,

Бірлікті ел бәрін де ұтады.




Айбота Өскенбайқызы, 

Әл-Фараби атындағы 

Қазақ Ұлттық Университеті 

Журналистика факультетінің студенті


Бөлісу:

Көп оқылғандар