Ақын Арайлым Мұратәлиева баспаналы болды
Бөлісу:
Поэзияға өзіндік болмысымен, әсерлі өлеңдерімен келген Арайлым Мұратәлиеваға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі бір бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.
Арайлымның осыған дейін «Махаббат, сенің атың кім?» деген тақырыппен топтама жырлары, «Бейнепоэзияда» өзі оқыған өлеңі жарияланып, оқырмандар тарапынан жоғары баға алған. Ағымдағы жылдың басында ақынның «Ай-Зер» деген кітабы жарыққа шыққан болатын. Ол өзінің замандас ақындарының да жырын қалт жібермей бақылап, сын-пікірін порталға жариялап тұрады. Әдебиеттің жанашыр жастары үйлі болып жатса, нұр үстіне нұр. Ақын қарындасымыздың жетістігіне қуанышымызды білдіре отырып, шын жүректен құттықтаймыз!
Adebiportal.kz
Бөлісу: