Д.А.Быков. Джеймс Джойс шығармашылығындағы осы заман мәдениетінің құлдырау көрінісі

Бөлісу:

19.10.2017 11235

Біз бүгінде екпінді дамыған жаһандық өзгерістерді бастан кешіріп, көптеген тілдер мен мәдениеттердің құбылған қоғамында өмір сүріп жатырмыз. Соңғы ширек ғасырда мәдениеттер мен тіл қалыптарының едәуір өзгерістерді бастан кешіргенін мойындаумыз керек. Сонымен қатар, тек қана лексикологиялық, орфографиялық, акцентологиялық нормалар ғана емес, морфологиялық қалыптар да бірқатар өзгерістерге ұшырауда. Бұл өзгерістер кезекті, ұлтаралық және қоғамдық мәдени заңдылықтар эталонының арасындағы қалыптасқан дәстүрдің үзілуіне алып келді. Тілдік нормалардың қоғамдағы бейтараптықтан жағымсыз қалыптың қатынасына дейін өзгеріске ұшырауы әр түрлі болуы мүмкін.

А. Архангельскийдің сөзіне жүгінер болсақ, «Бір-біріне деген сенім мүмкіндігі бағзыдан қалыптасқан деңгейдегі қоғамда сауаттылық — бұл қандай да бір бөтен адамға сенім арту негізіндегі мәнге ие», — дейді. Ал енді мемлекет адамдар арасындағы интеллегенция мен ұлттың ара жігін ресми түрде ажыратып, бір тілде әртүрлі сөйлейтін ел қалыптасыруда.

Осы жағдайларда дәстүрлі мәдениет пен тілдік құндылықтарды сақтай отырып, оларды үздіксіз дамыту мәселесі турасында мәселе туындайды. Бұл даму қоғам үшін бір жағынан пайдалы болса, екінші жағынан - тілдің жойылып кету қаупін туғызып, мәдениеттің төмендеу салдарына әкелуі мүмкін.

Мұндай сұрақтар қоғамда алғаш рет туындап отырған жоқ. Бұл проблемалық қарама-қайшылықтар өткен ғасырдың басында әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларында көтерілген болатын. Мәдениет құлдырауы дегеніміз не? Оның күш алу белгілері қандай? Және қалғыған қоғамды қалай оятуға болады?

Осы орайда, бүгінге дейін өзінің өзектілгін жоғалтпай, шығармаларында қоғамның басты проблемасы – рухани-адамгершіліктің «мүгедектігі» турасында қалам тербеген Ирландиялық ақын әрі жазушы Джеймс Джойс шығармалары ойға оралады.

Жазушы күнделікті өмірдің күйбең тірліктерінен, сөйлем екпіндері мен диалогтарынан өз замандастарының рухани жарымжандылығын көре білді.

Джойс үшін жарымжандылықтың символы бұл құбылмалы жағымпаздық пен сыбайлас жемқорлықтың және мәдени артта қалған сұрқия зұлымдықтың әрі жігерсіздіктің сол заманғы Ирландия өміріндегі көрінісі. Дублин оны өзіне тыныс тіршілігі мен күнделікті тұрмысы толықтай таныс қала ретінде ғана қызықтырып қана қоймай, әлемнің ең көне астаналарының бірі ретінде, яғни адам өмірінің әлеуметтік және рухани алуан тірлігінің қайнаған ортасы ретінде қызықтырды. Өз өмірінде кездескен құбылыстарды психологиялық тұрғыда талдап, оның себептерін анықтауға талпынды.

«Дублиндықтар» композицясы Италиялық философ Джамбатист Виконың циклдік тарихының негізіндегі үлгіге құралған. Шығармадағы «дөңгелек» пен «Цикл» идеяларынан әр түрлі көне халықтардың шығу тегіндегі мифтерді кездестіруге болады.

Джойс осы заман мәдениетінің құлдырауы мен өмірлік қолайсыз жәйттердің себептерін түсіндіру үшін циклдік схемаларды пайдаланады. Виконың еңбегімен салыстыра отырып, әрбір тарихтың цикліне тәңірлік, адамдық сосын ерліктің үш құндылығын жатқызады. Ал осы үш ғасырдың тізбегі – дінде, неке мен жерлеуде адамзаттық сананың киелі қасиеттері топтастырылған. Ал құлдыраудан кейінгі қайта өрлеу, адамзаттық былыққа (хаос) белшесінен батыратынын ескертеді. «Халықтар хайуани кейіпке айнала бастағанда, әр адам қара басының қамын ойлап, өз нәпсісін қанағаттандырудан басқа қызығы қалмайды, бұл құлдырау, құлдыраудың ең соңғы сатысына дейін түсіреді. Қысқасын айтқанда, тәкәппарлық өз шегіне жеткенде әркім өзі үшін оттаған хайуанға айналып, жанын тәніне құл етіп, нәпсілік рахаты үшін, аталған халықтар партиялық жанжал мен пайдасыз кескілескен соғыстың салдарына алып келіп, қаланы далаға, даланы апанға айналдырады».

«Апалы-сіңілілер» әңгімесі оның шығармашылық жинағының прологіне айналды. «Мүгедек» сөзі әңгімеде бірнеше рет кездеседі және соңына таман еске алатын болсақ қасарысып оянатын, Флун әкеймен күресуші негізгі образ, болмыстың рухани қалпына енген бала. Бала «жансыздар» бірлестігінің табалдырығын аттайды. Ал бұл бірлестік оның әр қадамын басқан сайын құрсаулай түседі. Рухани мүгедектіктің Джойс шығармашлығындағы өзекті мәселесі – Ирландияны католицизм деп айыптап, оны астыртын мазақтау идеясы. Шығармада, Флун әкей бейнесінің символы Ирландия шіркеуі етіп көрсетілген. Флун әкейдің үрейлі жүзі мен құпияға толы мағынасыз күлкісі Ирландия шіркеуінің символдық бейнесіндегі емеурінін бейнелейді. Ал автор үшін басты кейіпкер жәй ғана ауру емес, өлімнің образы ретінде де сипатталады. Ал бала үшін ақырында шіркеудің символы өлімнің байланысы болып табылды. Бұл дегеніміз Джеймс Джойс өмірдің рухани кемелділігін Ирландия дінінен көре алмады деген мәнге саяды.

Джойстың «Дублиндықтар» атты әңгімелер жинағына көз тастай отырып, осы бүгінге дейін өзектілігін еш жоғалтпаған ХХ ғасырдың басындағы Ирландия қоғамының қайшылықтарын, құлдырауы мен былығының кейпін дәуірдің тарихи айғағы ретінде көре аламыз.

Джойс шығармашылығы сол замандағы адамның рухани әлемінің сырқаты, біздің бүгінгі осы заман мәдени мәселелерімен ұқсастығы турасында қалам тербейді. Машиналар мен техникалар және олардың өздерімен бірге ала келген билігі, әрі оларды тудыратын қозғалыстардың жылдамдықтары бос қиял мен фантазияларды дүниеге әкеліп, адам өмірінің құлдырауына соқтырады. Барлық жерде жамандықтың шексіз кеңістіктері ашылып, соңы белгісіз соқпақ болып қала береді.

Джойс мезеттік бейнені бейнелеуде ерекше еркін көсілетіні соншалық, оның ой ағынының арнасындағы сөздеріне үздіксіз ілесіп отыруыңа тура келеді. Джойс әлемі еренуінен ой құлап жататын төңкерілген тостаған секілді, бір мезетте бүкіл әлемнің тудырған заңдылықтарын бойына еш дарытпай тастайды. Оның ессіз әлемі символдар мен анықтамаларды қопарып, әрі тірі әрі мәңгілік қозғалыс үстіндегі тәуелсіздікті жаратқысы келеді. Оның образы тәуелсіз, және ол барлық болмысымен рухани мүгедектікке, сол секілді өз заманының амалсыз өзін-өзі құрбан ететін әрекеттеріне тайсалсамай қарсы тұрады. Әлем ол үшін кемел руханияттан бас тартқан сезімдер мен ойлардың, көзқарастар мен сөздер кеңістігінің мәңгілікке қатып қалған қапастағы мүгедектіктің сипатындағы бейнесі.

Біздің заманымыздың өркениеті заттық мәдениеттің синонимі болып отыр, табиғат күшін игерудің баспалдағын баса отырып, техникалық прогрестің мығым қуатын игеріп, үлкен молшылықтың игілігіне жетуге болатыны сөзсіз. Алайда техникалық дәурендеу бізге материялдық қажеттіліктерімізді қанағаттандырғанымен шындығында мәдени және рухани өркендеуіміздің кепілі бола алмайды.

XX ғасырдың жиырмасыншы жылдарында орыс философы Н.Бердяев шығармасында: «Біз ойран болған антикалық дәуірге ұқсас заманда өмір сүріп отырмыз... Барлық дағдылы ойлардың катеогриялары мен өмірдің формалары әрқашанда озық болып табылады. ХІХ және ХХ ғасырдағы «прогрессивтік» және сондай ақ «революциялық» адамдар үмітсіз тозып, болашақ пен шынайылықтың әртүрлі мәндерін жоғалтып алды...

Индивидуализм, атомизациялық қоғам, өмірдің жүгенсіз нәпсіқұмарлығы, халықтардың саны мен қажеттіліктерінің артуы діни сенімнің құлдырауы, сондай-ақ, руханияттың әлсіреуі бұның бәрі адамзат өмірінің болмысы мен мінезін өзгертіп, адам мен табиғат арасындағы тепе теңдіктің жоғалуына алып келді», - дейді.

Қалғыған қоғамды летаргиялық ұйқыдан қалай оятуға болады? Бұл сұрақтың жауабы әрбасқа, дегенмен бізге анығы біреу. Ол - рухани идеалды терістейтін қоғам - өзінің тілін тірілтетін және оны таза сақтап қалатын, жаңғыртатын табиғи қалыбы болса да, мәдениеті мен сенімін ешқашан сақтап қала алмайды.

Аударған: Тілек Ырысбек

Бөлісу:

Көп оқылғандар