Асан Номад. Махаббат туралы

Бөлісу:

19.09.2019 20306

Асан Номад — қазақстандық жазушы, «Из грязи в князи», «В оковах пьянства», «Безумство богача», «Танцы радости и скорби», «Колесо Жизни» деген әңгіме жинақтарының авторы.

Мақалада 2004 жылы Алматы қаласында жарық көрген «Колесо Жизни» әңгімелер жинағынадағы жарқын махаббат әңгімелері жайлы жазылған.

Алғашқы махаббат

Бұл әңгіме политехникалық институтқа түскен Тимур деген жас жігіт туралы. Оқуға түскеніне қуанып, кеудесін шаттық кернеген жігіт ата-анасымен осындау жақсы жаңалығын бөлісуге асықты. Дәл сол кезде институттан хабарлама да келіп жетті. Екі күннен кейін қырманға бидай жинауға баруы қажет екен. Ол екі күнін достарымен табиғатта өткізді. Ағып бара жатқан жұлдызға қарап, өзіне ғажайып махаббаттың жолығуын тіледі.

Сосын ол Торғай облысына кетті. Сол сапарда көптеген достар тапты. Олар таңертен сағат 6-дан қараңғы түскенге дейін жұмыс істеді. Олар қамбаға бидайдын жартысын түсірді, жартысын бүлінбеу үшін сұрыптады.

Бірнеше күн кейін автобус толы қыздар келді. Ұлдар тез ұйымдасып кешке қарай би ұйымдастырды. Топ ішінен аса сүйкімді, шашы иықтан төгілген бір қыз дараланып, ерекше сұлуланып тұрды. Есімі Фая. Тимур танысып, бір көргеннен қатты ғашық болып қалды. Сол қыз ойынан кетпей түндерде кірпік ілмеді. Енді, олар жиі кездесе бастады.

Бидай жинау уақыты аяқталып, Тимур Алма-ата қаласына кетті. Және Арқалықта тұратын қызбен хат жазысу басталды. Бір кезде Фая Алма-Атаға екі күнге келетінін айтып, кездесуге Алтыншы шағын ауданға шақырды.

О, масқара! Хат жеткен кезде Фая Алма-Ата қаласында болуға тиіс еді. Тимур қыздың мекен-жайына барды, бірақ айтқан пәтерде Фая болмай шықты. Алтыншы шағын ауданың басқа пәтерлерін аралап шықты, одан да таппады. Мүмкін цифрдан қателескен болар деген оймен келесі күні Бесінші шағын ауданға барды.

Фаядан тағы бір хат келді. Ол Тимурды кінәлаған екен, бірақ өзі қалаға келді ме, келмеді ме түсінбеді.

Тимур бәрін түсіндіріп хат жазды. Бірақ Фаяның берген жауап хатында оны өтірікші және сатқын деген екен. Ыстық сезім орнына түңілу мен ызасы келді.

Осылайша алғашқы ыстық махаббат суып жоқ болды.

Түйсік махаббат

Сәуле Ғылым академиясында ғылыми қызметкер ретінде жұмыс атқарды, геологиялық зерттеумен айналысты.

Әуелгіде ол жұмысына қатты ғашық болды, тіпті кешігіп түнге дейін қалып жүрді. Уақыт өте келе жұмысқа деген махаббаты басылып, сүйкімді Кәрім деген баласына жүгіріп, ертерек қашып үйіне қайтып жүрді. Жасы 30-ға келгенше жақсы жігіт жолықпай, ақыры жалғызбасты ана болды. Ұлы әлсіз болып, жиі ауырды. Сәуле оны бар махаббатымен әлпештеп, бәйек болды.

Жасы 20-ға келгенде барып тұрған өзімшілдің өзі болып өсті, себебі анасы ұлы үшін бәрін істеуге тырысты.

Ол институтқа түсті және біраз уақыттан кейін ол үйге кеш келуді әдетке айналдырды. Таңертен сабақтарына қаласа бармай, кейбір кезде кешігетін де сәттері болды. Әр түрлі сылтауды желеу қылып анасынан ақша сұрады. Оны не ғашық болды немесе депрессияға түскен шығар деп ойлаған анасы қатты қателесті.

Бір күні Сәуле баласының қалтасында пакетте жатқан шприцті тауып алып, баласы нашақор болып кеткенін түсінді.

Сөйтіп шаңырағына қайғы толды. Шешесі басқаларға білдірмей баласын ауруханаға жатқызды. Емханадан шығып оқуға кіріскен еді, екі аптадан ары бармады. Ем ұзаққа созылмады. Қайтадан есірткі іздей бастады.

Үйде, наша біткенде, Кәрім ауыра бастады және анасынан наша дозасын әкелуді сұрады. Шешесі қалай өз қолымен баласын өлтіреді? Ол көп ойланды және баласының қиналғанына шыдамай наша әкелді. Бұл бірнеше рет қайталанды. Шешесі үйіндегі бүкіл құнды затын сатты.

Бір күні дерттен көзі қанталаған ұл шешесін қатты ұрды. Анасы жұқа көйлекпен далаға қашып шықты, қарлы жел бетке ұрады, бірақ ол ауруды да, аязды да сезген жоқ. Өз ажалына қарсы кетіп бара жатты.

Соқыр махаббат

Алма-Ата қаласының «Компот» ауданындағы бір кішкентай үйде екі кісі тұрды: шешесі Сәния мен баласы Рафаэль.

Сәния аса әдемі және көз тартатын сұлу келіншек. Көп жігіттер сөз салды, бірақ олар тән ләзәтін қанағаттандыруды ғана ойлаған адамдар еді.

30-ға толды, бірақ өз теңін таппады. Және өз жасындағы кейбір әйелдер сияқты ол да өзі үшін бала табуға шешті. Дүниеге Рафаэль атты сүйкімді бала келді. Татар есімін әкесінің құрметіне қойған еді. Ол мейрімді, дені сау, және елгезек бала болып өсті. Мектепке барған соң, сөз тыңдамайтын бұзық болып кетті. Анасы баласын қанша талпынса да үйде отыруға тәрбиелей алмады. Оның көшбасшылық қасиеті біліне бастады. Әрдайым бірдеңені ойлап тауып, басқа балалармен көп төбелесті. Бірақ анасы үшін ол әдемі, ақылды бала болды, себебі шешесі қатты жақсы көрді.

Он үш жасынан бастап ішімдікке үйір бола бастады. Басында жеңілін, кейін қуаттысын.

Бір кезде мас боп Рафаэль достарымен далада төбелесті, бір жасөспірімнің басын жарып алды. Ауыр соққыдан реанимацияға түсті. Рафаэлдің үстінен арыз жазды. Шешесі науқастың ата-анасынан жылап тұрып арызын қайтып алуды сұрады. Қалтасындағы соңғы 1000 рубльді беріп, әрең келісімге келді.

Сәния ұлын екі жылға әскерге жіберуді шешті. Ол ер жетеді, ақылды болады деп ойлады. Екі жыл тез өтіп, бала әскерден оралды. Бірақ еш өзгермеді. Әскерден келіп анасынмен бір сағат қана отырып, достармен кездесуге жүгірді. Түнде үйіне мас келді. Ол осы қалпынан шыға алмады.

Жұмыс табуға шешесіне уәде берді. Әр күн сайын жұмыс іздеуге кетіп, үйіне кештетіп мас келіп жүрді.

Естімейтін кәрі күзетші жұмыс істейтін бір кафені достарымен қарауылдап жүріп, ішінен үш жәшік арақ та ұрлады. Бұзылған үйге апарып алып сонда бәрі жатып ішкен.

Жақындары оның сол қылықтарын біліп, арнайы емдеу орталығына жатқызуға кеңес те берді. Бірақ шешесі баласын соншалық соқыр сезіммен сүйді.

Маған ешқандай күш ананың баласына деген құдіретті соқыр махаббатын сыңдыра алмайтындай көрінді.

Шын махаббат?

Өткен ғасырдың 60-шы жылдары Алма-Ата қаласы ерекше жаймашуақ еді. Қаланың дәл орасында бақытты отбасы тұрып жатты: әкесі Асан мен анасы Дамелі. Олар соғыс уақытында танысты. Бәрі де тамаша еді. Тату-тәтті үш қыз өсірді: Рахиля, Карима, Фарида және кішкентай ұлы Қуаныш.

Қыздары намысқор және бірбеткей, бірақ қалай жақсы көруді білді. Олардың мінезі бір-біріне ұқсамады.

Үлкен қызы Рахиля бір жеңілтек жігіттпен танысқанда анасы қатты алаңдады. Қызының төлқұжатын тығып тастады. Мүмкін олар білдірмей қарым-қатынасты заңдастырып алар деп ойлады. Дәл солай болып шықты. Бір күні Рахиля үйге келді де төлқұжатты іздей бастады. Шешесі білмегендей болды. Қызын оңашаға алып сырласты. Барынша алыс жүруін қалады.

Біраз уақыт өткен соң қызы лайықты адамды кездестірді. Анасы сол кісімен қызының бақытты боларын бірден түсінді. Әкесі екеуі оларға ақ батасын берді.

Екінші қызы Карима тұрмысқа шығам деп шешті. Анасы оның қателеспейтініне сенді. Себебі қызының талғамын, танымын жақсы біледі. Шынында да келешек күйеу бала ата-аналарына ұнады.

Кіші қызы Фарида мейірімді және сенгіш еді. Ол қалалық, көп оқыған қыз. Ауылдың қазақы дәстүрлерімен өскен жігітті кездестіріп, соған ғашық болды. Анасы қарсылық танытты. Өйткені жас жұп бір-біріне жараспайды. Олар әр түрлі болғандықтан бір-бірін түсінуі оңайға түспесін білді. Бірақ қыз болмай тұрмысқа шықты. Ақыры бірнеше жылдан кейін ажырасып тынды.

Ұлы Қуаныш та өсті. Институтқа түсіп, көп кітап көп оқыды. Музыка тындап жақсы дамыды. Жастық шақ адам өміріндегі ала құйын кезең болғандықтан қыдыруға салынып, араққа үйір бола бастады. Ата-аналарының көңілдері қалып, баламен көп сөйлесті. Үй және саяжай жұмыстарын істеткізіп, кітап оқуға мәжбүр етті. Олар баласына бос уақыт қалдырмады. Ақыр аяғында баланың ауруын женді. Соңында тәуір болып кетті.

Жылдар өтіп, сүйкімді күйеу және қамқор әке Асан қайтыс болды. Дамели ұлымен, келінмен және немерелермен бірге тұра бастады.

Жиырма жыл өтті. Дамели өз пәтерінде қызымен және немерелерімен тұрды. Отбасына қажет екенін сезініп ұзақ жасады. Көңілі марқайды. Осы әйелдің қуаты мен махаббатына елдер қайран қалды.

Асан Номадтың айтып кеткен әңгімелері өте шынайы. Ол Алма-Атаның нағыз өмірін сипаттады. Жеңіл, қарапайым тілмен жазылған. Олардың бір айырмашылығы — махаббат сезімі: ана мен бала, әйел мен күйеу, қыз бен жігіт, бауырлар арасында. Және, өкінішке орай, кейіпкерлері әрдайым бақытты бола бермейді. Себебі, тәрбие, таным дұрыс болмаған жерде бақытты болу мүмкін емес.

Жазушының әңгімелері ойлануға және өмірге басқа көзбен қарауға үйретеді.

Малика Мурсалимова

Сурет etsy.com сайтынан алынды

Бөлісу:

Көп оқылғандар