Ырысбек Дәбей: Самұрықтың көз жасы

Бөлісу:

01.04.2016 2929




– Алматыға сағат нешеде жетесіз, апа (шешемізді солай атайтынбыз)?
– Таңғы төрт-бестерде.
– Аман-есен жетіңіз. Күтіп алам ғой.
– Ой, таң атпай дірдектеп не істейсің! Жұмысқа баруың керек. Ұйқың шала болса, күні бойы жынды боп жүресің. Вокзалда шамалы отыра тұрармын, асықпай келе бер.


– ...


Селк етіп ояндым. Сағат түнгі үшті көрсетіп тұр. Кешкі телефондағы аз-кем диалогтан кейінгі жүректің көзінен мөлт ете қалған ыстық жастай терезе сыртындағы ағаш жапырақтарынан тамшы үзіледі. Жаңбыр жауыпты. Құлын шағымыздан естіп өскен «ұясына асығып, балапандарынан алаңдаған самұрық құстың көз жасы жаңбыр боп төгіледі екен» деген ертек жолдары аяқастынан есіме оралды. Атып тұрып, вокзалға тарттым...

Бөлісу:

Көп оқылғандар