Кек (кинодраматургия)

Бөлісу:

10.10.2016 3076


манарбек.jpg

Манарбек Қыдырбай. 1991 жылдың 26 қыркүйегінде Моңғолия Республикасының Баян-Өлгей аймағының Көксерке елді мекенінде дүниеге келген. 2005 жылы атажұртқа оралған. 2009-2013 жылдары Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің «драма театры актері» мамандығын тәмамдады. Бүгінгі таңда Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «кинотеледраматургия» мамандығының 3 курс студенті. Көптеген жыр мүшәйралары мен түрлі өнер бәйгелерінің жеңімпазы.



 

 

 

Кек


(Кинодраматургия)

 

 

 

 

 

 

Кейіпкерлер:

Сержан -29 жастағы жігіт Көркемнің күйеуі.

Көркем –  28 жастағы әйел.

Арай – Сержанның туған әпкесі. 32 жаста.

Дулат  - арайдың күйеуі. 30 жаста.

Қызыр – Көркемнің қайны атасы 55 жаста.

Сәуле – Көркемнің енесі. 52 жаста.

Сақыш – дастаның әкесі. 60 жаста. Арақ құмар.

Зәуре – екінші әйелі. 45 жаста олда арақ құмар.

Мөлдір  - 17 жастағы Зәуренің еріп келген қызы.

Сетер апа – дастанның әжесі 80 жастар шамасында. Өздігінен жүріп тұра алмайды. Көзі соқыр қария.

Қосымша кейіпкерлер.

Сержанның аға бауырлары бала шағасы. Ауыл адамдары. Дәрігер. Пракурор.

 

Пролок:

ЭКСТ. Күз мезгілі. Күн қан қызыл боп батып барады. Ақ қайыңның бұтағындағы жалғыз жапырақ үзіліп түсердей болып әзер тұр.

1сахна. ИНТ. Ауыл. Кеш. Ас үй.

Дулат, Арай, сәби, Көркем.

Ескі екі бөлмелі жер үйдің іші. Дулат пен Арай  теледидар қарап шай ішіп отыр. Өте көңілді. Арай бір жасар баласын алдына алып тамақтандыруда. Анда санда баланың қылықтарына мәз болып  түрлі дыбыстар шығарып ойнатып отырған Дулатты есікті жұлқып кірген Көркем қақ маңдайынан атып құлатты. Ол сеспей қатты. Көркемнің Көзі қан талап кеткен. Қолы қалтырап тұр. Үйдің іші қызыл қан. Күтпеген қанды оқиғадан шошынған Арай талып қалды. Құшағындағы сәби жерге құлап түсіп шырылдап жылап жатыр.

1-көрініс.

Ауыл. Түс мезгілі. Үйдің іші. Түпкі бөлмеде Арай телефонға сөйлесіп жатыр.

Арай:

(Сыбырласып баяу сөйлеуде.)

Жаным мен сені жақсы көрем. Уайымдама жазылып кетесің.

Дулат:

(Телефон тұтқасынан )

Мен жайлы әзірге ешкімге айтпай-ақ қой. Бәрі бір ата- анаң ұрықсат бермейді.

Арай .

Сен ол жағын алаңдама! Оны өзім қатырам. Қорықпа мен сендікпін.

Дулат:

Шын сөзіңбе?

Арай:

Ия жаным. Әзірге сау боп тұр жан. Мен анама қолғабыс жасайын. Пока бетіңнен сүйдім.

Дулат:

Менде. Жоғалмай хабарласып тұр.

 

ИНТ: Ас бөлмесі. Түс.

Арай, Сәуле.

(Сәуле картоп аршып отыр. )

Сәуле:

Қызым кел. Көмектес.

Арай:

(Арғы бөлмеден айғайлап)

Казір мам. Келе жатырмын.

Сәуле:

Арай ботам. Күні бойы бөлмеңнен шықпайсың. Қолыңда телефон шұқылайсыңда жатасың. Сол соткада қандай магнит бар осы. Бір уақыт оны да демалтуға боладығой.

Арай:

(Соткасынан музыка қосып қойып билей жүріп ас мәзірін даярлауда.)

Мам қандай тамақ түскі асқа?

Сәуле:

(Дауысы қатқыл.)

Қарағым секеңдемей өшірші андағы бәлені. Бір уақ адам сияқты сөйлесейік.

Арай :

(Музыканы өшіріп. Анасына еркелеп бетінен сүйдіде қасына отырды.)

Иә анашым. Не айтпақ едіңіз.

Сәуле:

Қызым! Балалықты таста. Сен есейдің. Жасыңда біразға кеп қалды. Қыз жат жұрттық деген. Сөз байласқан біреуің бар шығар. Болмаса тамыр таныстарымыздан жібі түзу ертең жақсы семия боп кететіндей теңіңді қарастырып көрерміз.

Арай:

(Қатқыл үнмен.)

Жоқ керек емес.

Сәуле:

Ойбай о не дегенің.

Арай:

Мама... Менің сүйген адамым бар.

Сәуле:

(Қуаныштан таңданып.)

Жақсы болдығой. Енді содан айырылмауға тырыс ботам.

Арай:

Одан айырылғалы жатқан мен жоқ. Өлсемде айырылмаймын.

Сәуле:

(Сыр тартып сөйлеп отыр.)

Иә. Күйеу бала қай жақтан. Қандай адам. Қайда істейді? Мамандығы кім?

Арай:

Ол жағын әзір айтпай ақ қояйыншы анашым. Айтсам оған шығуға руқсат бермейсіздер. Мен білем. Ол сіздердің талғамдарыңыздағы адам емес.

Сәуле:

(Ренжіген кейіппен орнынан тұрып бара жатады.)

Жарайды кім болсада өзіңді силап жылатпай жүретін жан болса болды. Айтпасаң айтпай-ақ қой.

Арай:

(Анасын етегінен тартып отырғызады.)

Ренжімеңізші... Айтайын. Ең жақын сырласым өзіңіз ғанасыз.

Сәуле:

Ал тыңдалық!

Арай:

(Сөзді қалай бастарын білмей. Соткасынан суретін көрсетіп.)

Міне мына бала!

Сәуле:

Охо. Шымыр екен. жаман бала емес сияқты.

Арай:

Ол жақсы жігіт! Алты айдан бері ауруханада жатыр. Қазір сауығып келеді. Өкпесінен қатты суық тиген көрінеді. Қазір тәуір боп қалыпты. Дәрінің көмегімен. Мен оны аяаймын.

Сәуле :

Ой байқұс бала. Жеңіл киіммен жұқа жүретін болар. Қазіргі жастардың көбі сол...

Арай :

Жоқ мама, одан емес...

Сәуле:

Енді неден!

Арай:

(Паузадан соң терең күрсініп.)

Ол екі жыл отырып келген.

Сәуле:

(Көзі бақырайып. Бетін шымшып.)

О не дейт... Масқара... сосын

Арай:

(Бір нүктеге қадалып сөйлеп отыр.)

Екі жыл бұрын Астанада құрылыста жаз бойы жұмыс жасап, айлығын алып бір екі танысымен ауылға келе жатқанда қасындағылар күш көрсетіп бар тапқанын тартып алмақ бопты сол сәтте өзін қорғау мақсатында біреуін пышақтап тастапты. Сөйтіп аяқ астынан пәлеге ұрынған. Ауруға да түрмеде шалдыққан.

Сәуле:

Алла сақтасын! Әкең естімесін. Ұят болады... ата-анасы барма өзі?

Арай:

Ол қамауда отырғанда анасы қайтыс бопты. Әкесімен сексендегі кәрі әжесі ғана бар екен.

Сәуле:

(Ашуланып .)

Таңдаған тазға жолығады деген осы. Кеш болмай тұрғанда оны ұмыт. Алла сақтасын. Сені қайдағы біреуге беріп қойып қарап отыруға жүрегім шыдамас. Болды. Ол жайлы ештеңе айтпа. Әкең естісе нағыз масқара сонда болады. Дер кезінде айтқаның дұрыс болды. Байқұс баланы жайына таста!

Арай:

Адамның бір қателігі үшін оны жек көруге болмайды. Ол жақсы жігіт. Тіпті намазға ниеттеніп жүр. Күнде маған діни уағыздар айтады.

Сәуле:

Болды. Ештеңе деме. Ол сені дуалап тастағаннан саума.

Арай:

(Жыламсырап.)

Қайдағыны айтпаңыз. Біз бір бірімізді шын сүйеміз. Басты керегі де солғой!

Сәуле:

(Мейірленіп.)

Болды. Былаудай болмай сүрт көзіңді! Ең бастысы өзіңе ұнаса болды. Бізге ертең өкінбегенің керек. Әкеңе бірдеңеғып түсіндіруге тырысам.

Сәуле:

(Анасын құшақтап жылайды.)

Маған сеніңіз. Сіздерді жерге қаратпаймын. Қаншама жыл төлеп оқыттыңыздар. Ол жақсы адам әлі ақ дәлелдейді. Күтіңіздер!

 

2 – көрініс:

ЭКСТ: Аурухананың ауласы. Түс ауған мезгіл. Ағаштардың арасындағы оқшау орындықта  Дулат Пен Арай отыр. Алдарындарағы көгершіндерге нан қоқымын шашып қызықтауда.

Дулат:

(Көңілсіз.)

Сені бүгін келмейтін шығар деп ойлағам. Рахмет саған жаным.

Арай :

(Қолынан ұстап бетінен сүйеді.)

О не дегенің. Сені көргім келді. Сағынып үлгердім...Неге  көңілсізсің?

Дулат:

(Күркілдеп жөтеліп.)

Екеуміздің қосылуымызға ата-анаң қарсы болама деп қорқып жүрмін. Мен сезем екеумізді ешкім түсінбейді.

Арай:

Иә менде қорқам. Әсіресе әкемнен....

Кім не десе о десін. Мен тек сендікпін. Қане суық тиіп қалмасын ішке кір.

Дулат:

Сәл отыра тұрайық. Дала күн шуақ екен. қасымда сен болсаң болды ешқашан тоңбаймын. Айтпақшы жақсы жаңалығым бар. Келер апта шығарады бұл жерден.

Арай:

(Қуанып қол шапалақтайды.)

Бүгінгі күннің ең көңілді жаңалығы осы болды. Айтпақшы сен жайлы анама айттым....

Дулат:

Әзірге тұра тұрмадыңба? Жарайды не дейді?

Арай:

Басында қарсы болдыда аздап жұмсарды. Мен жылағансоң.... Әкеме түсіндіріп көрмек. Білем ол кісі руқсат етпейді.

Дулат:

Мейлі, шыға сала ауылға барып үй ремонттаймында. Сені алып кетем! Әжеме келін түсіріп бермесем болмай кетті.

Арай:

Ех жаным-ай, бәрі айтуға жеңілғой. Жарайды сол кезінде көрерміз.Міне саған қымыз сатып алдым. Өкпеге пайдалы екенғой.

Дулат:

(Арайды қатты қысып құшақтайды.)

Рахмет алтыным! А аа айтпақшы телефонымның бірлігі бітіп қапты ренжімесең сала саласынба?

Арай:

Әрине жаным!

3 – Көрініс

ИНТ: Ауылдағы үй. Қызыр. Сәуле ұлы келіні төртеуі дастарханда әнгімелесіп отыр. Көңілсіз. Екі жасар немересі ғана көңілді. Жүгіріп ойнап жүр.

Сержан:

Енді не стемексіздер Арайды?

Сәуле:

(Иегімен Қызырды нұсқап.)

Білмей қалдық енді... мына кісі шешедіғой. Жігіттің түрі анау.

Қызыр:

(Терең күрсінеді.)

Мен үзілді кесілді қарсымын. Бәлен жыл бағып қаққан еңбегіміз еш болмақпа сонда? Айт оған онымен кетсе үйге қайтып кірмесін.

Көркем:

Ол жігітті қойсын деп көндіріп көрмейсіздерме? Арай әпкенің ақылы бар. Түсінер.

Сәуле:

(Көзіне жас алып.)

Оның жасыда біразға келіп қалды. Тіпті кетеді деп ойласам жүрегім ауырады.

Сержан:

Уайымдамаңыздар әке, мама! Бәріміз жанжақтап тоқтатып көрейік.

Сәуле:

Ех бізді тыңдай қояр дейсіңбе? Есіл дерті сол адам.

Көркем:

Ертеңін де ойлау керек. Сотталған адам болса. Еш қайда жұмысқа жарамайды.

Сәуле:

Ертең оны алып қалған күннің өзінде, байсыз отырып қалса, немесе басқа біреуге барып бақытсыз болса олда қиынғой, обалына біз қаламыз. Мүмкін бөгет болмай бір ауыздан ұрықсатымызды берерміз.

Қызыр:

(Ашуланып орнынан атып тұрады.)

Не айтып тұрғаныңды білесіңбе ақымақ. Қайдағы бір сотталған жетім біреуге қалай қиясың... Ертең шыдамай ажырасып келсе сонда ол емес біз ұяламыз. Мына әулетке  күие жағылады. Мүмкін емес нәрсені айтпаңдар!

ИНТ: Айғай шу боп жатқанда сырттан Арай келеді. Өте көңілді. Бәрі үнсіз отырып қалады.

Арай:

(Сержан мен Көркемнің бетінен сүйіп амандасады.)

Оо о сәлем бердік бәріне! Бәріңіз жиналып қапсыздарғой. Той болайын деп жатырма?

Сәуле:

(Жақтыртпай кекесінмен.)

Иә. Той болайын деп. Сені ұзату тойы.

Сәуле:

(Әңгімені басқа арнаға бұрмақ болады.)

Иә жас отау. Қалдарын қалай?

Жеке үйге шыққан рахатпа екен?

Көркем:

Қайдағы үйрене алмай жатырмыз. Осында кеткіміз кеп тұрады қолымыз қалт еткенде. Келіңіз шәйға.

Арай:

Тәбетім болмай тұр іше беріңіздер!

Бөлмесіне кетеді.

Сержан:

Әңгіменің ашығы керек. Төрт көз түгел отырғанда бір шешімге келейік.

Арайдың өзіменде сөйлесейік.

Қызыр:

(Қатулы үнмен.)

Өздерің сөйлесіңдер. Айтарымды айттым. Саналарың болса ойланарсыңдар... түсіндірерсіңдер.

                     (Шығып кетеді.)

Сержан:

Ал мама бізде жылжиық. Көп уайымдамаңыз бәрі жақсы болады.

Көркем:

Қысымыңызда көп. Сізге уайымдауға болмайды.

ИНТ: Сержан Көркем балаларымен жиналып. Хоштасып сыртқа шығады.

ИНТ: Арайдың бөлмесі. Анасы екеуі ғана. Арай төсекте жатыр теріс қарап. Соткасын шұқылап.

Сәуле:

Қызым бері қара сөйлесейік?

Арай:

Не айтатыныңызды білем мама. Түсіндім бәрінде.

Сәуле:

Қызым түсінгенде сен дұрыс түсін. Ол сенің өмірің. Сенің ет жүрегің жақындарың біз ғана. Әкеңде ініңде келінде бәрі қарсы. Тек сені алаңдаймыз. Жақсы жерге барғаныңды қалаймыз.

Арай:

(Ашуланып.)

Болды мама зарлай бермеңіз. Армандарыңыз орындалады.

Сәуле:

Қандай арманды айтасың?

Арай:

Бүгіннен бастап Дулатты ұмытам. Одан бас тартам. Әкеме де айтыңыз.

Сәуле:

(Қызның маңдайынан сүйеді. )

Ақылдым менің. Ата-анасының ақылын тыңдаған адам еш қашан бақытсыз болмайды. Біз саған еш қашан жамандық тілемейміз.

Арай:

Онымен соңғы рет кездесіп. Бәрін байыппен түсіндіріп. Бір жола ат құйрығын үзісем.

 

4 – көрініс

ИНТ:  Арай жалғыз өзі бөлмесінде. Соткасына біреу звандады. Ол көпке дейін көтермеді. Телефон мазасыз. Теріс қарап ұзақ жатты.

Арай:

(Телефон тұтқасын көңілсіз көтерді.)

Дулат! Мен саған кеше адам сияқты түсіндірдім. Неге ұқпайсың!

Дулат:

Мен сені сағындым.

Арай:

Сағынғаннан пайда жоқ... Болды ертегіні доғарайық. Сау бол! Енді мазаламашы өтінем. Екеумізге бір болу жазылмаған.

Дулат:

 Жарайды қалауың білсін... жалғыз өтінішімді орындашы...

Арай:

Иә.бол тез айт. Уақытым жоқ.

Дулат:

Ертең ең соңғы рет кездесейік. Содансоң мазаламаймын. Сөз берем.

Арай:

Сау бол көреміз...

Дулат:

Ертең кешке келем күт!

 

Экст:  Кешкі мезгіл. Дулаттың үйінің ауласы. Бірең сараң ауыл әйелдерімен қарт адамдар тұр. Ілезде орталарына құйындатқан машина келіп тоқтады. Абыр-сабыр. Көлікте Арайдың жылағаны естіледі. Ауыл адамдары көңілді. Кемпірлер шашу шашады. Арайды ары тартып бері тартқан адамдар көліктен түсіре алмай әлекке салынады. Дулат қасындағы жігіттермен бірге жылағанына қарамастан. Күшпен түсіріп сабырға шақырады. Ол көнбейді.

Арай:

(Жылап еңіреп.)

Оңбаған дулат. Саған адам өмірі ойыншықпа. Айттымғой саған. Менің ата анам қарсы деп.Олар бәрі бір мені қалдырмайды мында. Мені акем Алып кетеді. телефонымды бер үйге айтам.

(Жұлқып шығып ай далаға қашады. Ауыл адамдары артынан қуды.

Дулат ұстап алып кері қарай алып келеді.)

Арай:

Жіберіңдер. Мен мында қалмаймын. Соттатам сендердің бәріңді.

(Ауыл адамдары сабырға шақыруда.)

-         Сабыр сақта балам!

-         Бәрімізде осылай келгенбіз!

-         Үлкен кісілердің сақалын силасаң, келісіміңді бер.Танымайтын адамың емес сөз байласқан адамың.

-         Жаман жерге келмедің. Бақытты боп кетесіңдер.

-         Бұл үлкен шаңырақ. Киелі шаңырақ. Оң аяғыңмен атта. Ашу душпан ақыл дос дейді. Ақылға кел.

ИНТ: бәрі жан жақтап үйге кірзізеді. Біреулер басына орамал тағып, халат кигізеді. Ал Біреулер үйге қой жетектеп келеді.

-         Ал ақсарбас. Алақан жайыңыздар.

-         Ақсақал бата беріңіз.

ИНТ: Сақыштың шаңырағы. Ауылдастар мәз мейрам. Тойлатуда. Арақ құйылуда. Ән айтылуда. Арай басқа бөлмеде егіліп жылап отыр.

 

Сақыш:

Қызара бөртіп сөйлеп тұр төр басында.

Құрметті! Туыстар! Ауылдастар! Қуанышқа ортақтасып келгендеріңізге рахмет. Бүгін ерекше күн. Әжесінің  көз қуанышы жарады. Келін әкеліп қолын ұзартты. Бұл күнді көп күттік.Бұндай қуанышты неге тойламасқа. Бүгін неге ішпеске. Қанекей екі жас бақытты болсын деп алып қоялық. Қысылмай алып отырыңыздар.

-         Әмин !

-         Бақытты болсын.

-         Келіннің жүзі нұрлы екен.

 

5 – көрініс

ИНТ:  Түн. Үйдің іші. Ұзаққа созылған үнсіздік.Қызыр мен Сәуле екеуі екі жақта үнсіз отыр. Дастархандағы тамақ желінбеген. Шәй ішілмеген. Сол қалпы тұр. Суып қалған.

 

Сәуле:

Болар іс болды, бояуы сіңді. Ол қыз дегенін істеді.

Қызыр:

Сен ғой. бәрін ұйымдастырған. Бұл сенің ықпалыңмен болды ғой мойындашы.

Сәуле:

Ойбай. Есің дұрыспа. Мен одан құтыла алмай жүр дейсіңбе? Өз аяғымен кетті, кетсе. Неменеге маған қаңқылдай бересің. Сонда мен екем ғой ана бәлені тауып берген. Болды есіңді жи.

Кеттік. Ана қызды еңіретпей алып кетейік қаласаң.

Қызыр:

(Ашуға булығып.)

Саған бәрі оңайғой. Ел бетіне қалай қараймыз. Ертең бетімізге таңба. Табалдырық аттап қойды әкеле алмаймыз.

 

Сәуле:

Сонда...Сонда еңіретіп қоямызба? Ол үйде жүріп тұра алмайтын соқыр кемпір бар дейді. Енді соны бағып отырады. Жігіттің әкесі ішет дейді оның үстіне.

(Өксіп жылайды.)

Қызыр:

Болды!  Өзі таңдады. Біз айттық. Тыңдамады. Ол енді кісінің адамы.

ИНТ: Сәуле өкіріп жылайды. Өзін ұстай алмаған Қызыр шайдің заваркасын құйған шәйнекті. Әйеліне қарай жіберіп қалады. Шайнек төбесінен зу етіп өтеді. Ішіндегі бояуы шыққан су Сәуленің үстіне төгіледі. Ол күйеуінен қорқып бұға қалады. Дауысы бәсеңдеп.

Қызыр:

Болды.сарнай бермей өзіңді қолға ал. Жаман рым бастап қайт деп отырсың. Кеткен қыз кетті. Енді абройды төгіп қайтып келмесін деп миына құй оның.

 

ИНТ:Қызыр сыртқа шығып кетеді, Сәуле Үнсіз ғана жылап отыр.

Сәуле:

Байқұс қызым.

ИНТ: Аздан соң ұлымен келіні келді баласын алып.

Сержан:

Сәлеметсіздерме! Қалдарыңыз қалай! Неге жылап отырсыз?

Сәуле:

Әлгі қыз...

Көркем:

Болды қысымыңыз көтеріліп кетер. Сабыр сақтаңыз. Енді жылағаннан пайда жоқ.

Сержан:

Ең бастысы бақытты болсын деп тілейік.

Сәуле:

Дұрыс айтасыңдар. Мына жаман неге амандаспайды!

Немересін шақырып иіскейді.

Сержан:

Айтпақшы әкем қайда?

Сәуле:

Олда байыз таппай жүр. Оңай емесқой. Сыртқа шығып кетті. Казір кеп қалар. Бәріміз тамақтанайық. Ең бастысы ден сау болсын.

 

 

 

6 – көрініс.

ЭКСТ:  Түн. Жол жөндейтін. Машиналар. Қамаздар қаз қатар тізіліп тұр. Сержанмен Дулат. Жасырынып ақырын келе жатыр. Көліктердің бактерін тесіп жанар май ұрлап үшін.

Сержан:

(Сыбырлап.)

Жездешка. Кеттік. Құрысын.

Дулат:

Ой қорықпа балдыз. Қәзір бәрін қатырам. Үйрен. Тірлік жасауды.

Сержан:

Кеттік дейм. Бәлеге қаламыз. Ұсталамыз.

Дулат:

Саспасай. Бұл менде бірінші рет емес. Үйреніп алсаң түк қиындығы жоқ.Тыныш еңкей жат біреу жүр. Күзетші ау дим. Мә  мына конестрді кәзір белгі бергенде  алып кел.

Сержан:

Жақсы...

ИНТ: Дулат теріс қарап тұрған күзетшіні бір ұрып құлатты да Сержанға белгі берді. Екеуі тездетіп жанармай құйып алды да. Тайып тұрды.

7 – көрініс.

Экст: Таң. Бұзылған ескі  ғимараттардың маңы. Екеуі көңілді сыра ішіп отыр.

Дулат:

(Қарқылдап күліп.)

Қалай балдыз көңіл күй. Қатырдық ә!

Сержан:

Жаман емес. Енді олар бізді қатырып кетпесін де...

Дулат:

Бала сияқтысың.

(Қалтасынан ақша алып шығып Сержанның өз үлесін ұсынды. Ол бас тартты. Күшпен қалтасына салды.)

Дулат:

Бұл жайлы ешкімге тіс жарма. Ок. Ааа айтпақшы демалып қайтпаймызба... қыздарға барып дегендей.

Сержан:

Алла сақтасын. Қума.

 

7- Көрініс

ИНТ: Көктем.Бес ай өткенсоң. Ауыл. Үйдің іші. Төсекке таңылған кейуана самайлары аппақ. Үнсіз мүлгіп отыр. Арай шай тамағын беріп. Көрпе жастығын ауыстырып күтім жасап жүр.

ЭКСТ:  Жаңбыр жауып тұр. Дала саз. Сенделіп сүрініп жығылып Сақыш келе жатыр. Шылқа мас. Көшеде өтіп бара жатқан жас қызды тоқтатты. Ол тоқтамай боқтап жіберді. Сақыш қарқылдап күлді.  Жолдың оң жағындағы дүкенге келді. Пакетпен арақ алып шықты.

ИНТ: Сыртта сақыштың әндеткені  естіледі. Арай елең етіп есікке қарай келді. Қорқып түрі бұзылып кеттіде бөлмесіне тығылды.

Сақыш:

(Көңілді. Тілі бұратылып.)

Бұл үйде тірі жан барма өзі. Апааа. Мен сені жақсы көрем. Қайдасыңдар. Төтенше қуанышты жаңалығым бар.

ИНТ: Арай көзі жасаурап бөлмесінің есігін арқасымен басып тұр. Сақыштың даусы естіліп тұр.

ИНТ:  Сетер апа төсекте отыр көзін жұмып. Мүгедек.

Сетер:

Бұл қайсысың?

Сақыш:

(Дауыстап кіріп келді.)

Менғой апа ұлың. Жағдайың қалай?

Сетер апа:

(Ұлының қолынан ұстап).

Қалай дейтінің барма? Өлмегенсоң отырмызғой?

Сақыш:

Жаңа келген жас келін бабыңды таппай жатқан болар.

Сетер апа:

Ооо не дегенің шырағым... Обалы қанекей асты үстіме түсіп әлек. Келінге ризамын. Шай тамағымды уакытылы береді. Өте ақылды бала. Аман жүрсін құлыным. Әлгі ұл қайда?

Сақыш:

Білмеймін апа. Білмеймін. Үйге қонуды да сиреттіғой. Бірдемеге ұрынып қалмаса жарар еді. Апа мен саған керемет жаңалық айтайын. Дайындалыңыз... Мен тағыда үйленуге шешім қабылдадым. Енді жағдайың жақсарады. Сол қуанышты аздап атап өткемінғой... айып ете көрме...

Сетер:

 Не дейд... кет әрмен. Ұлыңмен жарысып қайтесің балам.

Сақыш:

Әлі жаспынғой.  Жап-жас ақылды. Сулу. Әйелмен таныстым. Бар жоғы 45 жаста.  Есімі Зәуре. Екі жарты бір бүтін болмақпыз. Өзімен он жетідегі қызын ертіп келеді. Есімі Мөлдір. Олда қолғабыс жасайды саған апатай. Екі жыл бұрын күйеуі басқа әйелмен кетіп қапты.

Сақыш:

(Үнсіз біраз уақыт отырды да.)

Өзің біл балам. Ешкімді де өзекке теппеймізғой. Тек қандай адам екенін құдай біледі...

Сақыш:

(Апаның арқасынан ұйқалаған болады.)

Біле білсеңіз... Ол өмір көрген әйел. Шынымды айтсам өзіңді бағып қаққызу үшін алмақпын. Мына келінің әлі жас. Білетіні біреу білмейтіні миллион. Соңғы кезде ұнамай жүр.

Сетер:

Тәйт! Олай деме. Естіп қалар. Әлі жас. Ақырындап үйренер.

Сақыш:

(Сетердің қолын ұстап отыр.)

Арай! Араааай ! оу келін?

Арай:

Иә әке.

Сақыш:

Әжеңе неге дұрыс қарамайсың. Қолы тастай. Тез от жақ. Сосын шай қайнат.  Басым ауырып тұр.

Арай:

Жақсы қазір.

(Шегініп шығып кетеді...)

Сақыш:

Тоқта. Тоқта .

(Арай қайта келеді.) Шайды тоқпен емес отпен қайнат. Ақша шығады.

Арай:

Жақсы әке! (Кетеді.)

Сетер:

Болды қазымыр болмашы. Өзі бәрін біледі.

Сақыш:

Жоқ бұл келіннің білмейтіні көөөөп. Алдында жөн көрсететін енесі жоқтанғой!

Сетер:

Ұят емеспе. Қалай сөйлейсің.

8- көрініс:

ЭКСТ: Көктем. Күншуақ.Картоп егетін егіндік алқабы. Сержан Трактирмен жер жыртып жүр. Жыртылған жерде құжынаған қара қарғалар құрт теріп жүр. Бір шетінде Қызыр, Сәуле, Көркем,  Дулат төртеуі картоп салып жүр. Дулат терлеп бар ықыласымен жұмыс жасауда. Қалғандары баяу.

Сәуле:

(Күйеу баласын меңзеп.)

Пысық екен. еті тірі. Бекерге байбаламдап уайымдаппыз.

Қызыр.

(Шлапасын шешіп маңдайына салқын су септі.)

Иә мықты бала екен. Ең бастысы еңбеққор. Жаман жігіт емес сияқты. Шөлдеген болар сусын апарып бер.

Сәуле:

(Көзін қысып.)

Үндеме. Түбінде осы бәрімізді асырайды. Қазір шалап апарып берейін.

(Айғайлап.) Балалар асықпай істеңдер. Дука арасында дем алып ала ғой балам. Асығыс жоқ. Мә шалаптан ішіп жіберіңдер.

(Шалап апарып береді.)

ИНТ: Үй іші. Дастархан басы.  Картоп салғандар тамақ ішіп отыр.

Сәуле:

Жарадыңдар балалар. Рахмет бәріңе. Сендер болмасаңдар шал екеуміз бүгін бітіре алар емес екенбіз.

Көркем:

Күйеу балаңыз бәрін мандытқан.

Дулат:

Көп мақтамаңыздар. Мақтаған қыз тойда «нағылат» демекші...

ИНТ: бәрі көңілді. Күліп отыр мәз мейрам.

Сәуле:

Қызымыздың ден саулығы қалай!

Дулат:

Жақсы. Үйреніп қалды. Ренжімесеңіздер мен жылжиын. Үйге бармағалы біраз болды.

Қызыр:

Екі кештің арасында жолға шықпай ақ қой. Қон.

Сәуле:

 Иә. Түн болды. Жарықта бірақ кет.

9 – Көрініс.

ИНТ:Кешкі уақыт. Үй іші. Ас үйде. Зәуре, Сақыш, Мөлдір шәй ішіп отыр.

ИНТ: Кешкі уақыт. Араймен Дастан бөлмесінде сөйлесіп отыр. Дулат ашулы. Тағат таппай жүріп жүр.

Дулат:

Әкемдікі дұрыс емес. Анамыздың орнын ешкім баса алмайды. Қазір көрсетем бұларға. Қуып шығам үйден. Не ол не біз кетеміз.

Арай:

Сабыр сақта. Ақылға салайық!

Дулат:

Бұл не масқара. Алпыстағы еркекке не керек әйел. Түсінбеймін. Әкаемде бір...

Арай:

Әкемді ренжітпей ақ қойялық. Бәрі жақсы болады. Жалғыз сырап жүрғой. Сырласар ешкімі жоқ. Түсіністік танытайық.

ИНТ: Таң. Арай шаң сорғышпен үй тазалап жатыр. Зәуре жақтыртпай алай бұлай өтіп жүр. Бір айналып келдіде шаң сорғыштың кнопкасын басып сөндіре салды.

Зәуре:

Не болды таң атпай сарнатып. Өшіре тұршы. Қызым ұйықтап жатыр.

(Арай шаң сорғышты алып үнсіз кетті.)

ИНТ: Сетер әженің бөлмесі. Арай демеп арқасын көтеріп отырғызды да дұрыстап шәй  тамағын беріп жатыр. Аздансоң Зәуре кіріп келді.

Зәуре:

Қане мен берейін. Бүгіннен бастап әжеміз менің қарауымда болады.

ИНТ: Арайды қолымен итеріп ысырып тастайды. Арай мен Әже жақтыртпай үнсіз қалады.

Зәуре:

Арай бара бер. Өз шаруаларыңды істей бер!

(Арай кетеді.)

ИНТ: Сақыштың бөлмесі. Сақыш газет қарап отыр. Мөлдір мен Зәуре Киімдерін ыңғайлап жатыр .

Зәуре:

Мына қырық жылғы шкапқа ештеңе симайдығой. Мөлдір сенің киімдеріңді қайда қойсақ екен. Сен қайда жатар екенсің?

Сақыш.

Кеше жатқан жеріне жата берсін. Залдағы диванға.

Зәуре:

Иә бүгіннен бастап зал сенікі қызым.

Мөлдір:

Мам. Залға жатқым келмейді. Онда дұрыс шкаппен айнада жоқ. Оның үстіне өте кең. Іші салқын екен. кеше түнде тоңдым.

Зәуре:

Енді не стеейміз. Әкеңнен бір қайыр болмаса?

Сақыш:

Апамызды , залға жатқызайық.

Зәуре:

Табылған ақыл. Ол кісі кәрі көп нәрсе талғамайды ғой. ыстық суыққа еті үйренген.

Мөлдір:

Киім кешекті қайда қойсам екен.

Сақыш:

Аға жеңгең шкабынан орын табылар. Оларда бос орын көп. Сонда сал.

ИНТ: Сетер апаны жан жақтап көтеріп  төсек орнымен залға көшіреді. Диванды әженің төсегінің орнына апарады. Сетер апаның бөлмесін Зәуре қызына босатқызып береді.

10 – Көрініс.

ЭКСТ: Дала. Отын үйдің алды. Дулат шөркелерді жарып жатыр. Арай жарған ағаштарды жинап жүр. Аздансоң дөңбекке отырып дем алады. Арайдың іші томпайып тұр. аяғы ауыр.

Дулат:

Айттымғой мана. Өзім жинаймын деп. Шаршасаң үйге барағой.

Арай:

Жоқ шаршамадым. Жақында Сержанның баласы үшке толады. Кафеде тойлайды екен. ертерек барып керек жарағына көмектесейік.

Дулат:

Мен мен ертерек барып көмектесейін. Сен апама қара.

Арай:

Ол кісіні қарайтын мамамыз барғой!

Дулат:

Аааа сол бар еді ғой. үйрене алмай жүрмін. Бір түрлі адам. Мүмкін жеке шығамыз. Үй жалдап.

Арай:

Қайдағы үй жалдаған. Ешқандай кіріс кірмесе, қалай төлейміз?

Дулат:

Қорықпа бірдемесі болар.

Арай:

 Мен босанғанша осында болайық. Шыдай тұрайық.

Дулат:

Жақсы.

 

11 – көрініс.

Экст. Түс кезі. Қала.  Сержанның үйінің ауласы. Қызыр Сәуле, Көркем, Арай, Дулат бәрі киіз үй тігіп жатыр. Дулат бақанмен шаңырақ көтеріп тұр. қалғандары жан жақтан уық шаншыды. Бәрі көңілді. Әсіресе Дулат бәрінің көзіне түсіп жүр. Әр ісі тиянақты.

 

12- көрініс.

ЭКСТ:Дала. Дулат терісін іреп, қой сойып жатыр.

13 –  Көрініс.

Экст: Дала.Дулат бас үйтіп жатыр.

14 – Көрініс.

ИНТ: Киіз үйдің іші. Көркем мен Арай қабырғасына оюлы түскиіз іліп, астына текемет төсеп жүр.

Көркем:

Арайка ертерек келіп көмектескендерің жақсы болды. Дулат жезде пысық екен. жалғыз өзі қаншама шаруа тындырды.

Арай:

Айттымғой басында. Ол пысық жігіт деп. Көп адам шақырдыңыздарма?

Көркем:

Аса көп емес. Ет жақындар ғана. Шамамен бес стөл адам.

Арай: олда аз емесғой:

Экст: Көңілді музыка қосып қойған. Қонақтар Киіз үй алдында билеп жүр.  Көркем ортаға ұзын ақ мата жайды. Сәуле немересін жетелеп келді.

Қызыр:

Ал құрметті ағайын. Бүгінгі немереміз Сұлтанның туған  күніне  хош келіпсіздер! Осы сәтті пайдаланып қазақтың салты бойынша тұсауында кесіп жібермекпіз.

(Жиналған қонақтар қол соғады. Арай мен көркем Сұлтаның аяғын ала жіппен байлайп қонаққа келген балалардың біріне тұсау кескізеді. Сақыш бата береді.)

ИНТ: Киіз үй. Той. Көңілді. Дулат қымыз құйып, астаумен ет әкеліп тыным таппай жүр.

15 – көрініс.

ИНТ: Машинаның іші. Рульде Сержан. Артында Арай Сәуле және. Алдында Қызыр отыр.

Сержан:

Мам. Қалай болды.

Сәуле керемет болды.  Бәріңе рахмет.

Қызыр:

Ас су мол болды. Қой семіз екен.

Сәуле:

Ой күйеу баланы ұмытып кетіппізғой.

Арай:

Қатты ұйықтап жатқансоң оятпадым. Ертең қаладан жұмыс қараймын деп жүрген. Асықпай келедіғой.

Сәуле:

Оятпағаныңда дұрыс болды. Бүкіл шаруаны сол бітірді. Байқұс ақ көңіл. Туыс дегенде аянып қалмайды.

Сержан:

Пысық екен жездеміз.

Арай: Жә мақтамаңыздар. Өзі естімесін.

Сәуле:

Естісе ести берсін жақсының жақсылығын айт нұры тасысын демейме.

Арай:

Сержан мені ауылға жеткізіп тастайсыңғой иә.

Сержан:

Ертең жездеммен кетпейсіңбе?

Арай:

Ол келіп болғанша қай заман, асықпай қаладан жұмыс бірдеме іздесін. Мен бүгін кете берейін. Үйде апаға да қарау керек.

Сәуле:

Ол кемпірдің алгі қатын өзі қараймын деп айтты деммеппеді.

Арай:

Ол дұрыс қарамайды. Апам ол дайындаған тамақты ішпейді.

Қызыр:

Неге?

Арай:

Білмедім!

Сәуле:

Ех қызым. Сол алжыған кемпірді енді қанша бағар екенсің? Бағың ашылмадығой.

Арай:

Олай демеңіз. Уайымдамаңыздар. Менде бәрі жақсы. Үйреніп қалдым. Маңдайға жазғаннан ешкім қашып құтыла алмайды.

Сәуле:

Жарайды болмаса үйлен бір шай ішіп шық.

Арай:

Жақсы мам...

16 – Көрініс.

ИНТ:  Киіз үйдің іші. Көркем ыдыс жуып тұр. үстінде халат. Басында ақ орамал. Аздансоң Дулат келді.

Дулат:

Қатты ұйықтап қалыппын.Бәрі қайда кеткен? Тірі жан жоқпа десем мында сен бар екенсіңғой.

Көркем:

Иә. Қатты ұйықтап қапсыз. Апкем оятқызбады. Сіз қаладан жұмыс қарайды дедіме?

Дулат:

Ааа Иә.

Көркем:

Сержан мамамдарды ауылға алып кетті.

Сержан:

Мында екеуміз ғана қалғанбызба көш соңында?

(Қалжыңдаған болып  бетінен шымшиды.)

Көркем:

(Ұялып ыңғайсызданады)

Сіз беті қолыңызды жуа беріңіз. Мен шай қояайын сізге.

Дулат:

Жақсы.

(Лып етіп шығып кетеді.)

17 – көрініс.

ИНТ: Машинаның іші. Сержан Арайды үйіне апара жатыр. Арай ұйықтап отыр. Сержан ойға шомып үнсіз келе жатыр.

18-көрініс.

ИНТ: Киіз үй. Дастархан басы. Дулат төрде күлімдеп отыр. Көркем шай алып берді сол кезде жағасы кеңдеу халаттан омырауы көрінді. Дулат көз алмай ішіп жеп қарады да мырс етті. Көркем ұялып төмен қарап қалды. Үнсіз отырды.

Дулат:

Сұлтан батыр қайда?

Арай:

Ауылға ата әжесімен еріп кетті. Қалмай.

Дулат:

Той жақсы өтті. Бәріне көмектесіп жүгіріп жүрген рахмет сізге жезде!

Дулат:

Қой...қой.. қайдағы рахмет. Солай ғана құтылмақсыңба? Рахметің сол жалғыз сөзбе?

Көркем:

(Қысылып.)

Қойыңызшы.

Дулат:

Осынау оңаша сәтті пайданланып қалмаймызба? Маған айтқан рахметің сол болсын.

Көркем:

Не айтып кеттіңіз? Сөздеріңіз бір түрлі екен. болсаңыз тез кетіңіз!

Дулат:

Сен не қуып тұрсыңба? Бір шаруам бар тындырамда кетем.

Көркем:

Қандай?

Дулат:

 Екеуміз бірге жасайтын тірлік. Ешкім жоқ ғой  жақын отыршы.

(Қолынан ұстайды.

Арай Қолын жұлып алып. сыртқа қашады. Дулат бірінші барып есікті іліп алады да Көркемді сүйіп аймалай бастайды. Көркем айғайлап жұлқына бастайды. Сытылып шығып төрге қарай қашады. Шәйнеке сүрініп текеметке құлайды. Дулат үстіне шығып шешіндіре бастайды. Зорламақ болады. Қатты қорыққан Арай жалынып жалбарынады:)

Көркем:

Өтінем тиіспеші. Құлың болайын. Меннен не керек.

Дулат:

Жап аузыңды!

(Қылқындырады.)

Көркем:

(Жылап. Бұлқынады.)

Үндемей жүріп нағыз айуан екенсің. Осы үшін жауап бересің. Жазаңды аласың. Қарғыс атқыр айуан.

 

Дулат:

Жап аузыңды.  Оданда өз еркіңмен келіс. Ләзәтқа бат.

Көркем:

Жібер деймін... жібер...  қазір Сержан келіп сазайыңды береді!

Дулат:

Ол боқ мұрын не стей алады. Қорқақ. Ол тіпті келіп үлгермейді. Келсе өзі бастап мойныма асылды деп айтам.

Көркем:

Ол маған сенеді.

Дулат:

Болды зарлама. Егер бұл оқиға тісіңнен шықса менен жақсылық күтпендер. Тұқымдарыңды тұздай құртамын. Ең бірінші балаңды, сосын күйеуіңді өлтірем.

Көркем:

Оларға тиіспе. Сенен бәрі шығады. Бұл әрекетіңді еш қашан ұмытпаспын.

Дулат:

Сен сондай тартымдысың.

(Сүйіп аймалайды. Ол бұлқынып мүмкіндік бермегенсоң мойынынан қысып талдырып тастайдыда. Зорлайды.)

ИНТ: Ауылдағы үй. Көркем өксіп жылауда Сәуле қосылып жылап отыр. Қызыр  үнсіз . Сержан шарасыз тағат таппай жүріп жүр.

Сержан:

 Ол малғұнды өлтірем.

Қызыр:

Сабыр сақта. Асығыс шешім қабылдама.

Сержан:

Мынандай қорлықты үнсіз қалдырамызба.мен оны соттатам. Түрмеде шірітем.

Қызыр:

Ашуға берілмейік. Арайды да ойлайық. Арай естісе жамАн болады. Ол өзін тірі қалдырмайды. Оның үстіне аяғы ауыр. Сұлтанды да ойландар, оған бірдеме істесе қайтеміз. Жұрт естісе тағы жаман. Қара күйе жағылады әулетімізге. Жұрттың аузына қақпақ бола алмайды.

Сержан:

Мен бұны жай қалдырғым кеп тұрған жоқ. Көркемді жылатып қойып қарап отырымызба?

Көркем:

(Өксіп жылайды.) Өтінем Ол сұмырайға жоламаңдар. Одан бәрін күтуге болады. Біреуге тіс жарсаң туыстарыңның бәрін құртам деген. 

Сәуле:

Тіпті сене алар емеспін. Әп әдемі адам сияқты жүр едіғой. Қадай түлен түртті екен... сол отбасымызға қырсық боп жабысты. Ана қызға басында айттықғой онымен әуес болма деп. Тыңдамай кетті. Міне содан бері әйтеуір бір қырсық болады да қалады. Ана сұмырайды ешкім жеңе алмайды. Тек білмеген адамдай жүреміз. Басқа амал жоқ. Жазасын алла берсін қан ішердің.

Сержан:

Жалғыз қалдырмау керек еді.

Қызыр:

Ондайды ешкім күтпеді ғой. Бұлай боларын кім білген.

Көркем:

Мен енді ешқашан жалғыз қалмаймын. Сержан жұмысқа кеткенде қорқам.Осында көшіп келсек қалай қарайсыздар.

Қызыр:

Келіңдер. Бұл сендердің үйлерің.

Сержан:

Сонымен не стейміз енді? Бір шешімге келейік? Егер қарсы болмасаңыздар. Арайды акеп алыңыздар. Ал ана малды соттатайық.

Сәуле:

(Жылап күрсініеді).

Ізі суымай тұрғанда  арыз жазып, ұстатып жіберерміз мүмкін. Қорқып отырамызба.

Қызыр:

Бәріңді түсінем. Қиын жағдай. Бұл үлкен тығырық. Ары тарсан арба сынады бері тартса ат өгіз өледінің қалығой. Оны ажыратып алсақ бәрі ушығады. Соттатсақ тіпті қиын. Бір күні шығады ғой бәрі бір. Немесе адам салады.  Жалғыз амалы бар, іште сақтап түк болмағандай жүреміз. Соңғы сөзді келін өзің айтшы?

Көркем:

Білмеймін. Менің кесірімнен бәрі зардап шекпесін. Сіз айтқандай іште сақтап жүрейік. Бар жазасын алла берсін.  Түк болмағандай жүре берейік. Басқа амал жоқ.

Сержан:

Мама сіз не айтасыз?

Сәуле:

Не дерімді білмеймін.

(Жылайды.)

Қызыр:

Жыламаңдар болды.

Сержан:

Қиын болды. Бірақ ең дұрысы бәріміз үшін де қауіпсіз жалғыз амал түк білмегендей жүре беру. Енді оны көргенде бет перде киіп жүреміз барлығымыз.

19 – Көрініс:

ИНТ: Түн. Сақыштың таныстарының үйі. Ас үйде Зәуре тағы басқада маскүнемдерді жинап алған ішіп отыр.

Танысы:

Ал Саке! Екеулеріңіздің махаббттарыңыз үшін. Жіне ден саулық үшін алып қоялық.

Сақыш:

Рахмет. Рахмет. Сен менен қайда әлде қайда жассың. Жалғыз жүргенше жар іздеп таппайсыңба?

Зәуре:

Соны айтам...

Танысы:

Айтуға оңай ғой. таппай жүрген жоқпызба? Тауып берем десеңдер қарсы емеспін. Қыз дайын болса біз дайын. Қане алып қойайық.

Соғытырып іщеді.

20 – көрініс.

ИНТ:Үйдің іші. Үйде Арай мен Сетер ғана. Сетер апа қатты ауырып жатыр. Арай не стерін білмей ала сұрып жүр. Дастанға телефон соқты. Ол тұтқаны көтермеді. Сетер жедел жәрдем шақырды. Сетер апа сандырақтап  сөйлеп жатыр.

Сетер:

(Дауысы әлсіз. Қиналып сөйлейді.)

Рахмет саған Арайжан құлыным.қаншама уақыт еш қабақ шытпастан бағып қақтың. Саған алла разы болсын. Анау Зәуре мен кетті қыдырып. Екеуіде ішіп жүр. Зәуреден абай бол. Дулат қайда?

Арай:

Қалаға кеткен. Кештетіп келіп қалар. Дәрігер шақырдым олда кеп қалар. Жазылып кетесіз. Дәрі ішсеніз. Мүмкін қысымыңыз көтерілген болар.

ИНТ: Дәрігерлер келеді. Укол салады. Дәрілер береді.

Дәрігер:

Тамақтан болу керек. Мына дәрілерді ішкізіңіз. Қорқатын түк жоқ. Кәрі кісілер жйі ауырады.

(Кетеді.)

ИНТ: Үйдің іші. Сақышпен  Зәуре. Қызып алған. Сетердің қасында отыр.

Сақыш:

Уайымдамаңыз. Сауығып кетесіз.

Зәуре:

(Өтірік жыламсырайды.)

Ауырмаңыз апа. Сіз бізге керексіз. Шаңырақтың киесі сізсіз. Бір сәт қасыңызда болмай қалып едім. Анау Арай дұрыс қарамаған ау шамасы.

Сетер:

Жетер. Еш қайсың мені мүсіркеп аямаңдаршы. Арай ниеті таза жақсы қыз.

Зәуре:

Біз жоқта ауыртқан сол. Сіз оны дұрыс білмейсіз.

Сетер:

Болды ештеңе демендерші. Бөлмеден арақ мүмкіп кетті.

Сақыш:

Айып етпе апа. Достарымыз ренжиміз деп болмағансоң аздап ішуге тура келді. Сіз дәрі ішіп тынығып алыңыз. Біз шыға тұрайық. Бірдеңе керек болса Зәуреге айтыңыз айғайлап.

Екеуі шығып кетеді.

ИНТ: Арайдың бөлмесі. Зәуре мен Сақыш кіреді.

Зәуре:

Нағып жатсың... түк білмеген адамдай. Біз жоқта апаға не беріп ауыртып тастағансың.

Сақыш:

Сен... нағыз екі жүзді адам екенсің.  Бүгін түнеп шық. Ертең көрмейтін болайын. Менің анамды өлтіргің кеп жүргенін білеміз.

Зәуре:

Иә. Сенің ойың жаман... анау қаңғыбас келсе табандарыңды жалтыратыңдар. Бұл біздің үй.

Арай:

Атып тұрып жынданып айғайлайды.

Жетер. Жетер. Шыдамныңда шегі бар. Үндемеген сайын басқа шықтыңыздар. Жала жауып тұрсыздар. Кет демесеңіздерде кетеміз.тек апа үшін жүрміз.

Зәуре:

Апа үшін дейді күлкімді келтірме.Сен өзің үшін жүрсің ақымақ. Сен апаны ауруғып тастадың өзі ауру адамды.

( Кеудесінен итеріп қалады. Ол төсекке шалқасынан құлайды. Өксіп жылайды.)

20 – көрініс

ИНТ: Түн. Көркеммен Сержанның бөлмесі. Көркем ұйықтап жатыр. Сержан ояу мазасы болмай отыр. Аздансоң көркем оянды.

Көркем:

Неге ұйықтамайсың?

Сержан:

Мазам болмай. Кеуде тұсым қысып ұйықтатпады.

Көркем:

Бұл бірінші күн емесқой. Қаншама күн болды. Ұйықтамай шошайып отырасың. Ертең дәрігерге қаралшы.

Сержан:

Иә. Уайымдама. Жұмыстан жіберсе барып қараламын.

(Көркем Сержанның арқасын ұйқалап. Суық су әкеп береді.)

Көркем:

Ертең еріп барам қараласың жақсыма жаным?

Сержан:

Ок. Су ішіп жақсы боп қалдым. Ұйықтайық. Қайырлы түн.

 

21- Көрініс

ИНТ: Таң ағарған уақыт. Арайдың бөлмесі.

Арай,  Дулат.

(Киім кешектерін жинауда.)

22 – көрініс.

Экст. Көктем. Ауыл . Арай мен Дулат есік алдындағы жигулиге жүктерін тиеп үнсіз көшіп кетті.

23-Көрініс.

ИНТ: Ауыл шеті. Екі бөлмелі времянка. Арай мен Дастан Киім кешектерін орналастырып жатыр.

Арай, Дулат. Времиянка иесі Мұрат.

Дулат:

Рахмет Мұрат аға!

Мұрат:

Оқасы жоқ. Күтіп тұрыңдар. Жақында ғана ремонт жасалды. Жихаздары да ішінде бәрі дайын.

Арай:

Бұл жақсылығыңызды еш ұмытпаймыз. Алла риза болсын.

Мұрат:

Жәрайды. Әмин. Ақшасын кешіктірмеңдер.

Дулат:

Маған сеніңіз.

 

23 – көрініс

.ИНТ: Кеш.Аурухананың іші. Дәрігердің кабинеті.

Дәрігер, Сержан, Көркем.

Сержан мен КөркемДәрігермен сөйлесіп отыр.

Дәрігер:

Сараптама нәтижесі өте жақсы. Қорқатын дәнеңе жоқ. Жүрегіңіз сап-сау.

Қысымыңыз қалыпты.

Сержан:

Сонда қалай!

Дәрігер:

Жұмыс жеріңізде улы зат болуы мүмкін. Соның кесірінен мазаңыз болмай жүруі мүмкін.

Көркем:

Дәрі жазып беріңізші.

Дәрігер:

Әрине. Битаминдер алып ішіп таза ауада көп жүріңіз. Имунитетті жақсартыңыз. Сорпа жеңіз. Қымыз ішіңіз. Натуральны дәрі сол.

24 – Көрініс: ИНТ:  Түс кезі. Ас бөлмесі.

Мөлдір, Зәуре.

Зәуре:

Қызым жағдайың қалай?

Мөлдір:

Жақсы.

Зәуре:

Кел. Жақында.

Мөлдір:

Дулат ағалар неге көшіп кеткен.

Зәуре:

Ей білмеймін. Ұстама кетсін. Менің қалауымда сол еді ақырындап орындалуда. Мына шалда айтқанымнан шықпайды. Екеуміз ешкімге керек емес екенімізді ұмытпа. Өз жағдайымызды өзіміз жасау керекпіз. Қашаңғы қиналамыз.мына кемпірді масыл қылмай бір жағына шығару керекпіз.

Мөлдір:

Не айтып кеттің мам. Не айтып тұрғаныңды білесіңбе?

Зәуре:

Әрине! Өзіміз әрекет ету керекпіз.

(Шөлмекке толтырып су құйып оған ұсақ ұнтақ қосады.)

Мынаны ана кемпірге бірдеңеғып тамаққа қосып ішкіз. Менің бергенімді мандытып ішпейді.

Мөлдір:

Өлтірмексіңбе? Қорықпайсыңба Алладан?

Зәуре:

Ақырын сөйле. Жап аузыңды. Өзіде өлгісі кеп жатыр не ары не бері емес. Анау шалға білдірмей бере бер. Кемпір баққың келмесе. Маған жаның ашыса.

25-Көрініс.

ИНТ: Түс кезі. Үй іші.

Дәрігер, Көркем, Сержан.

Көркем:

Бір апта бұрын толықтай анализ тапсырған. Дәрігерлер сап сау дейді.

Дәрігер:

Қай жеріңіз сонда?

Сержан:

Ұйықтап бара жатып дем жетпей қалып әрең оянам.

Дәрігер:

(Дәрі береді.)

Мынаны ішіп көріңіз.

Бізбен жүресізбе? Ауруханаға жатып емделіңіз қорықсаңыз.

Сержан:

Жоқ жақсы боп қалдым. Дәрі ішіп үйде болайын.

Дәрігер:

Қалауыңыз білсін. Таңертеңге дейін байқап көріңіздер болмаса тағы хабарласыңыздар.

 

26- көрініс. ИНТ: Түс. Ауыл. Үйдің іші. Сұлтан ойнап жүр.

Сәуле Араймен сөйлесуде телефонмен.

Арай:

Бізде бәрі жақсы, өздеріңіз қалай?Әкем қалай?

Сәуле:

Шүкір жақсы. Неге бөлек шықтыңдар.

Арай:

Бізге солай ыңғайлы. Айтпақшы ағам ауырып жүр дейме?

Сәуле:

Иә. Кеудесі қысады дейдіғой. Байқұс боп-боз боп кетіпті. Жүдеу.

Арай:

Емдетіңіздер.

Сәуле:

Сетер апа ауырып қаптығой.

Арай:

Иә. Кәрі кісі. Қиынғой. Бәріне салем айтыңыз, Сұлтанға да.

26 –  Көрініс.

ИНТ: Кеш. Сетер жататын бөлме.

(Мөлдір ақырындап қолы қалтырап тамақ беріп отыр. Қорыққаны байқалады.)

27 – Көрініс.

Экст: Көктем. Түс. Зират басы. Сетерді жерлеу рәсімі. Қараңдаған оншақты адам. Құран оқып дұға бағыштады.

28- көрініс.

 6- Айдансоң. ИНТ: Түн. Сержан мен Көркемнің бөлмесі. Сержан мазасызданып ұйықиай алмай жүріп жүр. Көркемде қасында. Шарасыз.

29- көрініс. ИНТ: Жатын бөлме.Түс кезі.

(Сержан ұйықтап жатып  қиналып әрең оянды. Түсі қуарып кеткен. Жағы ишіне кіріп арықтаған.)

30- көрініс. ИНТ: Түс кезі. Сақыштың үйі. Ас үй. Сақыш және екі танысы ішіп отыр:

Сақыш:

 (Жыламсырай сөйлейді.)

Мен анамды сағынып ішіп отырмын білесіңдерме?

1 танысы:

Иманды болсын. Тірі адам тірлігін жасау керек.

Сақыш:

Дұрыс айтасың. Достар ренжімеңдер. Мен анама арнап бір ән сап берейін қосылыңдар.

2-Танысы:

Кеттік бірге шырқайық»

Бәрі бірге:

Әлемнің жарығын,

Силадың сен маған.

Сен бердің құстардың.

Қанатын самғаған.

Әлдилеп аялап,

Өсірген жемісі.

Самал жел сая бақ,

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсемде мен саған сәбимін,

Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын...

(Сақыш жылайды.)

Сақыш:

Қандай болсада анаңның тірі болғанынан не жетсін. Қане алып қоялық.

31 -  көрініс. ИНТ: Ас үй үшеуі қызып алған. Сырттан Мөлдір келеді. Үстіндегі киімі тыртиған. Бұтында қысқа юбка. Шашын бос салған. Ақырын алдарынан өтіп кетеді. үнсіз.

Танысы:

Ооо. Саке қызыңызба? Сұлу екен. үріп ауызға салғандай.

Сақыш:

Екінші қатынмен еріп келген қыз.

Танысы:

Саған құда түсу керек екен.

Сақыш:

Тапқан екенсің.

Танысы:

(қуақыланып)

Саке бір ой бар менде. Мына қызды сат бізге. Біз саған төлейміз.

(Сақыш ойланып қалады.)

Сақыш:

Төлейміз дейсіңбе? Ойланып көруге болады екен.

(Бәрі күледі.)

Танысы

Қорадағы құлынды биені ал.

2-Танысы:

Ал мен ақшалай берем.

Сақыш:

(Сақыш шылқа мас отырып не степ не қойғанын білмей мең-зең боп отыр. Сандырақтап.)

Келістік... екі танысы ептеп басып Мөлдірдің бөлмесіне келеді.

32-көрініс.ИНТ: Түс ауған кез. Мөлдірдің бөлмесі. Сақыштың екі танысы. Мөлдірді қинап ұрып соғып. Зорлайды. Істерін бітіргенсоң кетеді.

33-көрініс: Кеш. Сетер жататын зал. 

Мөлдір:

(Жылап тұр. ақыл есі кіресілі шығасылы. Мең-зең. Бозарып кеткен.)

Осындай қатыгездікке қалай қидыңыз!

Сақыш:

Кешір қызым мен ішіп отырып не стегенімді аңғармай қалдым.

Мөлдір:

Мен сенің қызың емеспін кет. Енді қалай өмір сүрем. Мен үшін бәрі бітті.

(Сетер апаның бөлмесінде жасырынулы тұрған шөлмектегі у қосылған суды алып қылқылдатып жұтады.)

Міне мынаны менің анам сенің анаңа берген. Бұл у. Менде іштім. Оны ішкізген мына сен. Жазықсыз апа мына диванда өлген. Менде жазықсызбын осында өлем. (Диванға құлайды.)

33-көрініс.ИНТ: Түн. Сақыштың үйі. Зәуре бей хабар үйге кірді. Алдында қабағы қатулы Сақыш тұрды.

Сақыш:

(Жағасына жармасып.)

Змиян. Анамды өлтірген сен екенсіңғой.

Зәуре:

Жала. Кім айтты оны?

Сақыш:

Қызың айтты. Менің ана  ішкен уды ақыры қызың ішті.

Зәуре:

(Қалтырап отыра кетеді.)

Не? Не? Қызым қайда? Сен оны өлтірдіңбе?

(Тәлтіректеп бөлмелерден қарай бастайды. Залдағы диванда сұлық жатқан қызын көріп, өкіріп тұра ұмтылады.)

Зәуре:

Қызым? Оян! Сен ұйықтап жатсың мен білем. Тұр қызым. Не стеген саған. Мен қазір...

(Милицияға телефон шалады.)

34-көрініс.Түн. ИНТ:  Мөлдірді жедел жәрдем алып кетеді. Зәуре мен  Ақышты милиция алып кетеді.

35-көрініс:

ИНТ: Ауру хана. Жансақтау бөлмесі Сержан жасанды дем алу құрылғысымен жатыр. Әйнектің сыртында Көркем, Сәуле, Қызыр, Сұлтан қарап тұр.

ИНТ: Күз.Түс.Ауру хана. Дәрігер кабинеті. Көркем мен Дәрігер сөйлесіп отыр.

Көркем:

Дәрігер бұл не ауру. Неге нақты айтпайсыздар.

Дәрігер:

Мен сізге дәрігер психолог ретінде сенімді түрде айтам. Ешқандай ақау жоқ. Бұл тән ауруы емес. Бұл жан ауруы. Бұл адамның күйзелуінен болатын дүние. Бар мұңды ішке сақтағаннан болатын нәрсе. Ішінде ешкімге айтпай жүрген сыры бар сияқты. Нақты не екенін анықтап содан арылуларыңыз керек.

Көркем:

Сонда... бұдан арылуға болама?

Дәрігер.

Әрине. Көңілін көтеру керек. Мүмкін от басымен саяхатқа барарсыздар.

Көркем:

Мында қанша уақыт жатады?

Дәрігер:

Аздап тыныққансоң шығарамыз. Әйелісізғой не уайымға салынып, өзін-өзі іштей немен жеп азаптанып жүргенін анықтаңыз!

Көркем:

Рахмет. Осы сөзіңіздің жаны бар. Күйеуімнің бұл ауруға шалдыққанына бір адам кінәлі. Ол соған бола өзін іштей кеміріп жүр. Сау болыңыз.

36- Көрініс.

ЭКСТ: Күз кезі. Кеш. Ауыл. Аспан бұлтты. Күн көзі жоқ. Көркем асығыс жүріп келеді. Жүрісі суыт.

37-көрініс:

Дулат, Арай, сәби, Көркем.

 Ескі екі бөлмелі жер үйдің іші. Дулат пен Арай  теледидар қарап шай ішіп отыр. Өте көңілді. Арай бір жасар баласын алдына алып тамақтандыруда. Анда санда баланың қылықтарына мәз болып  түрлі дыбыстар шығарып ойнатып отырған Дулатты есікті жұлқып кірген Көркем қақ маңдайынан тапаншамен атып құлатты. Ол сеспей қатты. Көркемнің Көзі қан талап кеткен. Қолы қалтырап тұр. үйдің іші қызыл қан. Күтпеген қанды оқиғадан шошынған Арай талып қалды. Құшағындағы сәби жерге құлап түсіп шырылдап жылап жатыр.

 

38- Көрініс.

ИНТ. Сот залы. Пракурор қаулы оқып тұр. Залда Заң қызыметкерлерімен. Екі жақтың туыс туғандары отыр.

                                                          Пракурор:

Қылмыскерге жазықсыз адамды қасақана өлтірді деген аса ауыр айып тағылды. Оған өлім құшқан азаматтың жары куәгер.  Қылмыс толықтай дәлелденді. Қылмыскер Көркем Талғатқызы он бес жылға бас бостандыңынан айырылсын деген қаулы қабылданды...

 

СОҢЫ:

 СОҢЫ:

Бөлісу:

Көп оқылғандар