«Атамұра» көрмесінен фоторепортаж

Бөлісу:

25.03.2021 3179

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, II дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, атақты коллекционер Төре Азат Әкімбектің «Атамұра» атты көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Көрменің мақсаты – қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын, қолөнерін, салт-дәстүрін бейнелейтін көне жәдігерлерді кеңінен насихаттау.

Төре Азат Әкімбек – атақты коллекционер, әдебиет және өнер саласында көптеген беделді марапаттардың лауреты және жеңімпазы. «Атамұра» атты көрмесінде алғаш рет төрт бірдей коллекциясын ұсынып отыр:

1. ХІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ ұлттық өнері;

2. ХҮІ – ХІХ ғасырлардағы Орта Азия өңірінің араб, парсы, шағатай тілдеріндегі ескі қолжазба жинақтары;

3. 1910-1970 жылдардағы Н. Дубовской, Н. Хлудов, Ә. Қастеев, С. Чуйков, Ж. Шарденов, С. Айтбаев, С. Сидоркин сынды танымал Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан суретшілерінің туындылары;

4. Верный-Алматы қаласының 1887 жылдан бастап 1963 жылға дейінгі тыныс-тіршілігін, архитектурасын бейнелейтін суреттер коллекциясы.

Азат Әкімбектің бай коллекциясында қазақ халқының мәдени мұрасын, рухани байлығын, ұлттық философиялық дүниетанымын баяндайтын құнды жәдігерлер баршылық.

Коллекционердің ҚР Ұлттық музейінде алғаш рет ұйымдастырылып жатқан бұл көрмесі тамыры тереңде жатқан қазақтың дәстүрлі өнерімен, ХХ ғасырдың көрнекті суретшілерінің туындыларымен терең танысуға, бұрынғы Алматының фотосуреттерін тамашалауға мүмкіндік береді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар