Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке арналған жыр шумақтары

Бөлісу:

18.08.2016 2786


данияр.jpg


Советқазы Нұрсыйла: 


Дархан дала ұланысың, желкесінің жалы бар!
Даңқты қазақ аман болса, талай қамал алынар.
Дауылдайын дүрілдетіп, жасындай боп жарқылдап,
Дүниені дүр еткізген аман болсын ДАНИЯР!!!


Досқа адал, жүрегі кең -қазағымның баласы.
Дəл бүгінде жазылғандай жанкүйердің жарасы.
Дидарыңды бір көруге , Асығамыз Чемпион!!!
Дүрілдетіп көк байрақпен жан жағына қарашы!!!


Ерболат Баятұлы:


Ұл болсаң осындай бол!

Жасындай қолды сермеді,
Жасқанып бір сәт көрмеді.
Жанын салды батырым,
Намысты қолдан бермеді.
Рионың төрінде,
Қазақтың туы өрледі.
"Алтынды" сыйлап алашқа,
Елеусінов ерледі!


Ұларбек Нұрғалымұлы: 


Даниярдың жанары өткір қандай?
Маңдайында екі уыс шоқ тұрғандай.
Қандай бақыт қан болған қазақ үшін,
Қабағым не тәйірі, деп тұрғандай!


Біржан Байту: 


Бокстағы бас бапкер Мырзағали,
Еңбегіне Мырзаның ырза бар үй,
Данияры алтыннан алқа тағып,
Бар қазаққа сыйлады бір жаңа күй.


Көгедай Шәмерхан: 


Әлем тыңдап Қазақтың ән ұранын,
Бір сілкінді намысым, жаным, арым.
Еске салды алтын ұл қасиетті,
Қуанатын Алаштың таңы барын.


Қос жанардан қуаныш жасы парлап,
Алтын тағып ояндық ең ұлы бақ.
Көк туымыз бұлт сүйіп дүрілдеді,
Жаратушы иеміз өзі қолдап.



Нұртай Текебаев: 


Данияр - даламның дарабозы,
Жеңіс сыйлап қазаққа, жарады өзі!
Тұғырда жарқырап тұрғанында
Көңілдің көкке ұшты ала қазы.


Алаштың көкке тіккен байрағысың,
Асықтай ұл орындады ойдағысын.
Маңдайыңнан сүйген бақ еміренді
Марқасқасың жаралған майдан үшін.


Айбаты арыстандай, қолы құрыш,
Жанары - от, жігері - асқақ, көңілі - ырыс.
Дүйім жұртты дүбірімен таңырқатты
Бойыңдағы балқыған дүлейлі күш.


Тұрқың бөлек соққандай таудан мүсін,
Қазақтың қайтпас қайсар арланысың.
Маңдайыңның етін жырып, алтын алдың
Садақа қып аңсап күткен арман үшін.


Елбасы сүйсіне айтар мəрттігіңді,
Күдікті парша қылып серт тірілді.
Жасындай жарқылдаған жампоз жігіт
Тұғырда желбіреттің көк Туымды!

Бөлісу:

Көп оқылғандар