Әбіл-Серік Әліакбар: «1001 түн» – әлем әдебиетінің даулы жаһұты

Бөлісу:

04.10.2019 6388

Стиль төңірегінде көптеген айтыстар болғанын білеміз. Әлі де өзекті. Мысалы мініңше, форма – стильді қалыптастырады. Ал стиль ақынның болмысын ашатын сыңайлы. Сіз қалай ойлайсыз?

– Стиль туралы көбіне философтар сөз қозғап, әлемдік тілшілер түрлі қойыртпақты ойлап тауып адамның басын қатырып қойғаны жасырын емес. Сондықтан әдебиеттанудың табалдырғын енді аттаған жас филолог «Стиль дегеніміз – адам» деген француз жаратылыстанушысы Жорж Луи Леклерк Бюффон (1707-1788) сөзін әм «Стиль деген – дәуір» деген оның атқосшысын қайталайды да, әдебиеттанудың жан жүрегі – автор тасада қала береді. Сонымен стиль дегеніміз – автордың жазармандық ерекшелігі, стиль дегеніміз – әлем оқырманы жазбай танитын автор образы.

Басқаша айтқанда...

– Қарапайымдап, қазақтың қара сөзімен ұғындырар болсақ, автостиль – өз ұлтында бұрын-соңды ешкім айтапағанды айтып, ешкім жазбағанды жазу. Идиостиль – адамзат баласы арасында бірінші болып, бұрын соңды ешкім айтапағанды айтып, ешкім жазбағанды жазу. Әрбір батыс ғалымы кере қарыс кітап арнап, оған қазақ филогогтары алтын уақытын сарп ететін «стильдің» ең қарапайым түсінігі осы ғана. Поэзиядағы қазақы стиль – бабаларымыз әлемге танытқан дакиль, яғни бармақ өлшемі. Оны кеңестік дәуірде Бейсенбай Кенжабаев амалсыздан – «қара өлең өлшемі» терминімен алмастырды. Ал «бармақты» қазақ әдебиеттануына 1982 жылы академик Сейіт Қасқабасов оралтты.

Прозадағы стиль ше?

– Прозадағы қазақи стиль – Құдаяттық (құтты білік), Батыс мағынасын бүлдірген готизмнің төрт астары, асқақтату, қарапайымдату/тәубәшілдіктету, үрейлілік, абсурдтық. Осы төртеуінің қоспасы қазіргі қазақ прозасының алтын дінін құрап отыр. Асқар Алтай, Думан Рамазан, Дәурен Қуат т.б. идиостиль қалыптасқан әлемдік сөз зергерлеріне айналып отыр. Тек бұны гуманитарлық зағиптық қана елемейді.

Қазақтың бірінші постмодерншісі – Қалмақан Әбдіқадыров.

Сіз өз сұхбаттарыңызда постмодрндік стильде қалам тербейтін ақын Қалқаман Әбдіқадыров туралы жиі айтасыз. Сол жайлы тоқтала кетсеңіз.

– Иә, қазақтың бірінші постмодерншісі, яғни нәзирашысы – Қалмақан Әбдіқадыров. Бізден бір нәрсе бүгіліп келді. Ол түркі классицизмнің асыл туындысы – «Мың әфсана». Амал не, жөйіттер түпнұсқаның бәрін құртып, Антуан Галланның (фр. Antoine Galland 1646-1715) французша туындысын араб тіліне аударып, жалған араб жаһұтын өмірге әкелді. Антуан Галланның «1001 түнін» ескі ұғыммен аударма деуімізге де болады немесе жаңа түсінікпен түркінің нәзирагөйлік дәстүрінің Еуропа топырағындағы жалғастығы деуімізге де болады. Бұған дәлел – орта ғасырлық серілік романдардың түркі романдық дәстүрін өзіне сіңіріп, әуелі еуропалық қыпшақ тілінде жазылып, кейін Ватикандық латын тілдеріне аударылғаны. Шармақшылар қай тілде сөйледі, қай тілде орта ғасырлық серілік романдарды жазды, амал не, бұл туралы біздің әдебиеттанушы медиевистиктеріміз әлі күнге үнсіз келеді. Себебі олардың түпнұсқалары не жойылған, не Ватикан кітапханасының рухани-мәдени зынданында жатыр.

Антуан Галлан аударды-мыс делінетін бірінші томды 1704 жылы классицизм теоретигі Буало мадақ-марапасын аямаған париж баспагері Барбен шығарды. Кітап кіріспесінде Сириядан алынған төрт жинаққа енген жеті ертегіні аудардым дейді тәржімашы. Кейін ол жинақтың төртеу емес, үшеу екендігі анықталды. Камар аз-Заман ертегісі аяқталмаған деп саналады. Осы ертегіні Қалмақан өзінше, Галлан өзінше аяқтады. Пети де ла Круа, — «Зейн ал-Аснам» және «Худадад» ертегілерін қосты. 1709 жылы Галлан Алепполық маран (христиан жөйіт) Ханна Диябтан «Аладин және Әлибаба» ертегілерін 1001 түнге енгізді. Эдвард Уортли Монтегю (1713-1776) 1763-1765 жылдар аралығында осындай бір көп томдықты алып келді. Ол қазір Оксфордтың Бодлеан кітапханасында сақтаулы. Түркі классицизмнің асыл туындысы – «Мың әфсананың» толық жинағын санскрит тілі арқылы түркі тілінің көнелігін жоққа шығаруға жол ашқан салыстырмалы-тарихи тілтанудың атасы саналатын Сэр Уильям Джонс (ағыл. Sir William Jones: 1746-1794) жоқ қылып жіберген. Бірақ ол араб тілінде жазылғанды жоғалтып алды-мыс делінеді.

«1001 түн» туындысы туралы жер жаһанда түрлі тілдегі, ділдегі, діндегі адамзат баласы қаламынан талай құнды дүниелер жазылды. Мұның мәні не?

– Борхес алаш романдық дәстүрінің қазанының қақпағын ашып берді. Біз соған дайынбыз ба!? Мәселе сонда. «1001 түн» – әлем әдебиетінің даулы жаһұты. Бұл дауға түркі әлемі оның ішінде қазақ пен өзбек әлі араласа қойған жоқ. Түп негізі түркілік (қазір бір ауыздан «Парсының 1000 әпсанасы» делініп жүрген, енді бірде ІХ-Х ғасырда өмір сүрген Масуди Әбу-әл-Хасен Әли ибн Әл-Құсейіннің туындылары негіз болды дейтін) «1001 түннің» Қалмақан Әбдіқадыров аударған нұсқасы Орта Азияның қырғыз бен өзбек тілдеріне аударылған поэтикалық көркемдегі аса жоғары туынды болды. Кейін Ғабит Мүсірепов түрткі болып Қалтай Мұхамеджанов орыс тіліндегі 8 томдық академиялық басылымы бойынша «1001 түнді» 1990 жылы толық аударып шыққан еді. Жарық көруі ұзаққа созылды. Оның ішінен іріктеп алған таңдамалы ертегілерінің С.Оспан алғысөзін жазған электронды нұсқасын madenimura.kz сайтынан оқи аласыздар.

Атамыз бұны айта алмай кетті. Өйткені, еуротекті араб әлемінде «1001 түні» дейтін туынды болған емес.

Ал «1001 түннің» Қалмақан Әбдіқадыров аударған нұсқасы делінетін Орта Азияның қырғыз бен өзбек тілдеріне аударылған поэтикалық көркемдегі аса жоғары нұсқасы төңірегінде не айтасыз?

– Біріншіден, Қалмақан Әбдіқадыровқа дейін Орта Азия мен Ресей империясы құрамындағы түркі халықтары арасында шағатайланған қазақ тілінде қисса-дастандар кең тарады. Оны жазған қазақ халықтық романдық дәстүрін өмірге әкелген «кітәби ақындар» еді. Қазір шартты түрде 20 миллонға жуық тиражбен тараған қазақ халықтық романның желкесін кирилл жазуын енгізген қызыл империя қияды. Екіншіден, бұрын қазақ шағатайын және түркіленген тәжік шағатайын оқи алатын халықтық романдық дәстүрі жоқ қолдан жасалған қос ұлт қырғыз бен өзбек өздерінің КСРО жасап берген ана тілі мен жазба тілінен көз жазып, тағы да қазақ тілінің бестселлерлік экспанциясына ұшырамауы үшін «1001 түннің» Қалмақан Әбдіқадыров аударған нұсқасы делінетін туынды аталған жасанды тілдерге аударылды. Үшіншіден, «1001 түн» – Қалмақан Әбдіқадыровтың төл туындысы. Атамыз бұны айта алмай кетті. Өйткені, еуротекті араб әлемінде «1001 түні» дейтін туынды болған емес. Оны еркін ой толғам арқылы жаңа түркілік нұсқасынан қазақша жазып шыққан Қалмақан Әбдіқадыров болды. Қазақша «1001 түн» – авторлық жазба ертегі. Бұған дейін ол 1870-1928 жылдар аралығында романдық дәстүрдегі қисса-дастан түрінде «кітаби ақындарымыз» тарапынан әдеби процесте орын алды.

Әлем әдебиетіндегі реализм мен сюрреализм араласқан әдеби бағыттық ала-құлалыққа «сана ағымы» тарихи жосықта, мәдени тұрғыда «Кім кімге ұстаз!?» деген сауалды тудырады. Оған жауап беру – азат елдің озық ойлы әдебиеттануының қастерлі борышы, бостан ойлы милет ғалымдарының абыройлы міндеті. Осы орайда біз нені ескермей кеттік?

– Прозагерлеріміз алаштық шындықты «адамиландырады», белгілі бір идеологиялық ұстанымды бізге тықпаламай қайта өмірді қаз-қалпында беруге тырасады. Роман тілінің шұрайлығымен, ол – «лирик» емес, ұлттық мотивтерді психологиялық үрей-қорқынышқа толтырғанымен де, ол – «мистик» емес, тек көнеден тамыр тартқан бірақ қазақ әдебиетінде үзіліп қалған «Ғұмарлық шежірешілікті» жалғастырушыға айналады. Алаш классикалық романы «Оғызсойды» еуропалықтар иеленіп кетті. Енді осы үрдіс қазір қазақ романының бағына кері бағытта өрістеп жатыр. Оған Павичтің, Борхестің жазу мәнері мен туындыларындағы түркілік шығармашылық бастау көз куә. Ендігі жерде қазақ қаламгерлері өздерін ұлттық тар аядағы «романистер» емес, әлемдік деңгейдегі «сөз зергерлеріміз» деп айта алады. Тек бір ғана кінәрат қазақ әдебиеттануы оларды әлемдік деңгейде қарастыруға бел шешіп кірісе алмай жатыр. Оған бар кедергі – еуропалық әдебиеттанушылардың «ұлы кітап» деген тізімі. Онда кім жоқ дейсің – плагиатор Шекспир, ислам дініне түк қатысы жоқ «Данте» т.с.с.с. Ал қазіргі ислам әлемі өзге өркениетпен жаһандасу үстінде. Осы процеске атсалысушы түркі-араб және парсы зерттеушілері христиан әлемінің «данышпан» жазушы деп танылатындарын мойындай ма екен!? Бұл – енді өз алдына жеке әңгіме.

Әдебиеттанушылар көне сүрлеуден аяғын қия басуға тартыншақтауда.

Қазақ «романдық санасы» мен «поэзиялық санасы» – екі бөлек дүние деген пікірді қолдайды екенсіз. Неліктен?

– Қаламгердің әдеби текті таңдауына қарай: ақын мен жазушы әм драмашы деп бөлінушілігі кейбірде ескерілмей қалады. Қазақ драмасы – ешкім әлі ен салып, ешкім меншіктеп ғылыми қазығын қақпаған белгісіз де, беймәлім әлем. Ол жасыратыны жоқ, Рымғали Нұрғалидан бастап тек эстетикалық жапсарда ғана қарастырылып келеді. Әдебиеттанушылар көне сүрлеуден аяғын қия басуға тартыншақтауда. Себебі, кеңестік қазақ эстетиктерінен бір ауыз мысал келтірмесе, бастары пәлеге қалады. Елге жеккөрінішті болғанша, бұл әдебиеттану саласында ештеңе жазбаған оңды. Тіпті, ең дұрысы да сол. Романның кез келген жерінен аяқтала алушылық қазақ әдебиетінде бой көрсеткен қаламгерлік шеберліктің көрінісі. Біз бұны Бахтиншелесек, роман аяқталмайтын бүгінгіге арналады да, түгесілмейтін алаш тағдырын шытырмандық және жанрлық әм стильдік сан алуандықпен қазақ романистері бізге не жайып салады, не мықты болсаң «Ең Бастысын, Ең Негізгісін, Ең мәндісін» танып ал деп мәтіндік жасырынбақ ойнайды.

Қазіргі қазақ жазушылардың ішінен кімнің шығармалары ерекше?

– Асқар Алтай бастап, Дәурен қуат аяқтайтын «Жоғалған буын» прозагерлерінің жазылу стиліне дұрыстап зер салатын болсақ, стилистиканың стильдер алмасуының сюжеттік-комозициялық тәсіліне куә боламыз. Қазіргі дейміз-ау, осыдан 10-15 жыл бұрынғы, яғни 2000-2005 жылдардың бедеріндегі жұртшылыққа шоқтықты туындыларын ұсынған қазақ романистерінің жазу мәнері одан 10-15 жылғы бұрынғы, яғни, 1985-1999 жылдары әдеби процестегі әдеби орта мен әдеби сын төбеге көтерген туындылардан мүлдем бөлектеніп қана емес, тіптен, оқшауланып тұратындығын қазақ романының сюжеттік-комозициялық құрылымына өзіндік өрнегі мен зерін сала білген «сана ағымы» стилистикалық тәсілінен аңғарамыз. «Сана ағымы» хикаят (повесть) пен әфсеният (роман) жанрында Асқар Алтай мен Нұржан Қуантайұлы т.б. шығармашылықтарында төбе көрсеткенін нақты мысалдармен беруге де болды. Бірақ біз аталған «жоғалған буынның» танымал милети классиктері жайында емес, солардың ішінде бірінші болып әулети әфсеният (роман-сага) жанрында реалистік магизмді «сана ағымы» стилистикалық тәсілімен қолдана отырып, бас кейіпкердің «түс көру» мотивін жаңа қырынан берудің тың әдеби тәсіліне Әділбек Ыбрайымұлында жолығамыз. Бұның түркі шығармашылық процесінде үзіліп қалуына кінәлі біз емеспіз, бұған түркілердің тарихи ұстаздығын жоқ қылуды мақсұт еткен иезуит ғалымдар кінәлі. Оны тарихшылар гуманитарлық алаш ғылымында енді-енді ауызға ала бастады. Әдеби процестегі көрініс беруі «жоғалған буын» қаламгерлерінің еншісіне тиіп отыр. Тасқа басылған хаты арқылы ұлтының рухани-мәдени жұмық көзін ашып, христиан әлемі бір кездері мүлдем бітеп тастаған прозалық бастау көзге жетелеген «Жоғалған буынның» белді өкілдері.

Борхес бүкіл әлемдік құндылықты ислам және басқа діндерді шетке ысырып, таза католиктік жапсарда әлемге прозамен насихаттаудың соны үлгісін енгізді.

Ағаларға нені айтқызбады, інілер нені айтқысы келмейді?

– Қазақ романы мен қазақ прозасының мың жылдық даму процесінің тарихын, әрине. Біздің проза – теңдесіз жетістіктерге қол жеткізген проза, бірақ оны әдебиеттанудың әлемдік процесімен байланыстыруға құлқымыз жоққа тән. Бұдан тек түркі әлемі ғана емес, қытай, үнді, жапон және араб-парсы әдебиеттануы да жапа шегуде. Рухани-мәдени отарланған елдердің әдебиеттануы отаршы католиктердің христиандық дүниетанымда жазылған жалған теорияларының шекпеніне сыймауда. Оны Батыс ескергісі келмейді. Егер жаһандану орын алып жатқан болса, түркі әлемі ғана емес, қытай, үнді, жапон және араб-парсы өркениеті де өзіндік әдеби үрдісін әлемге танытуы керек қой. Милорад Павич «Хазар сөздігі» романымен үш діндік ұстанымды (ислам, христиан және жөйіттік) түркіні мәдени-рухани орға жыға отырып, сербтердің Осман түркілеріне кеткен есесін қайтарушылықпен әлемдік әдебиет айдынында қалай танытуға болатындығын алға тартты. Әдебиеттанушылар Павич туындысын постмодерндік шығарма деп атай салды. Ал Борхес бүкіл әлемдік құндылықты ислам және басқа діндерді шетке ысырып, таза католиктік жапсарда әлемге прозамен насихаттаудың соны үлгісін енгізді. Ал, исламды алға шығарып, басқа діндерді шетке ысырған қазақ прозасындағы 1970-1990 жылдардағы модерндік үрдісті, 1990-2010 жылдар арасындағы готизмді елемей отырмыз. Түркілік дүниетанымдағы исламды алға шығарып, басқа діндерді шетке ысырған қазақ прозасындағы қос тұлға Рамазан Тоқтаров пен Мырзабек Төлегенұлы Дүйсеновтің шығармашылықтары Борхестің жазу мәнерін (тарихи-жорамалдық ғылыми реализмді) қазақ топырағында өркен жайдыруымен құнды. Мырзабек Дүйсенов «Біз күн перзентіміз» туындысы ғылыми реализмнің Абайдан кейінгі қазақ әдебиетіндегі зор белесі болды. Бір сөзбен айтқанда Томас Манның Рағбузиден ұрлаған прозалық шатпағын басқа қырынан жұртқа ұсынған Борхес «Мың бір түннің» авторы француз жөйітті Жан Антуан Галланның ХХ ғасырдағы ізбасары болды. Павич Милорадты ХХ ғасырдағы Христиан әлемі магиялық реализм мен постмодернизмнің ірі өкілі деп таныды. Испания мен Францияда оны «21 ғасырдағы бірінші кітаптың авторы» деп санаса, Австрия сыншылары «еуропа модерндік штабының басшысы» деп қолпаштады. Ал ешкімді менсінбейтін Англия оны «Ғұмармен парапар келетін хикаятшы» атандырды. Бізде одан кем туынды жазбаған Рамазан Тоқтаров пен Мырзабек Дүйсеновтерден кейін әдеби процеске келіп, «Ұяластар» сынды романын ұлтына сыйлаған Әділбек Ыбырайымұлы өз бабасы «Ғұмармен парапар келетін түркі әлемінің хикаятшысы» екенін дәлелдеуімізге кім кедергі. Ешкім де... Ендеше, өнердің әділхаят суымен хамсаны тірілткен Әділбектің жаңашылдығы ұлттық дәргейдегі ғылыми мақтауға да, әлемдік деңгейде мәдени-рухани бағалауға да тұрады.

(жалғасы бар)

Сұхбаттасқан: Біржан АХМЕР

Бөлісу:

Көп оқылғандар