Желтоқсан бойы жалғасатын көрме

Бөлісу:

30.11.2018 5632

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Ұлттық музейде «Елім деп соққан ұлы жүрек» атты кітап көрмесі ашылды.

Көрмеге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағынан бастап, ел басқарудағы жүріп өткен сара жолы, сонымен қатар тәуелсіз мемлекетіміздің тарихын баяндайтын шығармалар қойылған. Шараның мақсат – Мемлекет Басшысының дара жолынан үлгі ала отырып, жас ұрпақты Отанын, халқын сүюге, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

«Көрмеде Президенттің ғұмырнамасы, туып-өскен жері, білім алуы мен қызмет жолынан бастап әлем таныған ұлт көшбасшысы болуына дейінгі сәттер мен уақытты баяндайтын дүниелер қойылған. Сондай-ақ, Елбасының әлем елдерінің басшыларымен кездесуінің көріністері мен халықаралық айтулы шараларда сөйлеген сөздерінің жинағы орын алған. Одан бөлек, көрменің бір бөлігін Астанаға арнадық. Өйткені елорданың өткені мен бүгіні Елбасының атымен тығыз байланысты екенін бәріміз білеміз», – деді Ұлттық музейдің ғылыми кітапхана жетекшісі Толқын Дариш.

Сонымен қатар, аталған шарада Елбасының ғұмыры мен қызметінен сыр шертетін Н.Зеньковичтің «Имя, ставшее эпохой», Ж.Сааданбековтың «Законы лидерства» кітаптары бірінші рет көпшілік назарына ұсынылды. Желтоқсан бойы жұмыс істейтін көрмеге жалпы саны 200-ден аса еңбек қойылған.

Кітап көрмесінің ашылуына музей қызметкерлерінен бөлек, студенттер, мектеп оқушылары және БАҚ өкілдері қатысты.

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар