«Монодрама» байқауына қатысыңыз!
Бөлісу:
М. Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры Республикалық «МОНОДРАМА» байқауына пьесалар қабылдауды жалғастыруда.
1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- қазақстандық авторларды қолдау;
- театр репертуарын жаңа туындылармен толықтыру;
- жаңа көркемдік кеңістіктердің игерілуіне жол ашып, драматургияда жаңа есімдердің пайда болуына және олардың кәсіби өсуіне мүмкіндік тудыру.
2. Байқауды өткізу мерзімі:
- пьесалар 2020 жылдың 1 қыркүйегінен 2021 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады;
- байқау нәтижесі 2021 жылдың 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай жарияланады.
3. Байқаудың өткізілу тәртібі:
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- үздік тарихи монодрама;
- үздік заманауи монодрама;
- үздік инсценировкалық монодрама.
* * *
- байқауға қазіргі театр талабына сай жазылған, бұрын қойылмаған, жарияланбаған, өзге байқауларға қатыспаған жаңа монодрамалар, моноинсценировкалар (автор туралы мәліметтермен және автор суретімен қоса) жолдануы шарт;
- авторлар бірнеше номинацияға қатыса алады, номинацияда көрсетілген әрбір жанрға бір шығарма ғана ұсынылады;
- байқауға ұсынылатын пьесалар компьютерлік 20 беттен аспауы тиіс (шрифт Times NewRoman-14);
- монодрама, моноинсценировкалар teatr_auezov@bk.ru электронды поштасына МОНОДРАМА БАЙҚАУЫНА деген тақырыппен жолдануы шарт;
- байқауға түскен шығармаларды кәсіби мамандардан тұратын Сарапшылар кеңесі сараптайды.
4. Байқау қорытындылары бойынша:
- үздік деп танылған бір монопьеса не моноинсценировка театр репертуарына алынып, сахналанады;
- көркемдік тұрғыдан сараптан өткен бірнеше туынды көрермендер назарына телеспектакль түрінде ұсынылады;
- сонымен қатар сәтті деп танылған кей монопьесаларды режиссерлік, актерлік лабораторияларда оқу, сондай-ақ жеке жұмыстар түрінде қою ұйымдастырылады.
Ескерту: Театрдың пьесаны сахналау (түсірім жасау) барысында редакциялау, өзгеріске ұшырату (автор келісімімен) құқығы бар.
Анықтама үшін: 8 (7273) 78-54-00 Қабылдау бөлмесі
Бөлісу: