Нұрбақыт Байрахметұлы: Қос бөрісі қазақтың

Бөлісу:

22.03.2016 2362

            

кос батыр.png

Барыс емес, «тегіміз» біздің – көк бөрі,

Табынып өткен тәңірге жалғыз көктегі.

Қайсарлықпен намысқойлық тектегі,

Мүмкін емес тамтығы бізге жетпеуі.


Қос батырым, айналайын даңқыңнан,

Жоқ екен бізде тектілік әлі сарқылған.

Тегінен азған бұралқы ит болса егер,

Сүйек үшін ала түсер еді-ау алқымнан.


Айбек, Ғабит – ел үмітін ақтады,

(Бәлкім олар біреулерге жақпады).

Қызықпады қолда тұрған алтынға,

Алты алаштың берекесін сақтады.


Көрді қытай, бүкіл әлем таңданды,

Атаққұмарлар шамырқанды, шамданды.

Ұялас арлан жемтік үшін тасталған,

Бірін-бірі таламасын аңғарды.


Аман болшы бауырларым әмәнда,

Сүйесе қазақ бірін-бірі жаманба?!

Үлгі болдың ұлт рухы тапталып,

Ұлттық намыс азғындаған заманда.


Бөлісу:

Көп оқылғандар