Кезектен тыс сайлау – ел болашағын ойлау

Бөлісу:

09.04.2019 2651

Осыдан бір сағат бұрын Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаның кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу жөніндегі мәлімдемесін аса мән беріп тыңдадым. Президент өз мәлімдемесінде Елбасымен, Парламенттің жоғарғы және төменгі палатасымен, Үкіметпен, Конституциялық Кеңеспен ақылдаса келіп, еліміздің сыртқы және ішкі саясатын ескере отырып, кезектен тыс Президенттік сайлау өткізуге бел байлағаны өте жөн деп санаймын. Еліміз қазір аса күрделі кезеңді бастан өткеріп отыр. Көптің көңілі алаңдаулы. Осындай сын сағатта келесі Президентімізді сайлап, іргемізді бекітіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, еліміз болып жұмған жұдырықтай тас түйін отырғанымыз абзал.

Мен зиялы қауымды, қалың бұқараны осы сайлауда береке-бірлік танытып, абырой биігінен көрінуге шақырамын! Президент Қ.К.Тоқаев мырзаның тарихи мәлімдемесін қолдаймын! Президент өз сөзінде алдағы сайлауды «Таза және әділ өткізуге» үәде берді. Лайым солай болғай! Халық та соны күтіп отыр.

Несіпбек Айтұлы

Ақын, Мемлекет сыйлығының лауреаты

Бөлісу:

Көп оқылғандар