Онлайн мүшәйра жеңімпаздары анықталды

Бөлісу:

11.05.2020 6899

Өскемен қаласы әкімдігі, Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында және қазіргі қоғамдық ахуалда халық рухын көтеру мақсатында жарияланған «Өлең – сөздің патшасы» атты Республикалық онлайн мүшәйраның қорытындысы.

«Өлең – сөздің патшасы» атты жас ақындардың Республикалық онлайн мүшәйрасына өлеңдер 15 сәуір – 5 мамыр аралығында қабылданды. Мүшәйраға 18 бен 35 жас аралығындағы 130-дан астам жас ақыннан өлеңдер келіп түсті.

Мүшәйраға қазылық еткен ақын, әдебиеттанушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жанат Әскербекқызы Аймұхамбет; ақын, Ақтөбе облыстық газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе облысы филиалының басшысы Бауыржан Бабажанұлы Өтеулиев; ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Түркістан облысы филиалының басшысы,Төлеген Айбергенов сыйлығының иегері Әлібек Шегебай; ақын, Махамбет сыйлығының иегері Бақытгүл Бабаш; ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин.

Жас буынның таланты мен талғамын, поэтикалық қарымы мен қуатын танытатындай бір дүбірлі доданы көрдік десек болады. Есімдері танылып, өлеңдері қазақ поэзиясының көңіл қуантарлық туындысына айналып үлгірген сақа ақындар мен поэзия бәйгесіне келіп қосылған жас ақындардың жырларына қуандық. Жаңа есімдер жарқырап көрінсе екен, қазақ поэзиясынан өз орындарын алып үлгерген ақындарымыз іздерін басып, өздерін өкшелеп келе жатқан буынның тынысын сезіп, өлең сөздің өлмейтініне бек сенімді болсын деген ниетпен жастардың «ішіндегі жастарына» барынша қолдау білдіруді мақсат еттік.

Қазылар ақылдаса келе, төмендегідей қорытынды шығарды:

Бірінші орын: Дәурен Тілеухан (700 мың)

Екінші орын : Ерболат Қуатбек, Тасқын Болатұлы (әрқайсысы 500 мыңнан)

Үшінші орын: Айнұр Төлеу, Біржан Ахмер, Қуаныш Еркінұлы (әрқайсысы 300 мыңнан)

АРНАУЛЫ СЫЙЛЫҚ:

Нұрлан Мәукенұлы атындағы сыйлық – Мирас Асан (200 мың)

Бауыржан Үсенов атындағы сыйлық – Мерей Қарт (200 мың)

Аманхан Әлімұлы атындағы сыйлық – Асылбек Жаңбырбай (200 мың)

Серік Ғабдуллин атындағы сыйлық – Бауыржан Әлқожа (200 мың)

Ғалым Байбатыров атындағы сыйлық – Жанат Жаңқашұлы (200 мың)

Хамит Балшабеков атындағы сыйлық – Рауан Қабиолдин (200 мың)

Жас ақындар, сендерге сәттілік серік болсын, өлеңнің еңсесін биіктете беріңдер! Ұлы Абай рухы қолдасын!

Бөлісу:

Көп оқылғандар