Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру шараларын пысықтауға арналған курстар

Бөлісу:

13.04.2020 3376

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің #ONLAIN-da bol жобасы аясында Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін өңірлік тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, тілдерді оқыту орталықтарының директорларына арналған «Мемлекеттік тілді жетілдіру» тақырыбында онлайн курстарын өткізеді. Онлайн курстар 13-17 сәуір аралығында өтеді. Бес күнге жоспарланған онлайн курстарда келесі мәселелер ортаға салынады:

- қазақ терминдерін қалыптастыру, сараптамадан өткізу, қазіргі ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланып терминдер нұсқаларын талқылауға қашықтан қатысу, қолданысқа енгізу;

- белгілі бір себептермен қазақ тілін меңгермеген ересек азаматтарды қазақ тілін оқыту үдерісінде қазақ тілін меңгеру деңгейлерін бағалаудың ҚАЗТЕСТ жүйесін пайдаланудағы жаңалықтар, өзгерістер мен қолданысқа енгізу мәселелері;

- қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру үдерісінің ғылыми негіздемелері мен ғылыми-ұйымдастырушылық міндеттерін іске асыру жолдары, Орфографиялық жұмыс тобының шешімдері;

- Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін өңірлерде іске асырудағы негізгі индикаторлар түсіндірмесі, индикаторларға қол жеткізу жолдары, латын графикасына көшу үдерісі, жаңа бағдарламадағы басымдықтар;

- Қазақ тілін үйренуге ынталы азаматтарға қазақ тілін оқытуда машиналық оқыту немесе жасанды интеллект технологиясы арқылы тілді үйретуге арналған жаңа порталды пайдалану жолдары, портал арқылы бірегей жүйе қалыптастыру тетігі, қазақ тілін үйренуге тиімді технологиялар.

Курстар барысында тыңдаушылар жаңа мемлекеттік бағдарламаның міндеттерін өңірлерде іске асыру бойынша өзекті сұрақтардың жауабын алады. Сонымен қатар, күнделікті тұрмыста, әлеуметтік салаларда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту тетіктерін жетілдіру жолдарымен танысады.

Курс Facebook әлеметтік желісінің ONLINE-da bol парақшасында әр күн сайын 11:00-12:00 аралығында тікелей эфирде жүргізіледі.

Еске сала кетейік, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында өңірлік тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері, оқытушылары, магистранттар мен докторанттарға арналған «Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі» тақырыбында 10 күндік онлайн курстар өткізген еді. Кезекті онлайн курстар осы дәстүрдің жалғасы іспетті болғалы тұр.

https://drive.google.com/open?id=1XOnU_kqw0gu24ae0 сілтемесі арқылы онлайн курстың бағдарамасын жүктеуге болады.

Бөлісу:

Көп оқылғандар