«Золотой витязь-2018» Қаллеки театрында

Бөлісу:

12.12.2018 4295

Мәскеу қаласында өткен XVI Халықаралық «ЗОЛОТОЙ ВИТЯЗЬ» театр форумына Ресейлік театрлардан бөлек Армения, Сербия, Қазақстан, т.б. шет елдік театрлар қатысты. Форумның комиссия қатысушы театрлардың қойылымдарын тамашалап, үздік деген спектакльді таңдаған. Үздіктердің қатарына кірген Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры «ОТЕЛЛО» (Авторы: У.Шекспин, реж.: Т. Теменов, Қазақстанның Халық артисі) трагедиясымен қатысып, қазылар алқасының шешімімен «ЗОЛОТОЙ ВИТЯЗЬ-2018» мүсіншесінің, яғни ГРАН-ПРИ иегері атанды.

Бұл – қазақ театрының жемісі, тәуелсіздікпен құрдас Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының кезекті жеңісі!

АТАУЛЫ ӨНЕР САПАРЫНАН ФОТОКӨРІНІС:

Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов Барабанцио рөлінде,

Нұрсұлтан Есен Радриго рөлінде

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуілов Яго рөлінде

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбаев Отелло рөлінде,

Ақмарал Танабаева Дездемона рөлінде

Спектакльдің қоюшы режиссері - Қазақстанның Халық артисі, профессор Талғат Теменов

"Золотой витязь" мүсіншесі

Бөлісу:

Көп оқылғандар