Фаина Раневская. Жалғыздық – үйіңде телефон тұрып, сағаттың шырылдауы

Бөлісу:

17.10.2019 4083

Пластикалық операция жасатқаннан не пайда?! Сыртын жаңартасың, ал кәріз құбыры бәрі бір ескі!

***

Нақұрыстар мен сайқымазақтарды өміріңізден аластап отырыңыз. Цирк гастрольге шығып тұруы керек.

***

Әйел еркектен кейін өледі, өйткені үнемі кешігіп жүреді.

***

Оптимизм дегенің – ақпараттың жетіспеуі.

***

Миллион табынушың бар, бірақ аптекаға барып келетін ешкім жоқ.

***

Бет-пошымын айтып шағымданатындар көп те, ақылын алымсынбайтындар – жоқ.

***

Егер біреу саған қастық жасаса – сен оған кәмпит бер. Ол саған қастық – сен оған кәмпит. Сөйтіп ол қаскөй неме қант диабетіне шалдыққанша жалғастыра бер.

***

Ұмытшақтықты емдей алмайсың, бірақ оны ұмытып кетуге болады.

***

Диета, сараң еркек, салыңқы көңіл-күйге ысырап етердей өмір онша ұзақ та емес.

***

Нашар фильмге түсу – мәңгіліктің бетіне түкіргенмен бірдей!

***

Денсаулық деген – күнде бір жеріңіздің сырқырауы.

***

Қызыл кітапқа кірген жануарлар аз да, дәмді, пайдалы тағам туралы Кітапқа енгендері – өте көп.

***

Биязы, тәрбиелі оңбағаннан, «боқауыз» жақсы адам болған артық.

***

Тіпті жалт-жұлт еткен тауыстың құйрығынан да кәдімгі тауықтың көтенін көруге болады.

***

Жалғыздық – үйіңде телефон тұрып, сағаттың шырылдауы.

***

Ең қиын шаруаны таңғы асқа дейін тындырамын. Төсектен тұрамын.

***

Семіз әйел болмайды, тар киім болады.

***

Раневскаядан: «Сіздіңше қайсысы адал: сары шашты әйел ме, қара шаштылар ма?» - деп сұрапты. Сонда ол: «Ақ шаштылары», - деген екен.

 

Аударған: Нұрлан Қабдайұлы

Бөлісу:

Көп оқылғандар