Оспанхан Әубәкіров. Жап, ей, кемпір, есікті
Бөлісу:
(ертегі)
Жабдық жасап мейрамға,
Кемпір тынбай жүгірді.
Бауырсағын пісіріп,
Қуырдағын қуырды.
Күздің күні суытқан,
Жел кірді үйге алқынып,
– Жап, ей, кемпір, есікті, –
Деп қойды шал бір тұрып.
-Жапсаң тұр да, жап өзің,
Босқа, отырмай қасынып.
Бітпей жатқан көп іс бар.
Жүрмін өзім асығып.
Сол-сол екен, керісті
Кемпір шалға шүйлікті.
Шал ыза боп күйініп,
Берді былай бұйрықты:
– Өшір, кемпір, үніңді,
Үндемес пайда табады.
Ал кімде-кім қыңқ етсе
Есікті сол жабады.
Қасарысып тырп етпей,
Екеуі отыр сіресіп.
От та өшіп, үй суыды,
Бәле болды бұл есік.
Үй қараңғы, жарым түн,
Есік қалды аңқиып.
Кіріп келді бір-екеу.
Құлақтары қалқиып.
– Кім бар екен бұл үйде? –
Деді әлгілер дүрілдеп
Кемпір, шалда дыбыс жоқ.
Дізелері дірілдеп.
Ал қонақтар сыбанып
Соқты-ау піскен шұжықты,
Екі қыңыр тамсанып
Қарап отыр “қызықты”.
Темекісін қоса алып,
Ашымалдан сімірді.
Еркін тойлап “қонақтар”
Сезбеді бір дыбырды.
Кетті екеуі тойды да
(Бұлар да бір ит екен)
Біреуі айтты дауыстап:
– Бауырсағы шикі екен.
– Піскен! – деді кемпірі,
Бірақ бұл сөз кешікті.
Масаттанып шалы тұр:
– Жап, ей, кемпір, есікті.
Бөлісу:
Көп оқылғандар
Әуезовтың Құнанбайы
«Бәріне қу соғыс кінәлі...»
Асқар Алтай. Жан әлемің жайдақтанбасын
Черчилль және соғыс
Тоқсанға келген абыз
Есбол Нұрахмет: Бұл роман қазақтың отарлану тарихы
Мағаз Разданұлының 100 жылдығына орай іс-шара өтеді
Әмірхан Балқыбек. Түгел сөздiң түбi бiр, түп атасы Тәңiрi
Әуезовтың Құнанбайы
«Тілеулері дұрыс екен, айт күні қайтты!..»
Кобо Абэ. Басқыншылар
Сағымбай Жұмағұл. Міржақып нақылдары
«Бәріне қу соғыс кінәлі...»
НАРҚЫЗЫЛ (Он орам) I бөлім
Ділдәр Мамырбаева. Мұғалім – робот – Шұғыла
Айым Алтайқызы. Бір миллион теңге (әңгіме)
Асқар Алтай. Тағдыр тақтасы (Эссе)
Қауышу мен қоштасу жайлы...
Шоқан Шортанбай. Қуандық Шаңғытбаев поэзиясындағы азаматтық әуен
Рысбек Зұрғанбайұлы: ...Өлім алдындағы өтініш
Талантты жаннан адамшылық іздейтінмін...
«Қоңырқаз» дер кезінде бағаланбай қалды...»